Сурет 19.2. Өзқосынды әмірі

 

Ол үшін:

1. Қосындысын шығару қажет ұяшықтардың барлығын бөлектеп алыңыз.

2. Стандартты құралдар үстеліндегі Өзқосынды батырмасын басыңыз.

3. Нәтижесі осы жолдағы немесе бағандағы ең жақын тұрған бос ұяшықта жазылады.

Басқа амалдарды таңдау үшін:

1. Амал жүргізілетін ұяшықтардың барлығын бөлектеп алыңыз.

2. Стандартты құралдар үстеліндегі Өзқосынды батырмасының тұсындағы таңбашасын шертіңіз.

3. Қажетті амалды таңдаңыз.

4. Нәтижесі ең жақын тұрған бос ұяшықта жазылады.