Сурет 19.4. Sin үшін формулалар панелі

ЕГЕР(ЕСЛИ) функциясы Функциялар шебері терезесінің "Логика-лық" категориялар құрамында. Оның формула ретінде ағымдық ұяшыққа енгізілу форматы: =ЕСЛИ (<логикалық өрнек>; <1-мән>; <2-мән>).Мұндағы логикалық өрнек < (кіші, > (үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең), = (тең) салыстыру белгілерін пайдаланып жазылатын шарт (салыстыру операторы). Мысалы, Е4>=20(бұл Е4 ұяшығының ішіндегі санның 20-дан үлкен не тең болу шарты); <1-мән> — шарт орындалған (ақиқат) кездегі мән; <2-мән>— шарт орындалмаған (жалған) кездегі мән.

2-мысал. Мектеп бітірген оқушылардың жоғары оқу орнына тестілік емтихан тапсыруы кезінде алған ұпайлары электрондық кесте түрінде дайындалған. "35 ұпайдан артық жинаған талапкер автоматты түрде студент қатарына алынады, қалғандары конкурсқа түседі" — сөйлемін С бағанына енгізу керек.