Сурет 21.3. Толтырылған деректер базасы

 

Өрiстердiң орындарын ауыстыру сол өрiстi белгiлеп алып, керек жерге қоюмен шектеледi. Мысалы, көлем өрiсiн халық саны өрiсiнiң алдына апару үшiн көлем өрiсiн манипулятормен шертiп белгiлеп алыңыз да, жiбермей халық санының алдына жылжытыңыз.

Карта өрiсiне төменгiдей алгоритм қолданамыз:

- карта жолына курсорды қоямыз;

- негiзгi меню жолынан вставка-объект арқылы MS Clip Gallery пунктiндегi қажет суреттi таңдап, вставить бұйрығын орындаңыз.

Мастер арқылы деректер базасын құру.Конструктор режимiнде қолданушы өзiнiң ерiктi өрiстерiн таңдап құрады. Мастер арқылы жүйенiң “еркi” бойынша құрылады.

Создать - Новая база данных комбинацияларын орындап, ашылған терезеде базаға Евразия1 атын қойып, Создать батырмасын басыңыз. Ашылған Евразия1 терезесiнде Создать арқылы Жаңа кесте ашыңыз. Ашылған терезедегi тiзiмнен Мастер таблиц пунктiн таңдаңыз. Создание таблиц терезесi ашылады. Оның iшiнен Образцы таблиц бөлiгiнен Сотрудники атын таңдаңыз. Образцы полей тiзiмiнен керектi өрiстер аттарын бiртiндеп терiп, келесi Поля новой таблицы бөлiгiне > белгiсi көмегiмен өткiзiңiз. Мына өрiстердi таңдаңыз:

- код сотрудника;

- номер паспорта;

- фамилия;

- страна;

- должность;

- адрес;

- домашний телефон;

- рабочий телефон;

- фотография.

Далее тетiгi арқылы Задайте имя для новой таблицы енгiзу жолына Консул деп ат қойыңыз. Содан кейiн Далее-Непосредственный ввод данных в таблицу-Готово комбинациясын орындаңыз. Пайда болған Консул кестесiн толтырыңыз да жабыңыз. Нәтижесiнде Евразия1 базасында Консул атты кесте құрылды.

Евразия1: база данных терезесiнде Открыть және Конструктор тетiктерiн басып, база мен өрiстер тiзiмiн көрiңiз.

Сонымен екi тәсiлмен: Евразия базасы Конструктор арқылы және Евразия1 базасы Мастер көмегiмен құрылды.

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

 

Вариант бойынша жоғарыда келтiрiлген мысалдарды үлгi ретiнде пайдаланып, деректер қорын құру керек.

 

Вариант-тары Алғашқы деректер
Тауар артикулы, тауар аты, тауар бағасы, тауардың өлшем бірлігі
Жұмыскердің табельдік номері, аты-жөні, жұмысқа тұрған күні, тарифтік мөлшері, СТТН, ӘЖК, цех коды
Жұмыскердің табельдік номері, жұмыскердің аты-жөні, жұмыскердің мекен-жайы, туған күні, еңбекақы
Жұмыскердің табельдік номері, жұмыскердің аты-жөні, жұмыскердің туған күні, еңбекақы, цех коды, қызметі, ӘЖК
Тауар артикулы, тауар аты, тауар құны, тауардың өлшем бірлігі, тауар түрі (электроника, парфюмерия…)
Рейс номері, жету пункті, шығу пункті, бағасы
Тағам коды, тағам атауы, бағасы, тағам түрі (ыстық, десерт. . .)
Жұмыскер коды, жұмыскердің аты-жөні, жұмыскердің мекен-жайы, еңбекақы, цех коды
Салық төлеушінің коды, аты-жөні, мекен-жайы, жынысы, СТТН, ӘЖК
Тауар атрикулы, тауар аты, өлшем бірлігі, бағасы, сақтау мерзімі
Тауар коды, тауар аты, өлшем бірлігі, тауар құны, пайдалану мерзімінің аяқталу күні
Оқырман коды, аты-жөні, мекен-жайы, телефоны, жұмыс орны, қызметі
Кітап коды, кітап аты, автордың коды, құны, баспаға шыққан жылы
Фильм коды, фильм аты, шыққан күні, режиссердің аты-жөні, кассетаның бағасы
Автомобиль номері, иесінің аты-жөні, мекен-жайы, туған жылы, телефоны, жұмысорны, қызметі

 

Лабораториялық жұмыс №22 (1 сағат)

Тақырыбы: «Access-те сұраныстарды құру»

Жұмыстың мақсаты:Access ДББЖ-да сұраныстарды құру

Тапсырма:

1. Алдында құрылған деректер базасын іске қосу

2. Сұраныстар Конструкторы жұмысын активизациялау және сұранысқа кіретін өрістерді анықтау

3. Таңдалынған өрістерге деректердің сұрыпталу ретін орнату

4. Сұранысқа таңдау шартын беру

5. Құрылған сұранысты сақтау

6. Сұраныс Шебері көмегімен сұранысты құру

7. Есеп беруді құру