Теориялық мәлімет

Автоформа көмегімен форма құру. Кесте мен сұраулар құру үшiн жылдам әдiс Автоформа көмегiмен орындалады. Автоформа – қолданушымен диалогта жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн, формалар мастерiнен өзгеше, қосымша сұраулар енгiзбей-ақ форма құру құралы. Автоформаның үш түрi бар:

- баған типтес автоформа;

- лента типтес автоформа;

- кесте типтес автоформа.

Форма құрудың қарапайым процедурасын игеру үшiн олардың сыртқы түрiн көрейiк.

Баған типтес автоформа бiр ғана жазбаны экранда шығарады. OLE типтi өрiстегi сурет бұл режимде толық көрсетiлмейдi. Access құрған базалы форманы редакторлауға болады.

Кесте типтес автоформада жазбалар кесте режимiндегiдей бейнеленедi.

Лента типтес автоформада бiр уақытта өрiстерi жолдар құрайтын бiрнеше жазба бейнеленедi.

Автоформаға форма режимiнде графиктер мен батырмалар қосуға болады. Кесте режимiнде ол мүмкiн емес.

Автоформа құрудың қарапайым екi тәсiлi бар:

1. Деректер базасы терезесiнде Таблицы (немесе Запросы), одан кейiн объектiнi таңдаңыз.

2. Саймандар тақтасында Новый объект тiзiмiнде Автоформа пунктiн белгiлеңiз де қажет автоформа түрiнiң типiн таңдаңыз.