Сурет 23.4. Лента типтес форма.

Формалар конструкторы терезесi.Формалар конструкторы арқылы шақырылатын Форма макетi өзгерiстер енгiзуге болатын терезесi түрiнде болады. Бұл терезеде келесi проектiлеу саймандары бар:

- Формалар конструкторының саймандар тақтасы;

- Формат саймандар тақтасы;

- Панель элементов саймандар тақтасы;

- өрiстер тiзiмi;

- қасиеттер кестесi;

- әртүрлi басқару элементiн құру мастерi.

Фомат (форма/отчет) саймандар тақтасыФормалар конструкторы режимiнде және Конструктор отчетов режимiнде пайда болады. Бұл тақтаның батырмалары форматтау, шрифт түсi мен өлшемiн өзгерту сияқты стандартты функциялар орындайды.

Панель элементов тақтасы Надпись, Поле, Поле со списком,Кнопка, т.с.с. басқару элементтерi орналасқан.

Панель элементов тақтасында экранға шығару үшiн Формалар конструкторы саймандар тақтасындағы аттас батырманы басу керек.

Өрiстер тiзiмi (Список полей) кестенi не сұрау өрiстерiн формада басқару элементтерiмен байланыстыру құралы. Мысалы, аты өрiсi үшiн басқару элементiн құру үшiн Панель элементов тақтасында Полебатырмасын белсендi етiп белгiлеп, содан кейiн Список полей өрiсiнен аты өрiсiн формаға манипулятормен ұстап алып келу керек.

Қасиеттер тiзiмiн ашу үшiн төмендегi әдiстердiң бiрiн қолдануға болады:

- басқару элементiн белгiлеп, Конструктор форм саймандар тақтасында Свойства батырмасын басу арқылы;

- басқару элементiнде оң жақ шертпе арқылы контекстi менюдегi Свойства пунктiн таңдау арқылы;

- Конструктор терезесiнде кез келген объектiде екi рет шерту арқылы.

Қасиеттер тобы.Кез келген басқару элементi үшiн қасиеттер терезесiндегi вкладкалар өзгерiссiз қалады. Олар мынадай категорияларға бөлiнедi:

· Макет. Бұл вкладкада Подпись, Полосы прокрутки, Тип границы сияқты қасиеттер бар. Осы вкладкада көндi белгiлеу тәсiлi, сандардың ондық бөлулерi туралы қасиеттер бар.

· Деректер. Бұл вкладкада форма мен өрiс үшiн алғашқы деректер көрсетiледi. Сонымен қатар Фильтр, Порядок сортировки және Применениефильтров қасиеттерi болады. Өрiстер қасиеттерiн қарау кезiнде басқалардың iшiнде Маска ввода, Значение по умолчанию және Доступ қасиеттерi бар.

· События. Бұл вкладкада басқару элементiне байланысты әртүрлi жағдайлар болады: После обновления, Вход, Выходжәне т.б. Бұл вкладканың қасиеттерi жалпы айтқанда арнайы макроснемесе Visual Basic тiлiнiң кодтарын жiберу үшiн қолданылады.

· Другие. Басқа категорияларға енбеген қасиеттер тiзiмi шығады. Олардың iшiнде Строка меню, Идентификатор справки және т.б. қасиеттер бар.

· Все. Жоғарыда көрсетiлген категориялардың барлық қасиеттерi.

Қасиеттердiң өзгеруi.Басқару элементiнiң қасиеттер тiзiмiнде қасиетiн өзгерту үшiн пернелер тақтасында тек енгiзу жолына жаңа мәтiн енгiзу керек. Оны қасиеттер жолын шерту арқылы бар-жоғын бiлесiз: егер жолдың соңында нәтижесiнде бағыттауыш пайда болса, ашылған тiзiмнен қасиет мәнiн таңдауға болады.

Басқару элементтерiнiң мастерiн шақыру. Панельэлементов тақтасында Басқару элементiнiң бiрiн шерткенде, мысалы, Поле со списком батырмасын формаға енгiзу үшiн немесе оны деректер қоры терезесiнен алып келе жатқанда Access өзiнiң көмекшi құралдарының бiрiн белсендi етедi.

Форманың макетiн өзгерту .Формада басқару элементтерiмен жұмыс iстеу кезiнде кейбiр мiнездемелерiн өзгертуге болады. Мынадай мүмкiншiлiктерi бар:

- форманың қажет өлшемiн келтiру;

- форманың жалпы стилiн өзгерту;

- тақырып, қосымша және колонтитул қосу;

- фон суретiн өзгерту.

Форманың көлденең өлшемiн өзгерту.

1. Конструктордың жоғары сол жақ бұрышында форманың белгiленген аумағында контексi менюдi ашыңыз.

2. Ашылған контекстi менюде Свойства пунктiн таңдаңыз.

3. Макетжолын таңдаңыз.

4. Ширина қасиетi жолында қажет мәндi енгiзiңiз.

Форманың өлшемiн өзгертудiң екi ыңғайлы жолы.Форманың өлшемiн өзгертетiн ыңғайлы тәсiлi бар – форманың оң және төменгi жақ шекараларын тасымалдау арқылы. Ретi былай болады:

1. Форма терезесiн айналдыру жолағы арқылы оның төменгi және оң жақ шетi көрiнетiндей етiп үлкейтiңiз.

2. Көрсеткiштi форманың шекарасының бiрiне қойыңыз (төменгi оң жақ бұрышына).

3. Шекараны қажетiнше созыңыз.

Автоформатты форманың стилiн өзгерту үшiн пайдалану.Дайын формада Автоформат құралдары арқылы стильдi (фон суретiн, түс, шрифт, жазбалар және өрiстер шекарасын) өзгертуге болады:

1. Саймандар тақтасында Формат, ашылған Объект тiзiмiнде Форма белгiлеу.

2. Формалар конструкторының саймандар тақтасында Автоформат батырмасын басыңыз. Аттас диалогтық терезе ашылады.

3. Қажет стильде екi рет шертiңiз.

Тақырып, ескертпелер және колонтитул қосу.Формаға тақырып, ескертпелер, сонымен қатар беттерге жоғарғы және төменгi колонтитулдар қосуға болады.

Тақырып пен ескертпенi экранға, принтерге де шақыруға болады.

Жоғары және төменгi колонтитулдар тек принтерге шығады. Форма режимiнде көрiнбейдi.

Формада тақырып пен ескертпе ауқымы үшiн немесе жоғарғы және төменгi колонтитул үшiн Вид-Заголовок/Примечание формы немесе Колонтитул таңдау керек. Бұларды қосқаннан кейiн кололнтитулдың төменгi шекарасын, тақырып пен ескертпе өлшемiн қажет формаға дейiн созуға болады. Содан кейiн сiз өрiстер, бейнелеулер, мысалы көндi немесе форма атын енгiзуiңiзге болады.

Тақырыпты, ескертпенi немесе колонтитулды алып тастау үшiн Вид-Заголовок/Примечание формы немесе Колонтитул тағы да орындаңыз.

Фонды суреттi қосу.Фонды сурет үшiн суреттi файлдан ала аласыз.

1. Формат саймандар тақтасының Форма басқару элементiн таңдағаннан кейiн ашылған тiзiмнен Элементы управления таңдаңыз.

2. Конструктор Форм саймандар тақтасында Свойства белгiлеңiз.

3. Макет жолында Рисунок қасиетiн белгiлеп, осы қасиет жолын шертiңiз.

4. Фонды сурет болатын суреттiң файлының атын енгiзiңiз немесе оны файлдар арасынан табу үшiн көп нүктенi басыңыз.

5. Егер сiз формада бiрнеше копиясын бiрiне бiрiн орналастырғыңыз келсе, төменiрек орналасқан Мозаичное заполнение қасиетiнде Да деп берiңiз.

6. Конструктор форм саймандар тақтасында Вид батырмасын басып, формаңыздың фонды суретпен қалай көрiнетiнiн көрiңiз.

Фонды суреттi құру үшiн жоғарыда айтқандай мозаика режимiнде iстеуге болады немесе форма өлшемiне орай созуға болады:

1. Форманың қасиеттер тiзiмiн ашыңыз.

2. Макет жолын таңдаңыз.

3. Масштабы рисунка қасиетiне По размеру рамки мәнiн қойыңыз.

4. Фонды суреттi алып тастау үшiн Рисунок қасиет жолын, Delete-Да бұйрығын орындаңыз.

Access-те соңғы өнiм немесе үзiлiссiз формалардың арнайы типi есеп болып табылады. Бұл жұмыста:

- кестеден немесе сұраныстан автоесептер құру;

- есеп мастерi стилiн келтiру;

- соңғы есеп берудi ұйымдастыру үшiн Есептер мастерiн қолдану;

- есеп мастерi көмегiмен құрылған есептi модификациялау сияқты сұрақтарды қарастырамыз.