Форма мен есептiң салыстырмалы шолуы.

1. Есеп формаға қарағанда экранға емес баспаға шығаруға арналған. Экранда есептiң бiр бөлiгi ғана тұруы мүмкiн.

2. Саймандар тақтасындағы басқару элементтерi арқылы формадағыдай сiз есепте берiлген деректердiң мәнiн өзгерте алмайсыз. Есептермен жұмыс кезiнде қолданушы батырмалар, ауыстырғыштар және басқа да басқару элементтерi арқылы деректердi енгiзуге болмайды. Мұндай басқару элементтерiн тiзiмнен мәнiн алу үшiн батырмада Да/нет сияқты жағдайда, жалаушалар мен өрiстер түрiнде қолдануға болады.

3. Есеп кесте режимiнде көрсетiлмейдi. Баспаға шығарар алдынды алдын ала көруге және конструктор режимiнде есептiң макетiн көруге болады.

4. Байланыспаған есеп құруға болады, ол берiлген деректерге сүйенбейдi. Байланыспаған есептер байланысы жоқ деректерде қолданылатын жеке тәуелдi есептерге “контейнер” бола алады.

5. Макет страницы диалогты терезесi есеп үшiн өрiң үстiңгi, астыңғы, сол әне оң жақтарынан минималды мәндер бере алады. Егер есеп беттiң барлық өлшемiн алмаса, онда оң жақ өрiс есептiң макетi арқылы анықталады. Сол жақ өрiстi де өзгертуге болады.

6. Көп бағанды есептерде бағандар саны, бағанның енi және олардың аралары басқару элементтерi және конструктор режимiндегi қасиеттер арқылы емес макет страницы диалогты терезесiнде анықталады.

Сонымен қатар формадағы сияқты көптеген ерекшелiктерi бар:

1. Есептер мастерi үш типтi болады: бiр бағанды, топтасқан және этикетка түрiнде болады және оларды өзгертуге болады.

2. Есептiң бөлiмдерiнiң астыңғы және үстiңгi жақтарында пайда болатын аты, ескертпелер, жоғары және төменгi колонтитулдары болады. Бұл бөлiмдер формадағы бөлiмдер сияқты.

3. Есептiң топтарының бөлiмi формадағыға эквиваленттi болады. әр топқа ат,ескертпе қоюға болады. Айланыспаған графиктердi тақырып пен ескертпелер бөлiмiне, ал байланысқан графиктi топтар бөлiмiнде қоюға болады.

4. Басқару элементтерi Панель элементов тақтасынан әкелiнедi, содан кейiн олардың орны мен өлшемi қойылады.

5. Тәуелдi есептер негiзгi формаға тәуелдi формалардағыдай қосылады.

Access-тегi есептер типтерi:

1. Бiр бағанды есептер;

2. Лента типтi есептер;

3. Көп бағанды есептер;

4. Топтасқан есептер;

5. Этикетка типтi;

6. Байланыспаған есептердегi тәуелдi есептер.

Есептер мастерi көмегiмен соңғы есептi шығару. Ол үшiн:

1. Деректер қоры терезесiнде Отчеты жолы, Создать батырмасы таңдалады да шыққан диалогты терезеде Новый отчет пайда болады.

2. Мастер отчетов пунктiн таңдап, астыңғы жолда қажет кестенi белгiлеп, ашылған мынадай терезеде (23.5. сурет):