Есептiң жазбаларын сұрыптау мен топтау.

1. Есептiң конструкторының саймандар тақтасындағы Сортировка и группировка батырмасын таңдаңыз.

2. Ашылған диалогты терезедегi Поле/выражение бағанында бiрiншi сұрыптайтын өрiстi таңдаңыз.

3. Диалогты терезенiң төменгi жағында орналасқан бөлiгiнде Заголовок группы қасиетiнде Да және Примечание группы қасиетiнде де Да деп өзгертiңiз. Нәтижесiнде осы топтар бойынша сорттау жүргiзiледi.

-Поле/выражение бағанында екiншi өрiстi таңдаңыз.

-Нәтижесiн терезенi жапқанда Да деп жауап берiп көрiңiз.

Егер сорттау мен топтауды алып тастағыңыз келсе, келесi амалдарды орындаңыз:

1. Конструктор режимiнде есептi ашыңыз.

2. Есептiң конструктор режимiнiң саймандар тақтасындағы Сортировка и группировка батырмасын таңдаңыз.

3. Сортировка и группировка диалогты терезесiнде топтау жүргiзiлген өрiс пен және/немесе сұрыптау жүргiзген өрiсте шертiңiз.

4. Delete батырмасын басып, Да деп бекiтiңiз, қайта көрсеңiз, сұрыптау мен топтаудың жойылғанын көресiз.

Сонымен бiрге Access-те есептер құрудың бiрнеше құралдары бар. Атап айтқанда:

- автоесеп;

- пошта наклейкаларын құру мастерi;

- диаграмма мастерi.

Автоесеп - Access-те кесте және сұраныс негiзiнде есеп құратын қарапайым құрал. Мастерге қарағанда тезiрек жұмыс iстейдi. Бұл құралды қолданғанда бар болғаны сұраныс пен кестенiң атауы мен қажет автоесептiң типiн (Создать батырмасы арқылы шыққан төмендегi терезеде): ленталы немесе бағанды ма, таңдау керек болады.