Сурет 23.6. Access-те есептер құрудың бiрнеше құралдары

Access есепке базалы кестенiң немесе сұраныстың өрiстерiн пайдаланады.

Терезеде көрсетiлгендей Автоотчет: в столбец және автоотчет: ленточный жолдарын және төмендегi тiзiмнен қажет кестенi таңдап, қажет автоесептi құрасыз.

Егер сiзге есептi көркемдеудiң стилi ұнамаса, есептi конструктор режимiнде ашыңыз, Автоформатты пайдаланыңыз:

Көпөрiстi кестелер үшiн ленталы автоесептер құру. Ленталы автоесептер аз өрiстi кестелер мен сұраныстар үшiн қолайлы. Егер өрiстер саны көп болса және бетке сыймай жатса, өрiстер тығыздалады, ал атаулары қысқартылады. Олардың өлшемдерiн өзгерту үшiн және өрiстердiң орындарын да ауыстыру үшiн конструктор режимi қолданылады.

Сондықтанда алдын ала қай өрiс керек, таңдап алу керек және сұранысты сол өрiстерге жүргiзу керек, содан кейiн сұраныс негiзiнде есеп құрыңыз. Мұндай кезде есептер мастерiн де қолдануға болады. Бұл мастердiң жұмысы төменде келтiрiледi, ол үшiн алғашқыда бiр не бiрнеше базалы кестеден өрiстер таңдалады.

Пошта наклейкасының мастерi.Пошта наклейкасының мастерi есептi көркемдеп, Avery, EXPE, Herma және Zweckform стандартты форматында баспаға шығаруда қолданылады.

1. Деректер қоры терезесiнде Отчеты, одан кейiн Создать батырмаларын таңдаңыз.

2. Наклейкалар үшiн кесте немесе сұранысты таңдаңыз.

3. Мастердiң бiрiншi терезесiне өту үшiн Почтовые наклейки пунктiн екi рет шертiп таңдаңыз.