Литосфераға антропогендік факторлардың әсері

Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады. Топырақ – зат айналымның маңызды буыны. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі Владимир Владимирович Докучаев топырақты планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. В.В.Докучаев «топырақ – ландшафттың айнасы» деген. Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60% шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн. га жазық жерлер, 185 млн.га жайылым және 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы, 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.

Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр