Биогеохимиялық негізгі көміртегі азот оттегі фосфор кукірт айналымы

Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады.Олар кезектесіп тірі заттан бейорганикалық материяға өтіп отырады.Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді:газдардың айналымы және шөгінді заттар айналымы.Біріншісінде элементтердің негізгі көзі-атмосфера (көміртегі,оттегі,азот)екіншісінде-таулы шөгінді жыныстар(фосфор,күкірт және т.б)болып табылады

Көміртегінің айналымы.фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады.Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп,тыныс алу,ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады Көміртегі циклының ұзақтығы үш-төрт жүз-жылдаққа тең.

Азот айналымы.Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі органикалық заттан алады.Бактериялар ақуыздардың азотын өсімдіктер сіңіре алатын түрге өткізеді.Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды.Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып,топыраққа өткізеді.Көптеген өсімдіктер оладың тамырларында түйнектер түзетін азот-фиксациялаушы бактериялармен симбиоз түзеді.Өлген өсімдіктерден немесе жануарлардың өлекселерінен бактериялардың басқа топтарының іс-әрекеті нәтижесінде бос түрге өтеді де қайтадан атмосфераға қайтады.

Фосфор мен күкірттің зат айналымы.Фосфор мен күкірт тау жыныстарында болады.Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының әсерінен топыраққа өтеді де,оларды өсімдіктер пайдаланады.Редуцент-ағзалардың тіршілік қызметі нәтижесінде олар қайтадан топыпаққа қайтады.Азот пен фосфор қосылыстарының бі бөлігін жауын сулары өзендерге,одан теңіз бен мұхитқа қарай шайып,оны балдырлар қолданады

Оттегінің циклі Жердегі оттегінің циклі шамамен 2000жылда,судың* шамамен 2млн.жылда жүріп өтеді.Бұл заттардың атомдары Жер шарында әр түрлі тірі зат арқылы өткенАтмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп артты.Соңғы600млн.жылда зат айналымдардың жылдамдығы мен сипаты қазіргі кездегі деңгейіне жақындады.