В072900- құрылыс, 5В071100 –Геодезия және картография

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Практикалық қазақ тілі кафедрасы

 

 

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Филология факультетінің деканы

Ш.Қ.Жарқынбекова

________________________

_________________2013 ж.

 

5В072900- құрылыс, 5В071100 –Геодезия және картография

мамандығының(тарының) білім алушылары үшін

(мамандықтың шифры және атауы)

RK(R)Ya 2218, RK (R) Ya 2207

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

 

 

ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК ҚҰРАЛЫ

 

Астан, 2013

Силлабус

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті, филология… 2. Практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті,… 3. Практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Салықжанова Шынар…

Апта

БІРІНШІ САБАҚ

1. Сәулет өнері

Грамматика: Заттың, құбылыстың пайда болу фактісінің берілуі

Сабақтың мақсаты:кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1. Сөздермен танысып, сөйлем құрастырыңыз.

Жобалау, салу, кешен, таңдандыру, күйдірілген кірпіш, сом тас, капитель (колоннаның үстіңгі бөлігі), ордер(колонна тәрізді бағаналардан құралған композиция), ғибадатхана (храм),тоғысу, құрылыс қаңқасы.

2.«Салу» етістігінің түрлі контексте қолданылуына сөйлем жазыңыз.

3. Мәтінді оқыңыз.

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан.

Ніл, , Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді.

Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан елдің бірі – Грекия. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады.

Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған.

 

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

1.Сәулет өнері қандай өнерлердің тоғысқан жері?

2. Сәулет өнерінің қандай стильдері сөз болады?

3. Әр стильдің бір-бірінен айырмашылықтары бар ма?

 

Грамматика:Заттың, құбылыстың пайда болу фактісінің берілуі

(обозначение факта возникновения/исчезновения предмета, явления, состояния)

1-(359)жаттығу. Пайда болу фактісін білдіретін етістіктерге назар аударыңыз. Өзіңіз мысалдар жазыңыз.

Органикалық заттар Күн энергиясының негізінен пайда болады. Лингвистикалық университет шет тілдері институты негізінде құрылды. Бұлт судың булануынан пайда болады. Күлтегін жазуы ІҮ ғасырда пайда болды. Аспанда ай көрінді (появилась). Шахмат ең алғаш Индияда пайда болды (появились). «Білім және ғылым» журналында дельфиндер туралы қызық мақала шықты (появилась). Көптеген ғалымдар тірі материя ең алғаш сулы ортада пайда болды деп санайды. Сәуірдің соңында ағаштарда алғашқы жапырақтар пайда болады.

2-(360)жаттығу. а) Жақша ішіндегі ақпараттарды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіздер. ) Өздеріңіз осыған ұқсас мысалдар жазыңыз.

«Варшава шарты» атауымен белгілі шығыс-еуропа мемлекеттерінің Одағы қашан құрылған? (1955 жыл) Франция қашан республика болған? (1792 жыл). Еуропада шай қашан пайда болды? (ХҮІ ғасыр). Акробатика қашан, қайда пайда болған? (б.э.б. шамамен 2300 жылы, Ежелгі Египет, Грекия, т.б. елдер). Интернет қашан пайда болды? (ХХ ғасыр).

3-(361)жаттығу. Энциклопедияларды пайдалана отырып, осы құрылыммен өзіңіз мәтін жазыңыз.

Назар аударыңыз!

Пайда болу фактісі пайда болу, көріну, құрылу, қалыптасу, орнау (глаголы обозначающие факт возникновения) сияқты етістіктерімен беріледі. Субъектінің (көңіл күйінде, ойында бір нәрсенің пайда болуы пайда болды, ой туды, оянды, орнады, қалыптасты т.б. сияқты етістіктерімен беріледі.

Мысалы: қызығушылық пайда болды, ой туды, сенім пайда болды, үміті оянды, күдік туды /пайда болды, пікір қалыптасты.

 

4-(362)-жаттығу. Диалогты толықтырыңыз. Жауап репликаларында пайда болу (глаголы возникновения) етістіктерін пайдаланыңыз.

Үлгі: - Сен Айжанның бізбен жұмыс істейтініне күдіктенетін сияқтысың?

- Иә, онымен сөйлескеннен кейін менде де бір күдік пайда болды.

 

1. - Греция тарихына қашаннан бастап қызықтың, мектепте ме?

2. - Сіздің баяндамашыдан бір нәрсе сұрағыңыз келді ме?

3. - Жұмысты уақытында тапсыратынымызға сенімдісіз бе?

4. - Жаңа жоба мазмұны бойынша сұрағыңыз, ұсынысыңыз бар ма?

5. - Сіз мына банкке сенімдісіз бе, жоқ әлде күдігіңіз бар ма?

5-жаттығу.Жоғарыда берілген үлгілерге сүйене отырып,мәтіннен нәрсенің пайда болуын білдіретін сөйлемдерді анықтаңыз.

(З.С.Күзекова «Қазақ тілі практикумы» грамматикалық жаттығулар жинағынан 132-133 бет)

 

 


Екінші сабақ. (Мәтіннің жалғасы)

Нотр-Дам соборы

Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицистилі дамыды. Бұл

бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. Шығыс архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 20 ғасырдың басында әлемде құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі блокты, ірі панельді қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.). Инженер металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда болды. 20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді. Италия инженері әрі архитектор армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік тапқырлықпен пайдаланды.

1. Мәтінді оқыңыз.

2.Мәтін тақырыбы не туралы?

3.Мәтіндегі мамандығыңызға қатысты кәсіби сөздердің астын сызыңыз.

4.Мәтіннен нәрсенің пайда болуын білдіретін сөйлемдерді анықтаңыз.

5.Сәулет өнеріне тән қандай стильдерді білесіз?

6.Шығыс стилінің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

7.Сізге сәулет өнерінің қандай стилі ұнайды?

8.Өзіңізге ұнаған сәулет стилінің бір туындысы туралы әңгімелеңіз.

БӨЖ тақырыбы: Шығыс сәулеті

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Сәулет өнерінің даму тарихы туралы айтыңыз.

2. Сәулет өнерінің қандай стильдерін білесіз?

3. Ұлттық сәулет өнері туралы ақпарат дайындаңыз.


Апта

Бірінші сабақ

1. Құрылыс материалдары

Грамматика: Зат есім түрлері.Жалғауды қайталау.

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

Ойтүрткі сұрақтар:

1. Қандай құрылыс материалдарын білесіз?

2. Табиғи күйінде қолданылатын құрылыс материалдырының түрлері бар ма?

3. Жасанды құрылыс материалдарын атаңыз.

Құрылыс материалдары

Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:

§ табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);

§ органикалық (, қарамай, синтетикалық шайыр , т.б.) және бейорганикалық (цемент, гипс, әктас, т.б.) байланыстырғыш материалдар;

§ жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика , бетон , темір – бетон, асбест, цемент, темір және силикаттан жасалған бұйымдар);

§ ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);

Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын материалдар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құрастырыңыз:қиыршық тас(щебня), қарамай, шайыр(смола), шыны,іргетас, жылыту жүйелері, жабын материалдары.

3. Төмендегі сөйлемдерді тиісті қосымшалармен толықтырыңыз.

Мен жақында ... қала... бардым. Қала өте ... . Онда ... ... көптеп салынып жатыр екен. Ғимараттар тым ..., ... . Бұл қалада мен... дос... тұрады. Мен Академия... магистатурасы... оқуға түскенмін. Академия ма... жатақхана... орын берді. Менің дос... пирамида... жанында тұрады. Мен жексенбі күні досым... үй... барамын. Пирамида... жанында үлкен жаңа мешіт салын... . Оған да бар... .

4. Оқытушының көмегімен төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын анықтап, ұғып алыңыз.

Құрылыс индустриясы, өнеркәсіптің қайта дамуы, үлкен белсенділік, құрылыс нысандары, сыртқа шығаратын заттар, ішке кіргізетін заттар, алға басу үстінде, өнімнің құндылығы, шаралар белгілеу.

Екінші сабақ

1. Жаңа сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз, сөйлем құрастырыңыз.

Қамтамасыз ету, ішкі нарық, құрғақ қоспа, саусақпен санарлықтай, сұраныс, алыпсатарлар, тапшы, сең қозғалды, тасымалдау, мәрмәр.

2. Мәтінді оқыңыз.

Құрылыс заттарын қашанғы сырттан тасимыз?

Бүгінде Қазақстан қарқынды құ­ры­­­лыс алаңына айналып отыр. Құры­лыс саласына қажетті материалдардың көбі шеттен тасы­мал­дануда. Отандық өнім жоқ деп айтуға болмас. Дегенмен отан­дық құрылыс материал­дарын өндіретін кәсіп­орын­дардың барлығы өнім өндірсе де, ішкі нарық­ты толық қамтамасыз ете алмайды. Расы – осы. Индус­т­рия және сауда ми­нистр­лігінің мәліметтері бойынша, қа­зақстандық құрылыс компаниялары жыл сайын 900 миллион доллардың құрылыс материал­дарын сырттан әкеледі екен. Ал Статистика агент­ті­гінің мәлі­мет­теріне жүгінсек, құрылыс материалдарын тұ­тынуда им­порт­тың үлесі 50 пайыздан асады екен.
Техника ғылымының докторы Медiрбай Сә­дуақас­ов: «Еліміздегі компаниялардың 90 па­йы­зы шетел­ден әкелiнетiн құрылыс заттарымен жұ­мыс iстеуге мәжбүр. Елімізде құрылыс өнiмдерiн шы­­ға­ратын за­уыт­тар баршылық, бірақ ол зауыттар­дың өнiм­ге қосатын құр­ғақ қоспаларының барлығы шет­­елден әкелiнедi. Сол себептен де құрылыс ма­териалдарының бағасы да қым­бат», – дейді.
Үйдің іргетасын қалау үшін аса қажетті материалдың бірі – цемент. Оны өндіретін өндіріс орындары елімізде сау­сақпен санарлықтай ғана. Жамбыл облысындағы Мың­арал цемент зауыты мен Шымкенттегі цемент зауыты, Састөбе зауыты бар.
Құры­лысқа аса қажетті материалдың бірі – ағаш өнімдері. Еденінен бастап, шатырын жапқанға дейінгі жұмыстарға қажетті ағаш­тарды амалсыз тағы да шеттен тасы­мал­даймыз. Еліміз орман қорымен мақ­тана алмайды.. Сол себептен де осы аса құнды материалды импорттауда Ресей алдыңғы орында. Одан бөлек линолеум, терезе, тұсқағаз, әйнек, шегеге дейін шетелден тасымалданады. Күйген кірпіш, шлако­­блок өндіретін кішігірім өндіріс орындары бар. Бірақ оның өзі де аз.
Отандық өндірушілердің арасында бетон плита шығаратын салада Павлодар қаласындағы «Казстрой-меридиан» ЖШС сияқты бірді-екілі ғана өндіріс орындары бар. Былтыр Шымкентте де шеге шығаратын цех ашылды. Бірақ өнім отандық болғанымен, оны шығаруға атсалысатын технологиялар­дың бәрі шетелдікі. Бетон плитаны немістің технологиясымен шығарса, шегені Қытайдың техникасы жасап шығарады.

Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

А) Мәтінде қандай мәселе туралы айтылады?

Ә) Мәтіндегі кәсіби сөздерді анықтап, астын сызыңыз.

Б) Мәтінде тұрақты тіркестер кездесе ме? Анықтаңыз.

В) Мәтінде сіздің мамандығыңыздан басқа қай саланың терминдері жиі кездеседі.

Г) Еліміздегі құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орны туралы ақпарат дайындаңыз.

4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Ішкі рыноктағы тұтыну, еңбек өнімділігін арттыру, жаңа еңбек орындары, мақсатқа қол жеткізу.

5. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Төмендегі сөйлемді толықтырыңыз.

Қазір елдің әлеуметтік-экономикалық ... жақсарды.

А.тұрмысы

Ә. өмірі

Б. жағдайы

 

2. «Қайта даму» сөзінің синонимі

А. жаңару.

Ә. жақсару

Б. өркендеу

3. Құрылыс өндірісіне қажетті материалдарды көрсетіңіз.

А. жоба, дизайн, зауыт, техника

Ә.ғимарат, цемент, бояу, металл өнімдері

Б. қоспалар, резина, пластмасса бұйымдары, керамика

4. Жіктік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз.

А. қызметтесің

Ә. қызметтессің

Б. қызметтес

5. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібін көрсетіңіз.

Алматы арналған қаласында басқосу болды өндіру мәселесіне жуырда құрылыс материалдарын.

А. 1,2,5, 7,6,3.

Ә. 6,1,3,7,5,2,4.

Б. 6,1,4,3,7,2,5

1.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазір құрылыс индустриясының жайы қалай?

2. Құрылыс материалдары қайдан алынады?

3. Ішке кіргізетін заттар неліктен басым болып отыр?

4. Біздің елімізде құрылыс материалдарын шығару ісімен айналыса ма?

5. Отандық құрылыс материалдары өндірісінің болашағы қалай жоспарланып отыр?

 

БӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстандағы құрылыс өнеркәсібі туралы не білеміз?

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Құрылыс материалдарының түрлері туралы айтыңыз.

2. Заманауи құрылыс материалдарының ерекшеліктері мен жасалу технологиясы туралы не білесіз?

3. Отандық құрылыс материалдарының өндірісі туралы мәлімет дайындаңыз.


3 апта

БІРІНШІ САБАҚ

1. Қазақтардың ежелгі баспанасы -киіз үй.

Грамматика: септік жалғауларын қайталау

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1.1.1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өнуі, даму көзі – оның тамыры, адам баласының даму көзі-тілі, діні, салт-дәстүрі. Біз осы уақытқа шейін ғылым мен білімге тек еуропалықтардың көзімен қарап келгенімізге мән бере бермейміз.

Арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ киіз үйдің атқарған рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Сонғы 7 – 8 ғасыр бойына киіз үйге өзгеріс енгізілмей, қазақтар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Киіз үй әлемге белгілі, яғни әлемдегі ең тез құрастырылып, тез жығылатын үй. Және де киіз үйіміз басқа халықтардың үйлерімен салыстырғанда бір де бір шеге пайдаланбай – ақ құрастырылатын үй деп танылады. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ынғайлы, ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасу талапқа сай, жел – дауылға шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келеді.

(Балманова Г.С.)

1.1.2. Жаңа сөздермен танысыңыз.

Ежелгі- Ыңғайлы -

Баспана - ауа алмасу-

Киіз - дауылға шайқалмайды - Ши - күмбез – 1.1.3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Апта

БІРІНШІ САБАҚ

1. Ағашқа ою салу өнерi.

Грамматика: етістіктің өткен шақ категориясы

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1.1.1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Ағашқа ою салу өнерi, әсiресе, солтүстiк аудандардан бастап, бүкiл Қазақстан аумағына кеңiнен таралған. Стилистикалық тұрғыда ол қазақтың халықтық қолөнерiнiң басқа да барлық түрлерiмен, ең бастысы, киiзден және былғарыдан оюлап көркем бұйымдар жасаумен тығыз байланысты. Киiзден оюлап жасалған дүниелер, өрмелер мен тоқымалар кестелеу және халық өнерiнiң басқа да түрлерi тәрiздi ою-өрнек салынған ағаш бұйымдары киiз үй жиһазының сәнiн келтiрiп, үйге қажеттi тұтыну аспаптарын толықтырған, сөйтiп, өнер туындысына айналған. Қазақтардың ағашты өңдеп, пайдалануы ең алдымен, оның көшпендi өмiр салтының қажетiн өтеуге байланысты болған. Киiз үйдiң сүйегi мен есiгі, босағасы, керегесi ағаштан жасалған. Киiз үйдiң сүйегiне әдетте ою салынбаған, ал есiк пен жиналмалы босағаларға ою ойылып, олар түрлi бояулармен әшекейленiп отырған. Кейде, әсiресе, салтанатты ордалардың ағаштары сүйекпен, алтын, күмiс, мыс-жезбен оюлап безендiрiлген. Көшпендi өмiр салтына қарамастан қазақтардың ағаштан жасалған үй жиһазы болған, мысалы төсек, сандық, адалбақан, кебеже т.с.с.

1.1.2. Жаңа сөздер және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Ағашқа ою салу- көркем бұйымдар-

өнер- өрмелер -

халықтық қолөнерi- тоқымалар-

өнер туындысы- ағашты өңдеу-

 

1.1.3. Не істейді? деген сұраққа жауап беретін етістіктерді жазыңыз.

Ағашты өңдеп ______________________________________________ ___________________________________________________________

 

1.1.4 Асты сызылған етістіктерге бұрынғы өткен шақ жұрнақтарын жалғап жазыңыз.

Қазақ шеберлерi көбiне қаптамалы өрнектеудi қолдан.... Аса қымбат бағалы дүниелердi жасағанда сүйекке алтын-күмiс жапсырмаларын қосып безендiретiн бол.... Сүйекшi шеберлердiң еңбегi өте жоғары бағалан.... Қазақ шеберлерi қайыңның қатты безiнен қымыз iшетiн тостаған, саптаяқтар ой.... Қымыз құятын ожаулардың өзi де әр алуан қалыпта жасал.... Салтанатқа ұсталатын ыдыс-аяқтарға күмiстелген өрнектермен қоса iрi асыл тастар салынып зерленетiн бол.... Ою салынған дүниелермен қатар станокта жонылған ыдыс-аяқтар кеңiнен қолданыл....

Екінші сабақ

2. Домбыраның кұрылысы

Грамматика: етістіктің келер шақ категориясы

2.1.1. Мәтінді оқыңыз.

Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).

Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.

2. 1.2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап беріңіз.

2.1.3. Мәтіннен етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.

2.1.4. Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ формасын жасаңыз:

пайдалану, кесу, әзірлеу, бекіту, қолдану, ою.

2.1.5. Мына етістіктерді мақсатты, болжалды, ауыспалы осы шақта жіктеңіз:

орындау, салыстыру, бейнелеу, дайындау.

2.1.6. Мәтінді оқыңыз.

Қазақтың қара домбырасы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қытай қазақтары ұлттық музыкалық аспап – домбыраны Гиннестің рекордтар кітабына тіркеді. Шыңжаң өңіріндегі Толы ауданының 10 мың домбырашысы жексенбі күні бір сәтте қазақ халқының «Кеңес» күйін орындады. Толы аудандық мәдениет мекемесінің бастығы Гүлістан Хамитқызының айтуынша, қара домбыраны рекордтар кітабына тіркеуге дайындық шамамен екі жыл бұрын басталыпты. Аудандық халық өкіметі мұндай бастамаға қолдау көрсеткен. Науқанға аймақтағы ең мықты деген домбырашылар тартылған. Ұйымдастырушылар ақылдаса келе қазақ халқының «Кеңес» күйін таңдап алыпты. Биылғы мамырдың 30-күні қазақтың ұлттық киімін киген 10450 домбырашы аудандық орта мектептің үлкен спорттық алаңына жиналды. Олардың ішінде 28 ұлттың өкілдері болған, әйткенмен дені қазақтар екендігі хабарланып отыр. Ұйымдастырушылар алаңды безендіру, домбырашыларды көркемдеп отырғызу жағына ерекше көңіл бөлген. Таңертең сағат 10-да «Кеңес» күйі орындалды.

- Кері уақыт саналып, бәрі бір сәтте бастады. Дәл сол сәттегі жағдайды тілмен сипаттап жеткізу қиын: домбыраға тағылған үкілердің тербелісі, әуенде қалықтаған саз… Гиннестің рекордтар кітабына тіркеуге келген адамдардың өздері сондай тебірентерлік сәттің куәсі болғандықтарын айтып жатыр. 10 мың домбырашының күй орындау сәтін жоғарыдан қарағанда керемет көріністі тамашалауға болар еді, – дейді Гүлістан Хамитқызы.

«Кеңес» күйі орындалған соң Гиннес рекордтар кітабының өкілдері рекорд тіркелгендігін растайтын куәлікті табыс етті.

Талғат Дүйсенбек

2.1.6. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мәтін не туралы?

2. Қазақ домбырасы Гиннес рекордына қалай енді?

3. Қандай күй орындалды?

4. Күйді орындауға қанша адам қатысты?

БӨЖ:Жоғарыда оқыған мәтінді пайдалана отырып, тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Ағашқа ою салу өнерiтуралыпікіріңіз.

2.Домбыраның құрылысы туралы айтыңыз.

3.Қазақ домбырасының Гиннес рекордына енуі туралы айтыңыз.


Апта

Бірінші сабақ

1. Қазақстанның жер бедері.

Грамматика: Тәуелді септеу.

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1.1.1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қазақстанның жер бедері.

Қазақстанның жер бедері әр қилы. Ол палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерін басынан кешірді. Жер бедері теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник, қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан.

Республиканың орталық бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғары палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырады. Соның салдарынан қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай алқабы мен республиканың солтүстік-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары басып жатыр. Ал оңтүстік-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатыр.

Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңтүстік-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкіністері дәлел.

Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан. Соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды.

 

2. Жаңа сөздермен танысыңыз.

палеографиялық даму –

варийлік (герциндік)

мүжілу

денудациялық жазықтар

шығанақ – залив

құрлық

жер сілкіністері –

мұздықтық аңғарлар

 

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Неліктен Қазақстанның жер бедері әртүрлі?

2. Республиканың орталық бөлігінде жер бедерінің өзгеру жайы жайлы не білесіз?

3. Солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктерінің қандай айырмашылықтары бар?

4. Маңғыстау төңірегіндегі жер жағдайы қандай?

5. Таулы өңрдің жері жайлы не білесіз?

4. Төмендегі жай сөйлемдерді салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз. Олар қандай қатынастарды білдіреді (мезгілдік, мекендік т.б,).

1.Қазақстанның жер бедері әр қилы. Ол палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерін басынан кешірді.

2.Соның салдарынан қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Ал оңтүстік-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатыр.

3.Қазақстанның оңтүстік-шығысында биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкіністері дәлел.

5. Төменде берілген жай және тәуелді септеуді жалғастырып, есіңізге түсіріңіз.

Жай септеу Тәуелді септеу

А. Қазақстанның жер бедері А. Менің елімнің жер бедері

І. Қазақстанның жер бедерінің І. Менің елімнің жер бедерінің

Екінші сабақ

2. Мәтінді оқып, есте сақтаңыз. Өз сөзіңізбен мазмұндап айтыңыз.

Геодезия ғылымы туралы.

 

Геодезия грек сөзінен алынған, ge – жер және dai – бөлемін деген сөздерден тұрады. Жер туралы ғылымның бір саласы. Бұл ғылым жердің пішіні мен мөлшерін зерттейді, жер бетінің жоспары мен картасын салады. Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады.

Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде Ежелгі Египетте, Қытайда, Ежелгі Грекияда пайда болып, дами бастады. Геодезиялық жұмыстардың Ресейде ғылыми жолға қойылуы І Петр кезінде жүзеге асырылды.

Жоғары геодезиялық міндеттерді шешу үшін геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия және ғарыштық геодезия деген жеке пәндер қолданылады.

1) Геодезиялық гравиметрия. Ол жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жердің пішінін зерттейді.

2) Геодезиялық астрономия жердің карталары мен пландарын жерден және әуеден түсірген фотосуіреттер. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер түбінің табиғи қорларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өлшеу әдістерін тталдайды.

3) Ғарыш геодезиясы. Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер бетіндегі нүктелердің арақатынасын зерттейді. Геодезия жер телімдерін түсірсе, картография жер бетінің кескіндерін карталар түрінде жасау әдістері мен процестерін , оларды жасау және көбейту технологиясын зерттейді.

2.1 Төменде берілген сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді табыңыздар. Олар бірыңғай қай мүшелер және қандай сұрақтарға жауап береді?

1. Жер бедері теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник, қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан.

2.Соның салдарынан қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды.

3.Тек қана Торғай алқабы мен республиканың солтүстік-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары басып жатыр.

4. Ал оңтүстік-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатыр.

5.Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды.

6.Соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды.

2.3. Төменде берілген сөздермен мәтіннен тыс сөйлемдер құраңыздар.

Бедер, даму, климат, мүжілу, жазық, шығанақ, алап, қалдық, теңіз, жапсарлас, құрлық, қуаңшылық, қалыптасу, сілкініс, өңір, аңғар.

БӨЖ:Өзіңіздің туған жеріңіз жайлы еске түсіріп, ондағы жер бедерінің ерекшелігі жайлы айтыңыз.

 

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. «Геодезия» қандай сөзден шыққан және қандай мағынаны білдіреді?

2. Геодезия нені зерттейді?

3. Ерте замандағы геодезия ғылымы.

4. Геодезия пәндері.

Апта

Бірінші сабақ

1. Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе?

Грамматика: Мекенді білдіретін грамматика

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1.1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе?

І Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі созылып жатыр. Алтай жер бедерінің құрылысы сатылы келеді. Оның жоталары жұмыр, тік шыңдары оқшауланып, жеке-дара тұрады. Бұл жүйенің орташа биіктігі 2500-3500 м., биік жері – Мұзтау – 4506 м. Алтайдың жағасы – Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр. Қазақстан жеріне Тарбағатай тауының тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай аумағында.

ІІ Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы – Сауыр жотасы. Оның биіктігі – 3816 метр. Бұл жота Алакөл ойысы арқылы Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұзындығы 450 м., ені 100-250 м. Жетісу Алатауы оңтүстігінде Іле ойысымен шектеседі.

ІІІ Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын ірі тау жоталары жатыр. Хантәңірі шыңы – бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы. Солтүстік Тянь-Шаньнің ірі әрі биік тау жотасы – Іле Алатауы., оның ұзындығы 350 км., ең биік шыңы – Талғар шыңы 4951 м.. Қазақстанның оңтүстігінде Қырғыз Алатауының солтүстік беткейі, Талас Алатауы, Қаратау жотасы жатыр. Алдыңғы екеуінің дені (көп жері) Қырғызстанда орналасқан.

ІV Ұсақ шоқылы Сарыарқаның ең биік жері – Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы, биіктігі -1565 м. Таулық жер бедеріне Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы таулары және Шыңғыстау жотасы жатады. Мұғалжар тауы - Орал тау жүйесінің тікелей жалғасы. Маңғыстау таулары 3 жотадан тұрады.

Балқаш-Алакөл ойысы құмды шөл боп келеді. Бұл өңірдегі сазды жазықтар Сарыарқаға ұштасады. Бұл жазықтар Ертіс жазығы мен Есіл жазығынан тұрады.

1.2. Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.

1. Қазақ жері жер бедерінің түрлеріне қарай қандай бөліктерден тұрады?

2. Алтай тау жүйесі жайлы не білесіз?

3. Тарбағатай тау жүйесінің қандай ерекшеліктері бар?

4. Тянь-Шань тауларының құрамы және ол неге жалғасады?

5. Сарыарқа даласындағы таулар мен жоталар, жазықтар жайлы айтыңыз.

Мекенді білдіретін грамматика.

Қазақ тілінде мекенді білдіретін грамматикаға қайда? деген сұраққа жауап беретін мекен үстеулер (жоғары, төмен т.т.), мекен мағыналы көмекші сөздер (астында, үстінде т.т.) және барыс, жатыс жалғаулы зат есімдер (ауылға, қалада) жатады.

Мысалы: Ұшақ бірден жоғары (қайда?) көтерілді.

Үйдің артында (қайда?) бір топ бала ойнап жүр.

Біздің қалада (қайда?) жаңадан цирк ғимараты салынып жатыр.

1.3. Жағдаяттық әңгіме.

А) Алыстан бірге оқыған студент досыңыз келді. Амандасыңыз, өзіңіздің туған қалаңыз, ауылыңыз жайлы хабардар етіңіз.

1.4. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Геодезия нені зерттейді?

А. Тауларды

Ә. Жер бедерін

Б. Өзен-көлдерді

2. Сөйлемді толықтырыңыз.

Шаруашылықтың түрлі салаларында геодезияның ... маңызы зор.

А. ғылыми

Ә. практикалық

Б. үйретуде

3. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібін көрсетіңіз.

Мемлекеттік қызмет қаражаты бюджет мақсаттағы есебінен қаржыландырылады және геодезиялық картографиялық.

А. 1,5,9,8,10,2,4,3,6,7.

Ә. 2,5.7,1,3,6,4,9,8,10.

Б. 10,3,4,2,7,9,1,5,8,6.

4. Сөйлемді аяқтаңыз.

Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес ... .

А. міндеттенбеген

Ә. шығын төлейді

Б. жауапты болады

5. «Жақын» сөзінің антонимі

А. алыс

Ә. Таяу

Б. алыс емес

7. Мақалды аяқтаңыз.

Көрмеген жердің .................

А. ой-шұқыры көп.

Ә. тау-тасы көп

Б. өзен-көлі көп

Екінші сабақ.

2. Қазақстандағы құрылыс

2. 1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қазақстандағы құрылыс

Адамзат өмірінің соңғы он жылдығында экономика мен тұрмыста түрлі технологиялық үдерістер күрт қаулап дамып келеді. Солардың алдыңғы қатарында құрылыс саласы бар. Құрылыстың қарқынды дамуының нәтижесінде жер бетінде жаңа қалалар пайда болып, олардың саны артуда. Сонымен қатар, қалалдардың қарқынды дамуы біздің Қазақстанымызда да аз емес. Мәселен, мұндай құбылыс қазіргі күні Алматы, Астана, Қарағанды мен Теміртау қалаларының бет-бейнелерінен байқалып отыр.

Әлемде құрылыстың қарқынды дамып жатқандықтан, бұл салада жаңа технологияларға негізделген небір жаңа материалдар пайда болуда. Олар тұрпғын үйлер мен ғимараттардың беріктігін нығайтып, сәніне сән қосуда. Ең бастысы, бұрын қиындықпен жүргізілетін күрделі құрылыстар жеңілдеп, олардың өзіндік құны төмендеді.

Міне, осындай жағдайларды қазіргі күні Астана қаласының көріністерінен анық байқаймыз. Бұл қалада бұрын бізідң өңірімізде болмаған небір ғажайып ғимараттар мен сарайлар тұрғызылуда. Тұрғын үйлердің бойлары биіктеп барады. Қазіргі күні 100-120 қабаттық үйлер тұрғызу адамзат қауымына көп қиындыққа түспейтін болды. Тек жобасын талапқа сай дайындап, қажетті материалдарды пайдалана білсеңіз болғаны. Тәуелсіздігімізге ие болғанымызға 20 жыл ғана өткеніне қарамастан, біз бұл салада едәуір тәжірибе жинақтадық деп айта аламыз.

 

2. Жаңа сөздердің аудармасын табыңыз.

Үдеріс – процесс

Күрт (шұғыл) - резко

Қарқынды

Өзіндік құн – себестоимость

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сіз Қазақстанның қай өлкесінде тұрасыз?

1.Сіздің облысыңыз үлкен бе?

2.Сізідң облысыңызда неше адам тұрады?

3. Сіз өз облысыңыздың тарихын білесіз бе?

4. Қазір сіздің облыс орталығыңыз қай қала?

5. Сіздің облысыңыздың орталығғында құрылыс қалай жүріп жатыр?

6. Сіздің облысыңыздың жол құрылысы жайлы не айта аласыз?

5. Жоғарыда берілген мәтіннен мекенді білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін теріп көшіріңіз.

БОӨЖ: «Қандай көркем туған өлкем» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

 

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1) Құрылыс неге байланысты дамуда?

2) Қазақстанда қай қалаларда құрылыс қарқынды дамып жатыр?

3) Жаңа құрылыс матеиалдарының құрылыс үшін қандай пайдасы бар?


Апта

Бірінші сабақ

1. Қазақ архитектурасы

Грамматика: Мезгілге байланысты грамматика.

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1. 1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

 

Қазақ архитектурасы

Қазақ сәулет өнері – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешенін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетикалық көркемдік сипат беру өнерінің ұлттық саласы. Қазақ архитектурасы – материалдық игілікті жасаудың басты саласы. Ол қоғамның өндірістік-экономикалық дамуына, ғылым мен техника жетістіктерімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық–эстетикалық талғамына тығыз байланысты өркендейді.

Қазакстан аумағындағы жекелеген аймақтарды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан өңірін адамдар шелл-ашель дәуірінде (ерте палеолит кезеңі) қоныстана бастады. Ашель-мустье кезеңінде қоныстану аумағы айтарлықтай кеңейді.

Қазақстан жерінде құрылыс салу жоғары палеолит дәуірінде пайда болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыстар аңшылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің іздері сақталып қалды (Орталық Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы тұрақтары).

 

1.2. Жаңа сөздерді біліп алыңыз, олармен сөйлемдер құраңыз.

Материалдық игілік– материальная ценность

Жетістіктермен жарақтану – освоить передовые достижения

өркендейді– процветает

аумақ– территория

аймақ – местность

үңгір – пещера

қоныстану – поселиться

алғашқы қауымдық құрылыстар

ошақ – печь

 

1.3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1) Қазақтың сәулет өнері ұлтымыздың қандай өнерін көрсетеді?

2) Неліктен қазақ архитектурасын материалдық игілік жасаудың басты саласы деген?

3) Қоғам дамуының архитектураға қандай қатысы бар?

4) Архитекторлардың дүниетанымдық-эстетикалық талғамының архитектураға қандай қатысы бар?

5) Адамдар Оңтүстік Қазақстанды қай кезеңде қоныстанды және ол кезде қандай құрылыс болды? Бұған дәлел не?

 

1.4. Еске түсіріңіз.

Мезгілді білдіретін грамматика.

Қазақ тілінде мезгілді білдіретін грамматикаға қашан? деген сұраққа жауап беретін мезгіл үстеулер (ерте, кеш т.т.), мезгіл мағыналы көмекші сөздер (соң, кейін т.т.) және жатыс жалғаулы есімшелі тіркестер (ауылға барғанда, үйге кіргенде) жатады.

Мысалы: Атам бүгін ерте (қашан?) тұрды.

Сабақтан соң (қашан?) кітапханаға бардық.

Біз келгенде (қашан?) сен жоқ екенсің.

 

1.5. Мәтіннен мезгіл мағыналы сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

М: шелл-ашель дәуірінде, ... .

1.6. Өзіңіз тұратын өңірде тарихи ескерткіштер бар ма, бар болса, ол туралы не білесіз? Айтып шығыңыз.

1.7. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Менің туып өскен ауылым өте ертеден келе жатыр, ал, сіздің қалаңыз ше?

2. Біздің қаламызда тарихи ғимараттар көп, ал, сіздерде ше?

3. Астанада керемет жаңа құрылыстар салынып жатыр, ал сіздің облыс орталығында ше?

4. Маған архитектор мамандығы ұнайды, ал сізге ше?

 

Екінші сабақ.

1. Қазақ архитектурасының даму тарихы

1.1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

 

Қазақ архитектурасының даму тарихы

1. Қола дәуіріндегі кешендер тас тақталармен тік бұрышты етіп қоршалады. Кіре берісте галереялар салынды, төбесі бағаналармен жабылды. Б.э.д. 4 ғасырларда құрылыста төбені күмбездеп жабу тәсілі, сондай-ақ оның алуңан түрлері – цилиндр, сопақ, кеспек тәрізді түрлері кеңінен қолданылды.

2 Орта ғасырлардағы кешендердің құрылысы өзгерді. Ежелгі бекініс-қалалар бекініс-үйлерге, одан кейін бекініс қамалдарға айналды. Қамалдардың айналасына немесе бір жағына Орта Азияда шахристан деп аталатын қалалар салынды. Олар бірнеше қорғаныс дуалдармен қоршалды. Шахристанда негізінен діни ғимараттар, базарлар, ақсүйектердің, әкімдердің, ірі қолөнершілер мен саудагерлердің тұрғын үйлері тұрғызылды.

Тараз қазбаларынан ірі діни ғимараттарды әшекейлеуге арналған пішімі алуан түрлі көптеген күйдірілген саз тақталары табылды. Тараз тақталары 5-7 ғасырларда Ақ-Тепедегі (Ташкент түбінде), Пенжикенттегі, Барахшадағы бекініс-үйлерінен табылған архитектуралық нақыштың осындай түрлерімен біртекті.

3. 15-18 ғасырлардағы Қазақстанның далалық аймақтарында салынған діни және мемориалдық ескерткіштер3 негізгі топқа бөлінеді: 1) күмбезді мазарлық; 2) қоршаулар (сағанақ там, төтқұлақ там); 3) қабір үстіндегі ескерткіштер және қабір үстіндегі ұстындар (сыпа, үштас, бестас, қойтас, құлпытас т.т.). Олар мұнаралы, порталды-күмбезді, орталық білікті болып бөлінеді.

4. 30-жылдардың басында Алматы қаласында құрылыс кең өріс алды. Түркістан-Сібір темір жолын салу және республика астанасын Алматыға көшіру қаланың қауырт өсуіне жағдай жасады. 1926-34 жылдары Үкімет үйінің ғимараты, Байланыс үйі, Түрксиб темір жол басқармасы үйі салынды.

 

1.2. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөздіктің көмегімен біліп алыңыз. Олармен сөйлемдер құраңыз.

Кешен, кіре беріс, бекініс, біртекті, күмбез, архитектуралық нақыш, қауырт өсу, мұнаралы.

 

1.3. Төмендегі сөз тіркестерін мезгіл мәнді тіркестерге айналдырып, олармен сөйлемдер құраңыз.

Қола дәуірі, орта ғасыр, ерте заман, 15-18 ғасыр, 30-шы жылдар.

1.4. Сұхбатты толтырыңыз.

- Олжас, қазақтың сәулет өнері жайлы білесің бе?

- -------------------------------------------------------------- .

- Қазақ архитектурасы өз бетінше дамуы неге байланысты деп ойлайсың?

- ----------------------------------------------------------------- .

- Қазақ архитектурасының дамуы кезеңдері жайлы оқыдыңдар ма?

- --------------------------------------------------------------------------- .

- Ол кезеңдер жайлы не білесің?

- --------------------------------------------------------------------------- .

- Сенің туған жеріңдғ тарихи ескерткіштер бар ма?

- ------------------------------------------------------------ .

 

БӨЖ:«Ш.Уәлиханов – ірі ғалым» эссе жазу.

 

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Қазақ архитектурасының даму кезеңі жайлы не айта аласыз?

2. Қола дәуіріндегі кешендер қалай салынатын болған?

3. Орта Азияда Шахристандар қалай орналасқан?

4. Тараз қазбаларынан табылған сазь тақталар қандай нақышқа ұқсайды?

5. 15-18 ғасырлардағы діни-мемориалдық ескерткіштердің қандай түрлері бар?

6. 30-жылдардағы құрылыс жайлы не айта аласыз?


Апта

БІРІНШІ САБАҚ

1.Қ.А. Яссауи кесенесі XIV - XV ғасыр құрылысы.

Грамматика:Зат есім жасайтын жұрнақтар

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1.1.1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қазақстанның ежелгі қаласы Түркістан көбіне көне заманда салынып, біздің заманымызға дейін сақталған тамаша сәулет ескерткіштерімен әйгілі. Соның бірі – XII ғасырда өмір сүрген көне түркі ақыны, Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауидің қабірінің басына Ақсақ темір әмірімен тұрғызылған зәулім ескерткіш. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі - Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер.

Ескерткіш 1396-1404 жылдары салынған. Ахмет Иассауи сәулет ғимараты құрылымдық жағынан және ерекше сәнділігімен көз тартатын аса күрделі туынды. Ғимаратты салуға күйдірілген қыш пайдаланылған, оның сырты бірнеше плиталармен безендірілген. Ғимараттың биіктігі 40 метрге таяу, ені – 46,5 м, ал ұзындығы – 62,5 м.

Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат. Қ.А. Яссауи сәулет ғимараты айқын, дәл әрі үйлесімді жоспармен салынған. Деректерде Әмір Темір кесененің салынуына бұйрық беріп, әрі жобасын жасауға да тікелей қатысқан. Қожа Ахмет Ясауи сәулет ғимараты - аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ені - 46,5м, ұзындығы - 65м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық аркасы - 18,2 м және биіктігі - 37,5м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық бөлмесінің төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Қ.А. Ясауи кесенесі жамағатхана, қабірхана, мешіт, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, асхана, құдықхана және бірнеше құжыра бөлмелерден тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін атқаруға арналған аса күрделі, аса зор кешенді құрылыс болуымен ерекшеленеді.

1.1. Жаңа сөздермен танысыңыз

Сәулет – архитектура әйгілі

Теңдесіз – ескерткіш

Жәдігер – әмір

 

1.2. Берілген синонимдерді пайдаланып, мәтінді мазмұндаңыз.

Ежелгі бұрынғы көне ерекше айрықша өзгеше

Тамаша керемет ғажап сұлу әсем әдемі

әйгілі белгілі даңқты нақ орта дәл орта

әмір бұйрық өкім шаһар қала

зәулім биік асыл металл қымбат металл

 

1.3. Берілген ойды құптаңыз, не құптамаңыз.

1) Ахмет Иассауи сәулет ғимараты ежелгі Отырар қаласындағы ескерткіштердің бірі.

2) Қожа Ахмет Ясауи сәулет ғимараты - аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс.

3) Ол қазақтың ханы Тәуке ханның айтуымен салынды.

4) XII ғасырда өмір сүрген көне түркі ақыны, Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауидің қабірінің басына тұрғызылған зәулім ескерткіш.

Екінші сабақ

2. Тайқазан

2.1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

Тайқазан

Ахмет Иассауи кесенесінің сәулеттi залы, аса құнды материалдық мұра - қазандық. Залдың төбесіне орта Азиядағы ең үлкен күмбез төңкерілген. Тайқазанға 60 шелек су сияды, салмағы екi тонна, диаметрi 2,45 метр.Тайқазан 1399 жылы Түркістан шаһарынан 25 шақырым жердегі Қарлақ деген жерде 7 асыл металдың (темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, қола) қосындысынан жасалған. Оған толтырылған судан жұма намаздан соң, қасиеттi су ретiнде мұсылмандар дәм татқан. Көрші асхана залында пісірілген бидай ботқа осында жиналған мүгедектер мен кедейлерге таратылатын болған. Тайқазан - бiрлiк пен қонақжайлықтың белгiсi.

2.2. Берілген ойды құптаңыз не құптамаңыз.

1. Ескерткіш ХҮ ғасырда салынған.

2. Кесенені әйгілі қолбасшы Ақсақ Темір салдыртыпты.

3. Тайқазан сегіз металдың қосындысынан құйылған.

4. Кесене көне Сайрам қаласында орналасқан.

5. Алып тайқазан Санкт-Петербургтегі Эрмитажда болған.

6. Кесене Орта Азиядағы зәулім, қыштан соғылған ғимарат.

2.3 . Мәтінді оқыңыздар және мазмұндаңыз.

Ахмет Иассауи ғибраты

Ахмет Иассауи - білімпаз-ғалым, ақын, ойшыл, бүкіл түрік жұртының рухани атасы. Ол қазіргі Шымкент облысындағы Сайрамда туып, Қазақстан жерін Үнді, Қытай, Еуропамен байланыстырған Түркістан қаласында тұрды. Ол »Хикметтер» атты кітабын жазған. Бұл кітабы адамдық, ізгілік жолына үндейді. Иассауи сақтандырған бес нәрсе мыналар:

Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол,

Менмен,тәкәппар болма,

Дүние-мүлік үшін арыңды сатпа,

Арамдықтан аулақ бол,

Еріншек болма.

1. «Менмен, тәкаппар» сөздерін орыс тіліне аударыңыз.

2. Сөздердің антонимін табыңыз.

Білімпаз Қашық Арамдық

1.ақылды 1.жақын 1.арсыздық

2.надан 2.алыс 2.адамдық

3.шешен 3.шалғай 3.адалдық

3. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Адамдық жол, жол жүру, жол табу, жолы болу, ұзақ жол,

ақ жол.

4. А. Иассауи сақтандырған бес нәрсе нелер? Артық сөзді

табыңыз.

1. тәкаппарлық

2. арамдық

3. жомарттық

4. арсыздық

5. жалқаулық

БОӨЖ тапсырмасы: Қазақстандағы ежелгі ескерткіш кесенелер

 

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Қ.А. Яссауи кесенесінің құрылысы туралы айтыңыз.

2. Алып тайқазан жайлы не білесіз?

3. Ахмет Иассауи ғибраттарын айтыңыз.

 


Апта

Бірінші сабақ

Шегесіз салынған мешіт

Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі

 

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1. Жаңа сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз, сөйлем құраңыздар.

Тапсырыс, көз тартады, атағы жер жарған, мешіт жобасы, өсімдік іспеттес, кертік (надрез, зарубка)

2. Мәтінді оқыңыз.

Алматы облысындағы ежелгі Жаркент қаласына бара қалсаңыз, өз дәуірінің атақты саудагері Уәлібайдың (халық арасында - Уәли бай) арнайы тапсырыспен салдырған мешіті алыстан көз тартады.

Тарихшылардың зерттеуінше, ХІХ ғасырдың аяғына қарай салынған Жаркент қаласындағы мешіт 130 жыл бойы сақталып тұр. Тарихтан белгілісі, бүгінгі күні еліміздің тарихи әрі мәдени мұрасына айналған бұл мешітті саудагер Уәлібай Ахун Юлдашев сонау 1887- 1892 жылдары халықтан жинаған қаржыға салдырыпты. Бір ерекшелігі, мешіттің сәулеті, құрылымы және әшекейленуіне баса назар аударсаңыз, ғимараттың Қазақстан мен Орта Азияның сәулет-құрылыс өнерінің ең үздік тәсілдері ескеріле отырып салынғандығы айқындала түседі. Тіпті бұл мешітті әдеттегі мешіттерден өзгеше етіп салу мақсатында Уәлібай көршілес Қытайдан осы елдің сол жылдардағы ең мықты сәулетшісі Хон Пикті алдырып, мешіттің жобасын соған арнайы сыздырған екен. Бұған қоса, құрылысты салуға Хасен Иманов, Тайыр Ысмайылов, Насретдин Қары, Әбдіқадыр, Ұшырбақы, Зайнутдин тәрізді құрылысшылармен қатар шебер қолды қытай мамандары да өз үлестерін қосыпты. Нақты дерекке жүгінсек, Уәлібайдың алып мешітін салуға сол жылдарда 1500-ден астам адам жұмылдырылып, ғимарат бес жылға жетер-жетпес уақытта бой көтерген.

Уәлібай мешітінің жалпы көлеміне келсек, оның ұзындығы - 54,4 метр, ені - 29 метр, ал биіктігі - 22 метр. Ал мұндағы минареттің биіктігі 19 метр. Ғимараттың өзіне тән бір ерекшелігі, мешіттің минаретін алуан түрлі әдемі, қайталанбас өрнекпен безендірілген 52 колонна (бағана) қоршап тұр. Мұндағы колонналардың барлығы дерлік арнайы дайындалған Тянь-шань шыршасынан жасалған. Ғимаратты және оның қос қатарлы мұнарасын әшекейлеуге сурет пен сәндік өнерінің алуан түрлі үлгілері пайдаланылған. Мысалы, мешіттің қабырғаларына зер салып қарасаңыз, өсімдік іспеттес және геометриялық өрнектерден кей жағдайларда аңдардың, құстардың, балықтардың бейнесін еш қиналыссыз аңғаруға болады. Сондай-ақ бұл ғимараттан қазақ, ұйғыр, дүнген және басқа да Шығыс халықтарының ою-өрнектерінің нұсқаларын, арабески стиліндегі әшекейлі жазулардың тамаша үлгілерін кездестіруге болады. Мешіттің өзіне ғана тән тағы бір ерекшелігі, оның құрылысына шеге атаулы әсте қолданылмаған. Мұның себебі мұндағы әрбір бөрене немесе арқалық арнайы кертік ойық жасау арқылы бірімен- бірі берік етіп бекітілген. Тіпті мешіт қабырғаларының өзі арнайы әзірленген бөренелерден көтерілген. Тек шатырына ғана қаңылтыр пайдаланылған. Шатырды мешіттің ішінен 122 бағана-тіреуіш көтеріп тұр.
Жергілікті сәулетші-зерттеушілердің пікірінше, Жаркент мешіті шатырының құрылымы да өзгеше. Мамандардың пікірінше, шатырдың жалпы бүгілген бағыты қажетті қайқылыққа жету мақсатында белгілі қашықтықта орналастырылған қиылысу жүйесіне байланысты. Мұндай заңдылық шатырды «қайқы қалқыма шатыр» пішініне келтіруді қамтамасыз ететін көрінеді. Шатыр ернеулері ойма әдісімен жасалып, оған түрлі қанық бояулармен көркемделген өсімдік тектес өрнектер арасына аңдар, құстар, балық бейнелері енгізілген.
Уәлібай мешіті бүгінгі күні еліміз жастары үшін тарихтан сыр шертетін мәдени-демалыс орталығына айналып отыр.

1.3. Мәтіннен мамандығыңызға қатысты сөздерді анықтап, сөйлем құраңыз.

1.4. Мәтінде айтылатын ойды тезис түрінде жазып көрсетіңіз.

1.5 Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

1. Мешіттің ерекшелігі неде?

2. Осы мешіттің басқа елдің сәулет өнерімен ұқсастығы бар ма?

Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі

1-(106)жаттығу. Есімшелі анықтауыштарға сұрақ қойыңыз.

Інім оқитын университетке келдім. Бақта бұрын мен білмейтін гүлдер өсіп тұр. Залда кеше мен оқыған романның авторы сөйлеп тұр. Біз оқитын университет қаланың орталығында. Мектеп бітірген күнді ұмытпаймыз. Мені күтіп тұрған машинаға жақындадым. Астанадан келген досым хабарласты. Адам болар баланың кісіменен ісі бар.

2-(107)жаттығу.Мына етістіктер тобын оқыңыз.

Әңгімелескен, өскен, оқыған, зерттеген, біріктірген, орындаған, пайдаланған, жазған, ерекшеленген, айналысқан, жарияланған, ашқан, ойлап тапқан, экрандаған, армандаған, ойнаған.

3-(108)жаттығу.Мына сөйлемдерден анықтауыштық сөз тіркестерін табыңыз.

1. П.Л.Капица - Ағылшын Ғылым Академиясына ең бірінші мүше болған ғалым-физик.

2. Лев Ланду теориялық физиканың барлық саласымен айналысқан жан жақты ғалым болды.

3. 1975 жылы бейбітшілік Нобель сыйлығын алған А.Сахаров ядролық қаруларға қарсы сөйлейді.

4. Неміс ғалымы Вильгельм Рентген - Нобель сыйлығын алған ең алғашқы ғалымдардың бірі болды.

5. Ядролық қаруларды жасауға қатысқан, Нобель сыйлығының лауреаты болған А.Сахаров, кейін осы қаруға тыйым салу үшін, жою үшін күресті.

6. А.Сахаров КСРО Ғылым Академиясына сайланған ең жас ғалым болды.

7. Жеңімпаз аталған ғалым көп сыйлықтар алады.

8. Жеңімпаз салмағы 200 грам болатын таза алтын медаль алады.

9. Нобель сыйлығын алған ең жас ғалым - 25 жасар физик Ульям Бряг.

 

4-(109)жаттығу.Мына етістіктер тобын оқыңыз.

әңгімелесетін, армандайтын, қабылдайтын, айналысатын, сөйлейтін, біріктіретін, орындайтын, қатысатын, пайдаланатын, жарияланатын.

 

5-(110)жаттығу.Жоғарыда берілген етістіктермен сөз тіркесін құрыңыз.

Үлгі: армандайтын студент (мечтающий)

 

6-(111)жаттығу.Мына сөйлемдерге көп нүктенің орнына есімшенің тұлғасын жазыңыз.

а) Нобель сыйлығын ал ... лауреаттар Стокгольмге және Ослаға отбасымен келеді.

б) Жерде кездес... барлық элементтердің ішінде оттегі кең таралған болып табылады.

в) Қазақ ғалымдарының маңызды мәселелерді шеш... ғылыми жаңалықтары халықаралық танымға ие болды.

 

7-(113)жаттығу. Берілген сөйлемдердегі анықтауышқа сұрақ қойыңыз. Қандай мағынада қолданылып тұр, түсіндіріп көріңіз.

Бұл балада өзгеде жоқ қабілет бар. Қазақстанда басқа мемлекетте кездеспейтін қазба байлықтар бар. Университетте басқа университетте жоқ мамандық бар. Ол бүгін өткен сабақта оқыған лекциясын қайталады.

8-жаттығу. Мәтіннен анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін анықтаңыз. (З.С.Күзекова «Қазақ тілі практикумы» грамматикалық жаттығулар жинағынан 37-38 бет)

 

Екінші сабақ

Шегесіз салынған мешіт(жалғасы)

 

1. Мешіт туралы ақпаратпен таныс болыңыз.

Дерек пен дәйек

Қазақстандық сәулетшілер алғаш рет 1969 жылы Уәлібай мешіті құрылысының салыну ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, құрылыстың өзіндік ерекшелігі бар екендігін жан-жақты анықтады.
1975 - 1978 жылдары мешіт ғимаратының бүлінген жерлерін қайтадан бастапқы қалпына келтірген республикалық «Қазқайтаөңдеу - Казреставрация» бірлестігінің маман-сәулетшілері тарихи-мәдени осы ескерткішті «Жаркент мешіті» сәулет-құрылыс кешені деп атау туралы ұсыныс енгізді. Сөйтіп, олардың ұсынысын орынды деп тапқан ел Үкіметі бір жарым ғасырдан астам тарихы бар Уәли бай мешітін «Жаркент мешіті» сәулет-құрылыс кешені ретінде қайта құру туралы қаулыға қол қойды.
2001 - 2004 жылдары мем­лекеттік қазынадан 26 миллион теңге қаржы бөлініп, «Жаркент мешіті» сәулет-құрылыс кешені ғимаратының қирап, бүлінген бөліктері бастапқы қалпына келтірілді.
Халық арасында Уәли бай мешіті аталып кеткен Жаркент мешіті 1982 жылдан бері республикалық маңызы бар сәулет және тарихи ескерткіш ретінде танылып, мемлекеттің қорғауына алынды.
Ұлттық банктің шешімімен 2008 жылы Жаркент мешітінің көрінісі номиналы 500 теңгелік ескерткіш теңгеде бейнеленді.
«Айқынның» анықтамасы: Алматының солтүстік шығысына орналасқан ежелгі Жаркент қаласының іргетасы 1882 жылы қаланған. 1942 жылы қызыл империя басшыларының шешімімен Жаркент қаласы Панфилов қаласы деп аталды. Арада 49 жылдан кейін Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, көк байрағын көкке көтерген 1991 жылы қалаға ежелгі атауы беріліп, қайтадан Жаркент аталды.
Жомарт Молдахметұлы

 

1. Төмендегі сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Ұсыныс, қаулы, қалпына келтіру, мемлекет қорғауына алу, қол созым жерде.

2. Мәтіннен анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін анықтаңыз.

3. Сіз тұратын жерде осындай тарихи ескерткіштер бар ма? Таныстырыңыз.

4. Әлемге танымал мешіттер туралы ақпарат дайындаңыз.

 

БӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: «ХАЗІРЕТ СҰЛТАН» және «НҰР-АСТАНА» мешіттерінің құрылысы мен сәулеті.

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Еліміздегі құрылысы мен сәулеті ерекше нысандар туралы ақпарат дайындаңыз.

2. Мешіттердің басқа құрылыс нысандарынан ерекшелігі туралы.

3. Мешіт құрылысы мен сәулетінің авторлары туралы ақпарат дайындаңыз.

 

 


10 – апта

Бірінші сабақ

Норман Фостер

Грамматика: Сан есімді қайталау

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1. Жаңа сөздермен танысыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

Үлес қосу, тұлға, жаһан, бейресми, даусыз мойындау, шағармашылық ізденіс.

Фостер Дрездендегі орталық вокзалдың ашылу салтанатында
Жалпы мағлұматтар
Азаматтығы Ұлыбритания
Туған күні 1 маусым 1935
Туған жері Манчестер,Англия
Жұмысы мен жетістіктері
Жұмыс істеген қалалар Астана, Лондон, Нью-Йорк, Берлин Гонконг, Мәскеу
Сәулет стилі Хай-тек
 


2. Мәтінді оқыңыз.

Норман Фостер — сәулетші

1935 жылы Манчестер маңайындағы шағын қалашықта, қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1962 жылы АҚШ-тағы Йель университетін бітіріп, архитектура мектебінің дипломын алып шығады. 1967 жылы “Foster Assosіates” атты жеке фирмасын құрған. Бара-бара Фостер­дің жобалары жыл өткен сайын жа­һанға жайылып, әйгілі бола түскен. Фос­тердің әлемдік сәулет өне­ріндегі беделі қай кезде де, қай елде де керемет биік тұратыны назар аудартпай қоймайды. 2005 жылдың желтоқса­нында "The Times" газеті Лорд Норман Фос­терді бүкіл әлем өнеріндегі №1 тұлға деп жария­лады. Гиннесс кітабына ол атақ-лауазымы ең көп адам ретінде кіргені де талай жай­ды аңғартады. Ең ал­дымен айта­рымыз – оның Прицкер сыйлығының лау­реаты екендігі. Бұл, бей­нелеп сөйлер болсақ, архи­тектурадағы Нобель сыйлығы . Оның сыртында Фос­тер 60 ұлттық және ха­лықаралық конкурс­тардың жеңімпазы, бас-аяғы 300 награданың иегері. Оның бұл жетіс­тігіне маңайлай алған басқа сәулет­ші жоқ. Фостер Британия архитектор­лары­ның корольдік институты (1977), Америка архитек­тура инс­титу­ты (1979), Premіum Іmperіale (2002) архитектура қауымдас­ты­ғы сыйлықтарының лау­реаты, архи­тектураға қосқан үлесі үшін Король алтын медалінің (1983), Француз архи­тектура акаде­миясы алтын медалінің (1991), Америка архитектура инс­титуты алтын медалінің (1994) иегері. 1999 жылы оған “Темза жағасындағы Лорд Фостер” даңқта­масы беріліп, өмір бойғы пэр атанды. Ұлыбританияда пэр атағы лордтар палатасының мүшесі болу құқын береді.

Норман Фостердің ең жиі ауыз­ға алынатын бейресми атағы — хай-тек королі. “Вече” бас­пасынан 2000 жылы шыққан “100 великих архитекторов” жинағындағы Фостер туралы мақалада хай-текке “техноло­гия­ның эстеттендірілуі” деген анықтама берілген. Бүгінде хай-тектің көзі тірі классигі деп даусыз мойында­ла­тын Фостердің жобалары осы анық­та­маға дәлме-дәл келеді. Рас, оның өзінің хай-тек эстетикасына орай былай айтқаны да бар: “Бәрі де бұл термин­мен нені бейнелеуге байланысты. Егер хай-текті алдыңғы қатарлы, ұшынып тұрған технологияны қалайда қуалай беру деп қарастырар болса, онда мен өзімді хай-тек сәулетшісі санатына жатқызуға қар­сымын”. Дегенмен, ин­дустрия жетіс­тіктерін сәулеттік тұр­ғыдан игеру үрдісін жалғастыру арқылы британ феномені атанған бұл бағыттың шын мәнінде шарықтауының бастауында тұрған тұлғалардың арасында бүгінде алдымен аталатыны Фостер екені тағы талассыз.

Сәулетшінің есімімен байланыстыры­латын жаңалықтардың бірі — «Ақылды үйлер». Сөйлегеннен-ақ лифтісі көтеріліп, шамы жанып, газы қосылып, кіржуғышы айналып, теледидары көрсетіп сала беретін тұрғын үйлердің, офистердің алды енді көп ұзамай біздің Астана мен Алматыға да келгелі жатыр. Соларды да алғаш жобалаған, салдыртқан – Норман Фостер. Оның айналы шынылауды (зер­кальное остекление) енгізгеніне де (алғаш рет Норвичтегі Сейнсбери-орталығындағы көпфункциялы ғимаратта қолданған) айналасы 30 жылдай ғана болды, ал қазір бұған бәріміздің көзіміз үйреніп барады.

Астана хай-тек стиліндегі сәулет өнерінің танылған көшбасшысы, тағы бір атақты сәулетші Норман Фостердің идеяларының өрісі болды. Норман Фостер – Лондонда Mіllennіum Brіdge ғимаратын және Пекинде әлемдегі ірі әуежайды, Берлиндегі Бундестагтың жаңартылған ғимаратын және Еуропадағы ең зәулім – Майндағы Франкфурттегі Коммерцбанкті салған, Лондондағы Wembley стадионын қайта салған және Нью-Йоркте Һearst корпорациясы үшін атақты мұнараны тұрғызған болатын. Фостер Лондонның бірегей құрылыстарының бірі – Swіss Re зәулім ғимараты жобасының авторы.

Астананың архитектурасын айшықтаған «Бейбітшілік және келісім сарайы» және «Хан Шатыры» сауда және ойын-сауық орталығы да осы сәулетшінің шығармашылық ізденісінің жемісі.

3.Мәтінде кім туралы айтылады?

4.Мәтіннен мамандығыңызға қатысты сөздерді табыңыз.

5.Мәтіннен тәуелдік жалғауының 3-жағындағы сөздерді табыңыз.

6.Мәтіннен табыс септігіндегі сөздерді табыңыз.

7.Әлемге танымал қандай сәулетшілерді білесіз?

8. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

Екінші сабақ

(мәтіннің жалғасы)

Норман ФОСТЕРДІҢ:

– Астананың ХХІ ғасырдың айтулы қаласы болатыны анық. Пирамиданың өзі командалық жұмыстың нәтижесі. Қандай да болсын ойға алған істің үш тірегі болады. Атап айтайын: іскерлік қарым-қатынастың тазалығы, парасат пен ақыл және тиянақтылық. Осы үшеуі қосақтасқан жерде алынбайтын қамал жоқ. Мен осындай қасиеттердің Қазақстанның жас астанасының бойында таңбаланғанын сезіп, қандай мархабат күй кешіп жүрмін десеңізші, – деп, Қазақстанның бас қаласына сүйсінгені бар.

Пирамиданың бірінші қабатында 1,5 мың орындық опера залы орналасқан. Залдың қақ ортасында үлкен сахна бар. Сахнадан 2,8 метр төмендікте оркестрге арналған орын лайықталған. Оған 80 адам сыяды.

Германияда зәулім опера театрында өнер қойылымы жүріп жатқанда күллі қозғалыс тоқтатылып тастайды. Пирамиданың да жерасты қабатында орналастырылған 1500 орындық опера театры келешекте қандай да бір туындысын ешқандай алаңсыз күйде жүргізе беретін болмақ. Жұрт Пирамиданың ақшаға шаққандағы құнын сұрайды. Оның құны өлшеусіз екенін қалай айтпай тұра аламын, – дейді Норман Фостер сан қырлы сыры бар, терең тылсымды, сән-салтанаты жарасқан үлкен сарайдың ерекшелігіне тоқталып.

Төртінші қабатта патша залы – Атриум залы қоныс теуіпті. 2090 метр аумақты алып жатқан Атриум залынан кейін «Бесік» залы бар. Залдың «Бесік» деп аталуының астарында әлемдегі негізгі 4 діннің арасында ешқандай алауыздыққа жол берілмей өмір сүру мағынасы жатыр. Залдың архитектуралық ансамблі тыныштық пен татулық бесігінде тербеле өмір сүруге үндейді.

1.Мәтінде қандай сәулет өнері туралы айтылады?

2. Пирамиданың ресми атауы қандай? Онда болдыңыз ба?

3. Мәтіндегі «қосақтасқан жерде», «қоныс теуіпті», «алауыздыққа жол берілмей» сөз тіркестерін қалай түсінесіз? Оқытушы көмегіне сүйеніңіз.

4. Мәтінде сан есімнің қандай түрлері кездеседі?

5. Қазақстандық сәулетшілерді білесіз бе?

6.Өзіңізге ұнаған сәулетшінің өнері туралы әңгімелеңіз.

БОӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: «Хан шатыры» мен «Бейбітшілік және келісім сарайы» құрылысы,сәулеті туралы баяндаңыз.

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Н.Фостердің туындылары туралы ақпарат дайындау.

2. Астана сәулетіне Н.Фостердің қосқан үлесі.

3. Қазақ сәулетшілері туралы ақпарат дайындау.


Апта

Бірінші сабақ

 

 

Египет пирамидасы

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат… 1. Жаңа сөз және сөз тіркестерімен танысып,… Перғауын, ғибадатхана(храм), әу бастан, о дүниеде, ұдайы, ұшар басында, бір…

Апта

Бірінші сабақ

1. Мүсін өнері

Грамматика: қосымшалар

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1.1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек.

Біз баға жетпес білім қорын арттырып,

Оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек.

Н.Ә. Назарбаев

Мүсін өнері

Мүсін - ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынның "Sculpere" - қашау деген сөзінен шыққан. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің тілі - бояулар; суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады.

Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған мінез - құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет - әлпетінен, қимыл - қозғалыстарынан аңғарамыз; тіпті мүсінделген адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бір сыр танытып тұрады.

Металдан мүсін жасау үшін оның моделі жасалады, сосын сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнері шығармаларындай мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын станокты және монументтік түрге бөлінеді.Статуя - адам бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін.

1.2. Сөздікпен жұмыс

Мүсін -скульптура Шебер- мастер

Туындылар – произведения Қола - бронза

Шойын -чугун Мәрмәр -мрамор

Қашау – долото Саз - глина

Тас – камень Бояу - краска

Назар аударыңыз!

Қосымшалар

 

Жеке тұрғанда болмағанмен, түбірге жалғану арқылы сөзге әр

түрлі лексикалық және грамматикалық мағына беретін сөз бөлшегін қосымша деп атайды.

Қосымша екі түрге жіктеледі: жұрнақ және жалғау.

Жұрнақ дегеніміз - өзі жалғанған сөзге лексикалық немесе грамматикалық мағына беретін қосымшалар.

Мысалы: өнім.

Жұрнақтар сөз тудырушы және сөз түрлендіруші болып бөлінеді. Мысалы: құрылысшы, шаруашылық, үйшік, құлыншақ, ағатай.

Сөзге грамматикалық мағына үстейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Қазақ тілінде 4 түрлі жалғау бар:

1) Септік жалғау

2) Көптік жалғау

3) Тәуелдік жалғау

4) Жіктік жалғау

1.4. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1.5. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

1.6.Төмендегі сөздерден жаңа сөздер жасаңыздар:

өнер, мүсін, дайын, туынды, бөлшектік, монумент, дүние, мәрмәр, сұлу, негіз, өнеркәсіп, азамат, сыйымды.

Керекті жұрнақтар: - дік, -дық, - тік, - тық, -лық, -лік.

1.7. Берілген сөздерден сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтары бар сөздерді жеке теріп жазыңыздар:

өнерпаз, суретші, кейіпкер, жұлдызша, шығармашылық, қалақша, мүсінші, апай,сәулетші, үйшік, желкенше, күрек, көкетай,сандықша, дағдарыс, қобдиша.

1.8. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құра:

саз, тас, шойын, мінез-құлық, туынды, бет-әлпет, қимыл-қозғалыс.

1.9. Қазақ тіліне аударыңыз:

Скульптура – создание объемных изображений из глины, камня, дерева, металла. Отличается трёхмерностью, объемом, пластикой, текучестью формы. Делится на плоскостную и объемную. Главные жанры скульптуры — портрет, исторические, бытовые, символические, аллегорические изображения, анималистический жанр.

Есте сақта.

а) «Он саусағынан өнер тамған»- фразеологизмі «Мастер на все руки» немесе «Золотые руки» деген мағынаны білдіреді.

ә) Білімді өлсе,

Қағазда аты қалар.

Ұста өлсе,

Істеген заты қалар.

в) Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

1.1.1. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз, қазақ тіліне тән дыбыстарға назар аударыңыз.

қолдану

Суретшілік өнерді меңгеру

 
 

 


Пайдалану

 

1.1.2. Көп нүктенің орнына «қ» немесе «к» әрпін қойып жазыңыз:

Мен живопись жазғанда бейнені бөле... - бөле... ай...ындауға еш...ашан асы...қан емеспін. Мені ең әуелі қызы...тыратын шығарманың жалпы салмағы мен мінезі. Егер осылардың шешімін тапсам, әрі ...арай нысанның нәзі... жерлері мен әрін іздеуге ...ірісемін. Мен барлы... уақытта ешнәрсеге алаңдамай және де еш...андай жүйеге то...тамай солармен жұмыс істеймін .

Екінші сабақ

 

Интерьер

Грамматика: сын есімді қайталау

2.1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Ғажайып құбылысқа қарап тұрып және ол туралы тыңдап жүріп адам дами түседі... Сұлу бейнелерден біз сұлу, яғни жақсы ойларға берілеміз. Ал сұлу өмірден — абсолюттік сұлулыққа көшеміз.

Платон

Интерьер

Бұл сөздің басқа да мағынасы бар. Бөлменің ішіндегі бүкіл жиһазымен тұтас… Интерьер де өз алдына бір жанр. Онымен тек ХҮІІ…  

Апта

БІРІНШІ САБАҚ (1 сағат)

1. Ұлы Қытай қорғаны

Грамматика: сан есім мен оның түрлерін қайталау

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1.1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Ұлы Қытай қорғаны (қытай Ваньли чанчэн – он мың шақырымдық қамал) – Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 жылы) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 жылы) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 километрге жетті. Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға (қазіргі Ганьсу провинциясының жерінде) дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды. Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдалана отырып, биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түсті. Шығыста Бохай теңізінің жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен батыста Ганьсу провинциясындағы Цзяюйгуань бекінісіне дейін созылып жатқан қорғанның жалпы ұзындығы 10000 километрге жетті. Қытай қорғанының бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткен 5000 километрден астам бөлігі сол Мин дәуірінде жөнделіп, жаңадан тұрғызылған. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 – 8 метр, табанының ені 6,5 метр, үстіңгі жағының ені 5,8 метр. Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2 – 3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Онда гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған. Ал қорғаныс шебінің ең маңызды деген тұстарында ірі бекіністер, ішкі өткелдер бар. Қорғанның ішкі, ал кейде сыртқы жағынан тау жоталарының үстіне аралары белгілі қашықтықты сақтай отырып салынған дабыл мұнараларында күндіз түтін түтетіп, түнде алау жағу арқылы бір-біріне белгі беріп отыратын болған. Осы тәсілмен бір сағаттың ішінде 500 километр алыс жерге әскери дабыл беріп, қауіп-қатерді хабарлай алған. Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны адамзаттың сәулет өнері тарихындағы ғажайып кереметтердің бірі. Ол Қытай тарихында белгілі дәрежеде әскери қорғаныстық және Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық байланысында қауіпсіздік рөлін атқарды. Алайда солтүстіктегі көшпелі жауынгер халықтарға ол ешқандай тосқауыл бола алған жоқ. Ғұндар, түріктер, қидандар, моңғолдар мен шүршіттер (маньчжурлер) қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін-еркін саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізді, әуелі олар Қытай жерінде Вэй (таб-ғаш), Ляо (қидан), Юань (моңғол), Цинь (маньчжур) империяларын құрып, Қытайды көптеген ғасыр биледі. 1961 жылы ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемлекет қорғауына алды, ал 1987 жылы ол адамзаттың мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері тізіміне кіргізілді.

1.2. Мәтінді оқып, мағыналы бөліктерге бөліңіз.

1.3. Мәтіннен өзіңізге таныс емес жаңа сөздерді тауып жазып, аударыңыз.

1.4. Мәтіннен сан есімдерді тауып, топқа бөліп жазыңыз.

 

Екінші сабақ

2. Ұлы қытай қорғаны (жалғасы)

Грамматика: сөз тіркестері

2.1. Мәтінді оқыңыз.

Уильям Линдси жетекшілігіндегі Британ

археологтары сенсациялық жаңалық ашты

Олар Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігін Монғолия жерінен тапқан. Құрылыс қалдығының ұзындығы шамамен 100 шақырым, кейбір жерлеріндегі биіктігі 2,5 метр болады. Ол Монғолияның оңтүстігіндегі Гоби шөлінен табылған.

Ғалымдар бұл қамалдың қытайлық алып құрылыстың бір бөлігі екеніне еш күмәнданбайды. Қабырға балшықтан, бұталардан және жанартау тастарынан қаланған. Салынған уақыты шамамен біздің заманымызға дейінгі 1160 пен 1040 жылдар аралығы.

2007 жылы Линдси бастаған топ Қытай мен Монғолияның шекарасынан Хан әулеті билік жүргізген кездегі қорғанның бөлігін тапқан болатын. Содан бері археологтар қорғанның қалған бөлігін үздіксіз іздеп, ақыры оны Монғолия жерінен тауып отыр.

Ұлы Қытай қорғаны - архитектураның ең алып үлгілерінің бірі. Ол солтүстік Қытайды жайпай өтіп, барлық салаларының ұзындығын қосқанда 8851,8 шақырымға созылып жатыр.

2.2. Мына берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыз.

Ұлы Қытай қорғаны, бір бөлігі, қорған ұзындығы, Қытай мен Монғолия шекарасы

БӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Әлемнің жеті кереметі

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Ұлы Қытай қорғаны қай жылдары салынған?

2. Ұлы Қытай қорғанын не үшін салдырған?

3. Ұлы Қытай қорғанының құрылысы туралы айтыңыз.

4. Уильям Линдси жетекшілігіндегі Британ археологтары қандай сенсациялық жаңалық ашты?

 


14-сабақ

Бірінші сабақ

Тәж Махал

Грамматика: Заттың сын-сипатын түсі бойынша сипаттау

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1. Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құраңдар.

Күмбез, (минарет)мешіт мұнарасы, мәрмәр, қара ақық(агат), малахит(жасыл түсті минерал), жақұт(яхонт), мөлдір.

2. «Жұбаныш бола алмау», «Сыңарынан айырылған аққудай», «Шерін тарқату» дегенді қалай түсінесіз? Оқытушының көмегімен сөйлем құрастырыңыз.

3. Мәтінді оқыңыз.

Тәж Махал – махаббаттың символы

Тәж Махал кесенесін Ақсақ Темір ұрпағы Жақан шах сүйіктісі Мұмтаз Махалға арнап салдырған.1630 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. «Өлмес махаббат» символы болып саналатын Тәж Махал – Үнді сәулет өнерінің тамаша үлгісі ғана емес, бүкіл жер жүзінің мақтанышына айналған әлемдегі жеті кереметтің бірі. Төрт құбыласында төрт минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған мазар­дың құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұста жұмылдырылған. Тәж Махалдың құбыласында қызыл құмнан салынған мешіт, шығысында қызметкерлер жататын тура соның көшірмесі салынған. Мазарға симметриямен салынған екі үлкен қақпа арқылы кіреді. Әдемі бассейндермен көмкерілген Тәж Махал ансамблі – архитектураның шыңы. Мазар тұтастай ақ мәрмәрдан тұрғызылған. Қабырғаларындағы кесек мәрмәрдағы ұсақ, аса шеберлікпен кескінделген ортаазиялық ою- өрнектер қолдан қашалып жасалған. Таң шапағымен қызғылт түске, күндіз ақ шаңқан, түнгі ай сәулесімен күміс түске боялатын мөлдір ақ мәрмәрді Аградан 300 шақырым жерден алдыртқан екен. Ең кереметі кіре берістегі Құран сүрелері қара ақықтан, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт ақық, малахит, жақұт, нифриттен жасалып, мәрмәр тастың ішіне ойып салынған. Әлемдегі ең кесек алмас тас (бриллиант) «Кох-и-Нұр» осы мазарда тұрған,кейіннен ағылшындар елдеріне алып кеткен. Қазір ол Лондонда сақтаулы.

Он тоғыз жыл отасып, он төртінші перзентін дүниеге әкелерде аяулы жар-қосағы Мұмтаз қайтыс болғанда, Үндістанның әйгілі билеушісі Жаһан шахты қайғысынан айықтырар ештеңе табылмаған. Ұлы мемлекетті уысында ұстаған билік те, көл-көсір алтын, күміс, асыл дүние де, үндінің хор қызындай арулары да жұбаныш бола алмаған. Сыңарынан айырылған аққудай болған патша сүйіктісіне арнап, кейін әлемдегі жеті кереметтің біріне саналған Тәж Махал (ΧVII ғ.) ескерткіш-ғимаратын салдырып, өмірінің ақырына дейін соған қарап, шерін тарқатып өткен екен. Тәж Махалдың іргесін жуып жатқан Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жаһан шахтың жоспары бойынша, оның өзі сол жерден қара мәрмәрдан салынатын тұп-тура Тәж Махалдың көшірмесіне жерленуі тиіс болатын. Жамуна өзенінің екі жағасында жатқан қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы тиіс еді. Алайда сырттан келетін шапқыншылықтан қажыған мемлекеттің қазынасы тағы бір қымбат ғимараттың құрылысын бастауға кедергі болды.

Толқын САДЫРОВА.

04.07.2010

(Уикипедия — ашық энциклопедиясынан)

4. Мәтіннен сәулет, құрылыс саласына қатысты сөздерді тауып, сөйлем құрастырыңыз.

5. Махаббат символы – Тәж Махал сияқты әлемге танымал тағы қандай сәулет өнерін білесіз?

6. Қазақстанда Тәж Махал сияқты ескерткіш- кесенелер бар ма?

7. Айша-бибі кесенесі туралы ақпарат дайындаңыз.

8. Осы екі кесененің қандай ұқсастықтары бар? Ойыңызды дәлелдеңіз.

Заттың сын-сипатын түсі бойынша сипаттау

1-(66)жаттығу. Негізгі түстердің атауын жақсы білесіздер. Түстердің спектрдегі бірізділігін де жақсы білесіздер: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, қою күлгін түс. Спектрге кірмеген де түстерді атаңыз.

Назар аударыңыз: негізгі түсті білдіретін түстер және түстердің тіркесі: а) сарылау, көкшілдеу (қанықтығы әлсіздеу түстер – цвет слабой интенсивности); б) ашық жасыл, ашық көк, қою көк.

2-(67)жаттығу. Мәтінді оқыңыз, сұраққа соңында жауап беріп көріңіз.

Бір компанияда «мұнай қандай түсті» деген сұрақ әңгіме болды. Біреуі айтты: мұнай қара түсті. Басқасы айтты: мұнай, меніңше, ақ түсті. Үшіншісі айтты: мұнай сары,- деп. Төртіншісі де мұнайды сары түсті, - деді. Бесіншісі мұнайды көгілдір түсті деп сендірді. Бәрі де мұнайды мұнай өндірісінде көргенін айтып, сендіруге тырысты.

Мұнай қандай түсті екен?

 

3-(68)жаттығу. Бір-біріңізге сұрақтар қойыңыз, мысалы, судың түсі, теңіздің түсі, елдің мемлекеттік туының түсі т.б. нәрсенің түстері.

4- жаттығу. Мәтіннен заттың сын-сипатын білдіретін сөздерді тауып, жасалуын түсіндіріңіз.

(З.С.Күзекова «Қазақ тілі практикумы» грамматикалық жаттығулар жинағынан 25- бет)

БӨЖ ТАҚЫРЫБЫ:Семирамида аспалы бағы және Айша бибі кесенесі туралы.

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Тәж-Махалдың құрылысы туралы айтыңыз.

2. Тәж-Махалдың тарихы жайлы не білесіз?

3. Әлемдегі махаббат символы болып саналатын ескерткіш-кесенелер туралы не білесіз?


Апта

БІРІНШІ САБАҚ

1.Әлемдегі ең қауіпті көпірлер

Грамматика:Күшейткіш үстеу.

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1.1.1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Әлемдегі ең қауіпті көпірлер

Арғы жақ пен бергі жақты байланыстыратын әлемде небір көпірлер бар.

 

Aiguille du Midi көпірі, Франция

Көпірмен жүріп келе жатып, төмен жаққа көз тастаудың қажеті жоқ. Мұндай биіктікте Альп тауларының көркемдігін бақылау оңайға соқпайды. Абырой болғанда, көпір аса ұзын емес. Сондықтан да, үрей мен қорқыныш сәті ұзаққа созылмайды. Ал бұл көпірге фуникулер арқылы көтерілуге болады. 2,8 шақырымға жететін аспалы жол 20 минут уақыт ішінде көпірге жеткізіп салады.

Royal Gorge көпірі, Колорадо

Американың ең биік аспалы көпірінің биіктігі 90 қабатты ғимарат биіктігімен бірдей. Көпір астында Арканзас өзені ағып жатыр. 1929 жылы салынған көпір 1982 жылы ғана болат сымнан есілген арқандармен жабдықталды.

Trift аспалы көпірі, Швейцария

Альп таудағы ең биік әрі ұзын аспалы көпірлердің бірі. 2004 жылы салынған көпір адам өміріне өте қауіпті болғандықтан, ол 2009 жылы қосымша болат-темір арқандармен жабдықталып, тұтқалардың биіктігі ұзартылды. Бұл толықтырулардың арқасында, қатты жел соққанда көпір шайқалмайды.

Carrick-a-Rede арқан көпірі, Солтүстік Ирландия

Бақытқа орай, бұл көпірде қайғылы жағдайлар орын алмаған. Алайда, бұл көпірмен жүріп өткендер қайта жүруге жүрексінеді. Бұрындары көпірдің бір жағында ғана тұтқа болған. Көпір экстремалды спортты сүйетін жандар арасында кеңінен таралған соң, Ирландия басшылығы екі жаққа да тұтқа жасап, жаңа болат арқандармен толықтырды.

Capilano аспалы көпірі, Канада

1889 жылы салынған көпірдің айналасы орманға толы. Көпір өте биік әрі тар. Балқарағай тақтайшалары өзара болат арқандармен байланысқан. Әр қадам сайын көпір шайқала бастайды.

 

9. Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құраңдар.

Екінші сабақ

Макинак көпірі, Мичиган

Ұзындығы 8 шақырымға жететін көпірмен жүруге жаяу көлік жүргізушілері де жүрексінеді. Себебі, көпір ғана емес, соғатын жел аса қауіпті. Жел жылдамдығы сағатына 50 шақырымды құрайды.

Puente de Ojuela көпірі, Мексика

Бос құрылғылар жүрген сайын сықырлап жатады. Бірақ та, қорқудың еш қажеті жоқ. Себебі, көпірдің екі жағында болат арқандар екі мұнараға бекітілген. Көпір XIX ғасырда тұрғызылған. Ал мұнаралар ағаштардан салынған.

William Preston Lane, Jr.,Мэриленд

Көлік жүргізушілері бұл көпірмен жүруге жүрексінеді. Себебі, бұл көпірде үлкен дауылдар жиі-жиі соғады. Ауа-райы күрт өзгерген кезде, жолды көру мүмкін емес.

«Маймыл» көпірі, Вьетнам

Көпірдің солай аталуында бір гәп бар. Құрылысқа тек маймылдар көп шоғырланатын бамбук ағаштарының бұтақтарын пайдаланған. Сондай-ақ, бұл көпірмен келе жатқанда бүгіліп, абайлап жүру керек. Себебі, артық қимыл-әрекеттердің салдарынан, көпір астында ағып жатқан өзен суына құлап кету қаупі бар.

 

1.2. Мәтінді оқып, тақырыпты ашып тұрған сөздерді белгілеңіз.

1.3.Мәтіндегі негізгі тақырыптық сөздерді және сөз тіркестерін көрсетіңіз.

1.4.Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құраңдар.


Екінші сабақ

2. Құпияға толы көпірлер

Грамматика:Күшейткіш үстеу.

 

Құпияға толы көпірлер

 

Балқан түбегінде орналасқан Косово Республикасындағы Осман дәуірінен қалған тарихи тас көпір қаншама ғасырлардан бері жауын мен дауылға міз бақпай, талайларды таңғалдырып келеді. Тас көпірдің үстінен бір заманда қаншама көш, жүк тиеген қос дөңгелекті арбалар мен атты жауынгерлер өтпеді десеңші. Бүгінде Косовоға барған туристердің бұл тарихи көпірге соқпай кететіні кем шығар. Елдің беткеұстар символына айналған.

Мұндай ықылым заманнан аман келе жатқан, көненің көзіне айналған көпірлердің талайын әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады. Сондай көпірдің бірі - Шайтан көпір - Швейцариядағы ең атақты тарихи көпірдің атауы. Ұзындығы 25 метрдей болатын бұл көпір Альпі тауындағы тереңдігі 20 метрден асатын шатқал астында тулап ағып жатқан Рейс өзені арқылы өтеді. Әу баста бұл орында ХІІІ ғасырда тұрғызылған ағаш көпір болған, кейіннен оның тастан жасалған көшірмесі XVІ ғасырдың аяғында бой көтерген. Басында жергілікті тұрғындар өзендегі дүлей тасқынның кесірінен көпірді тұрғыза алмапты, қайта-қайта асау толқын шайып кетіп отырған. Сол кезде, ежелден жеткен әфсана бойынша, тұрғындардың шайтанмен келісім жасауына тура келген, яғни кім бірінші болып көпірден өтсе, соның жаны шайтанға бұйыратын болады. Бірақ тұрғындар лас рухты алдап түсіреді - көпірден бірінші болып ешкінің лағы өткен. Көпір тұсындағы жартаста қызыл бояумен бедерленген лақ пен шайтанның бейнесі әлгі аңызға бергісіз әңгімені әрдайым еске салып тұрады. 1799 жылы Суворов бастаған орыс армиясы аталған Шайтан көпірде француз әскерін талқандайды. Француздар кенеттен орыстардың жақындап қалғанын байқап, көпірді қирата бастаған. Бірақ Суворов әскерлері жақын маңдағы сарайды бұзып, шарфпен буылған тақтайларды көпірдің бұзылған жеріне төсеу арқылы оқ пен өрттің арасынан жол тауып, шатақ шатқалдан аман-есен шығады.
XІX ғасырдың ортасына таман аталмыш көпірдің көшірмесі салынып, атақты көпірдің өзі 1888 жылы қирап тынады. XX ғасырдың орта тұсында тарихи көпір кәдімгі автокөлік өтетін көпірмен алмастырылады. Бірақ бұрынғы атауын сақтап қалады. Осылайша Шайтан көпір бүгінгі күнге аман-есен жетіп отыр - жанында музей-мейманхана мен мемориалдар орналасқан.

 

2.2. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.

2. 3.Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.

2.4.Мәтінді мазмұндаңыз.

2.5.Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрып, мағыналарын анықтаңыз.

1. ........ тасқын...

2. ....... көпір...

3. ....... асау...

4. ....... аңыз...

5. ....... шатқал...

 

2.6. Тірек сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлемдер құраңыздар.

Ықылым заман,ағаш көпір, көшірме, тарихи көпір, жартас, қирату, дүлей тасқан

 

БӨЖ: «Қазақстан көпірлері» тақырыбына байланысты мәлімет жинап, презентация жасау.

 

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Әлемдегі ең қауіпті көпірлер туралы айтыңыз.

2. Қауіпті көпірлердің құрылысы туралы айтыңыз.

3. Құпиясы бар көпірлер туралы не білесіз?
Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау

«Құрылыс» мамандығы студенттеріне арналған практикалық сабақтардың мақсаты – бұрынғы тілдік білімдердің негізінде өз ойын жеткізуге, естігені мен оқығанын түсінуге қажетті сөйлеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту. Бұл мақсатты компоненттер практикалық сабақтардың мазмұнын, мамандық бойынша мәтіндердің бағытын, мәтіндік тапсырмалардан соң терминологиялық сөздікті құрастыруды белгілейді.

Практикалық тапсырмаға енетіні:

- тілдік тапсырмалардың ұтымды көлемі мен үйлесімі;

- мәтіндік материалдың жоғары актуальдылығы, ақпараттылығы және танымдылығы;

- мамандық пен елтанымдық аспект бойынша коммуникативтік бағыты, оңтайлы таныстырылды.

Мамандығы бойынша мәтіндермен жеке жұмыс дағдыларын дамытуға ерекше екпін түсіріледі, бұл студенттердің кәсіби және жалпы білімдік дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді.

Мәтіннен кейінгі коммуникативтік тапсырмалар, сөзжасамдық, грамматикалық және сөйлеу жаттығулары мамандық бойынша лексиканы енгізуге, тілдік материалға жаттығуға және бекітуге қызмет етеді. Сонымен қатар тілдік материал мен тапсырмалар өткен материал білімдерін және тиісінше тілдік дағдылар мен шеберліктердің қалыптасу деңгейін тексеріп, жинақтауға қажет. Практикалық жұмыстың бірінші кезеңінде лексикалық тапсырмалар орындалады. Тапсырмада көзделген мақсат-терминологиялық лексикалық материалға жаттығып, бекіту. Лексикалық материалдардың жекелей, қосарланып немесе шағын топтарда орындалуы мүмкін. Одан соң оқушылар үйренген лексикасы мен мәтіннің соңында студенттің сөздік қорын байыту және оқу бағдарына сәйкес кәсіби біліктілігін дамытуға алғы шарт болатын терминологиялық сөздікке сүйене отырып, арнайы мәтінді оқып, аударады. Бұдан кейін мамандық бойынша зерделік-танымдық қабілет пен грамматикалық практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған мәтіннен соңғы тілдік және грамматикалық тапсырмалар жазбаша және ауызша түрде орындалады.


Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары

 

№1 аралық бақылау сұрақтары

Бақылау түрі: тест тапсырмалары

1. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіздер.

А) Аспазшы.

В) Азпазшы.

С) Аспасшы.

D) Азпасшы.

Е) Аспажшы.

2. Антонимдері бар мақалды белгілеңіздер.

А) Жері байдың-елі бай.

В) Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.

С) Жақсы ата жаман балаға қырық жыл азық.

D) Әлсіз ат сүріншек, ақылсыз адам еріншек.

Е) Батыр туса ел ырысы.

3. Дұрыс жазылған сөздердің қатарын көрсетіңіздер.

А) Табиғат, кеден, сереңке.

В) Ұстаз, шәкірт, домбра.

С) Мектеп, мемлекет, ғылым.

D) Құндұз, асхана, арман.

Е) Кытап, майрам, ырис.

4. “Ұялды” ұғымының мағынасын беретін фразеологизмді белгілеңіздер.

А) Қой үстіне боз торғай жұмыртқалады.

В) Қара жер хабар бермесін.

С) Бет моншағы үзілді.

D) Періштенің құлағына шалынсын.

Е) Тал шыбықтай бұралған.

5. “Әділ” ұғымының мағынасын беретін фразеологизмді белгілеңіздер.

А) Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ.

В) Қараптан қарап жүріп.

С) Қара көлеңке, қара халық.

D) Қара қылды қақ жарған.

Е) Ат ойнатқан.

6.Синонимдік қатарды белгілеңіздер.

А) Дастарқандас, аттас, табақтас.

В) Әдепті, тәртіпті, байсалды.

С) Сабырлы, байсалды.

D) Икемді, бейімді, ұстамды.

Е) Сұлу, сауатты, арық.

7. Синонимдік қатарды белгілеңіздер.

А) Елді бейбіт, жұртты тыныш етті.

В) Тепсе темір үзеді.

С) Ар-ұят, аман-сау.

D) Жайдары жарқын мінез; қыршын жас.

Е) аспанды бұлт шалды.

 

8. Адамның кескін-келбетін сипаттайтын сын есімдерді белгілеңіздер.

А) Тау-тау, ата-ене.

В) Көк ала, қызыл-қоңыр.

С) Көк көз, ақ құба, қыр мұрын.

D) Жаяу Мұса, қара торғай.

Е) Көк ала, ақ құба.

9. Дене мүшелері атауларын табыңыздар.

А) Бас, мойын, саусақ.

В) Киім, өнім.

С) Сырмақ, піспе.

D) Отырғыш, кескіш.

Е) Көлем, аумақ.

10. Дұрыс жазылған нұсқаны табыңыздар.

А) Ол -жүрек жұтқан адам..

В) Ол жүрек жұтқан- адам..

С) Ол, жүрек жұтқан адам..

D) Ол жүрек жұтқан адам..

Е) Ол жүрек, жұтқан адам..

11. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің дұрыс нұсқасын белгілеңіздер.

А) Ертең қар көшкіні болса, тауға шығамыз.

В) Ертең қар көшкіні болмаса, өйткені тауға шығамыз.

С) Ертең қар көшкіні болды, тауға шығамыз.

D) Ертең қар көшкіні болмаса, тауға шығамыз.

Е) Ертең қар көшкіні болмаса да, тауға шығамыз.

12.”Жігерлі” сөзінің синонимін табыңыздар.

А) Ерінбейді.

В) Жадырау.

С) Қуану.

D) Қажырлы.

Е) Сабырлы

13. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыздар.

А) Жақсыда- кек жоқ, кектіде тек жоқ.

В) Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.

С) Жақсыда кек жоқ- кектіде тек жоқ.

D) Жақсыда кек жоқ : кектіде тек жоқ.

Е) Жақсыда, кек жоқ кектіде тек жоқ.

14. Дұрыс жазылған сөздердің қатарын белгілеңіздер

А) Базарға, қаламым, біздім.

В) Апаң, дәптердер, дала.

С) Ағасы, мұғалімдін, доп.

D) Қыздар, мектептер, үйлер.

Е) Мекемедер, отанма, керемет.

15. Отбасына байланысты ұғымдарды белгілеңіздер.

А) Дәрігер, мұғалім, аққу.

В) Нағашы, жиен, қарындас.

С) Тау, бөлме, терезе.

D) Асан, өзен, Сәуле.

Е) Мен, ол, терек.

16. Мамандықпен байланысты ұғымдарды белгілеңіздер.

А) Ақыл, жасыл, парасат

В) Есепші, қаржыландырушы.

С) Білім, сағыныш, қорқыныш

D) Мінез, абырой, арна

Е) Офис, тапсырма, керек.

17. Адамның мінез-құлқын белгілейтін ұғымдарды белгілеңіздер.

А) Шөп, қызғалдақ, гүл.

В) Су, өзен, теңіз.

С) Кеме, ұшқыш, жер серігі.

D) Сабырлы, шыдамды, еңбекқор.

Е) Батты, сары, алыс.

18. Табиғат құбылыстарына байланысты ұғымдарды белгілеңіздер.

А) Аялдама, жолсерік.

В) Ботакөз, Айдын, Дана.

С) Бұрқасын, найзағай, жаңбыр.

D) Бәйшешек, бұрын, өнерпаз.

Е) Бала, парта, терек.

19.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыздар.

А) Отыршы жарығым, жөніңді айтшы.

В) Отыршы, жарығым, жөніңді айтшы.

С) Отыршы, жарығым жөніңді, айтшы.

D) Отыршы жарығым жөніңді, айтшы.

Е) Отыршы- жарығым жөніңді,айтшы.

20. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыздар.

А) Көрмес - түйені де көрмес.

В) Көрмес түйені - де көрмес.

С) Көрмес түйені де - көрмес.

D) Көрмес түйені де көрмес.

D) Көрмес, түйені де, көрмес.

 

 

№2 аралық бақылау

Бақылау түрі: тестік тапсырмалар

1.Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіздер.

А) Біз ертең тауға шықпаймыз, себебі қар көшкіні болады.

В) Біз ертең тауға шықпаймыз, сондықтан қар көшкіні болады.

С) Біз ертең тауға шықпаймыз, егер қар көшкіні болады.

D) Біз ертең тауға шығамыз, себебі қар көшкіні болады.

D) Біз ертең тауға шықпаймыз, себебі қар көшкіні болмайды.

2. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіздер.

А) Нағыз азамат болғың келсе, алдымен ізгілік пен адамгершілік қасиетті бойыңа сіңір.

В) Ол өзенге қарай кетті, ал біз үйге қайттық.

С) Көктем туғанда менің жаным да алма ағаштай гүлдеді.

D) Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі.

Е) Ол ертемен кетіпіп қалды.

3. Қимыл-сын бағыныңқы сөйлемді табыңыздар.

А) Театрға барсаң, маған телефон соқ.

В) Жолда көп жүргендіктен, мен қатты шаршадым.

С) Ержан үйден жүгіре шығып, машинасына келіп отырды.

D) Бұлт болса да, жаңбыр жауған жоқ.

Е) Ербол кеште келсін.

4. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіздер.

А) Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра.

В) Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

С) Қазақтың мынадай мақалы бар: асыл - тастан, өнер-жастан.

D) Суық күз жақындады да, жәндіктер азая бастады.

Е) Мен сенімен келешектк бірге боламын.

5. Фразеологиялық антонимдер қатарын табыңыздар.

А) Жем болды -жан ұшырды.

В) Кең пейіл; көзге түсті.

С) Ағынан жарылды; бүкпе сақтады.

D) Жаны жайсаң; ақжарқын.

Е) Еңбекпен тапты.

6. Омонимдер қатарын табыңыздар.

А) Ел үмітін ер ақтар.

В) Көк алма, оны алма.

С) Қарақұс, жыртқыш құс

D) Жаны жаз; көңілі көл

Е) айту, бару, қайту

7.Синоним сөздері бар сөйлемді табыңыздар.

А) Шашы ұзын -ақылы қысқа.

В) Жаман айтпай, жақсы жоқ.

С) Еңбек етсең емерсің.

D) Бұл өзі есті бала, ақылды бала.

Е) Мен де келіп кетермін.

8. Қай сөйлемде антоним сөздер бар.

А) Нар -түйеден, тұлпар –биеден.

В) Сөз ағасы -құлақ, су ағасы –бұлақ.

С) Жаманшылық пен жақсылық - егіз келеді.

D) Еңбек түбі- зейнет.

Е) Ерте тұрған жігіттің ырысы артық.

9.Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіздер.

А) Байлықтың атасы -еңбек, анасы –жер.

В) Байлықтың атасы : еңбек; анасы –жер.

С) Байлықтың атасы еңбек, анасы жер.

D) Байлықтың- атасы еңбек, анасы жер

Е) Байлықтың, атасы еңбек, анасы жер.

10. Таңертең нөсер жаңбыр ... , ал түстен кейін күн жарқырап, дала құлпырды.

А) жауaды;

В) жауар;

С) жауғанға дейін;

D) жауды.

Е) жаумас.

11. Солтүстіктің ауа райына ... , оңтүстіктің ауа райы өте ыстық.

А) қарағанда;

В) қарағанмен;

С) қарасақ;

D) қарасаңда;

Е) қарасаң.

12. Синоптиктердің ... , бүгін Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды.

А) хабарлағандай,

В) хабарлауынша;

С) хабарлаған;

D) хабарлайды;

Е) хабарла.

13. Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,

Жер жүзіне өң ... гүл-бәйшешек.

А) бергенмін;

В) бердің;

С) берер;

D) беріпсің;

Е) беріп.

14. Қай қатардағы сөйлем дұрыс құрылған?

А) Мен тұрамын Алматы қаласында.

В) Кетіп барады құстар жылы жаққа.

С) Киноға олар барды кеше.

D) Мен ҚазНТУ-да үшінші курста оқимын.

Е) Сен келесің ертең.

15. Көп нүктенің орнына қажетті етістікті қойыңыздар.

Студенттер кеше “Қыз Жібек” фильмін ....

А) түсірмек;

В) түскісі келеді;

С) көрді;

D) жазады,

Е) алды.

16. Үтір дұрыс қойылған жерді көрсетіңіздер.

А) Не әскери мектепке, не ҚазНТУ-ға оқуға түседі.

В) Дана сөзді ұғу да, айту да, даналық.

С) Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен, адамдар көрінеді.

D) Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен- адамдар көрінеді.

Е) Меніңше бұл атап өтерлік,іс.

17. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыздар.

А) Ол біресе желеді, біресе, жүгіреді, біресе тоқтайды.

В) Ол біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.

С) Ол, біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.

D) Ол- біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.

Е) Ол- біресе, желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды

18. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіздер.

А) Қандай теңіз теңелер, теңізден терең ойыңа.

В) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі.

С) Ағасы бардың - жағасы бар.

D) Анар, биыл жазда Ыстық көлге бармақшы.

Е) Кездесерміз, біз әлі, кездесерміз.

19. Қай сөйлем дұрыс жалғаумен берілген?

А) Әділ банкте жұмыс істеймін.

В) Әділ банктің жұмыс істейді.

С) Әділ банкте жұмыс істейді.

D) Әділ банкте жұмыс істейміз.

Е) Әділ банктен жұмыс істейміз

20.Ауыспалы мағынада сөз тіркесін табыңыздар.

А. Тіл тазалығы

B. Қызыл көйлек

C. Мөлдір бұлақ

D. Шынайы махаббат

E. Адал ұл


Қорытынды бақылау сұрақтары

1. Сәулет өнері

1. Заттың, құбылыстың пайда болу фактісінің берілуі

2. Құрылыс материалдары.

3. Зат есім жасайтын жұрнақтар.

4. Қазақтардың ежелгі баспанасы -киіз үй.

5. Септік жалғаулары. Көнерген сөздер.

6. Қазақстанның жер бедері

7. Геодезия ғылымы туралы

8. Тәуелді септеу

9. Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе?

10. Қазақстандағы құрылыс

11. Мекенді білдіретін грамматика.

12. Қазақ архитектурасы

13. Қазақ архитектурасының даму тарихы.

14. Мезгіл, мекен үстеулері.

15. Қ.А. Яссауи кесенесі XIV - XV ғасыр құрылысы.

16. Шегесіз салынған мешіт

17. Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі

18. Сан есімнің түрлері

19. Норман Фостер — сәулетші.

20. Мысыр пирамидаларының сыры.

21. Пирамидадағы пәктік пен парасат..

22. Мүсін өнері. Интерьер.

23. Ұлы Қытай қорғаны.Шылаудың түрлері.

24. Тәж Махал -махаббаттың символы.

25. Қазақстандағы мүсін өнері және интерьер саласымен әуестеніп жүрген өнер иелері

26. Тайқазан

27. Киіз үй өлшемдері.

28. Ағашқа ою салу өнерi..

29. Домбыраның кұрылысы

30. Киіз үйдің физикалық қасиеттері

31. Киіз үй тарихы

32. Әлемдегі ең қауіпті көпірлер

33. Қазақстан көпірлері


Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарының мақсаты – кәсіби қазақ тілі пәнінен білімдерін және тәжірибелік дағдыларын бекіту.

Ағымдық бақылау жұмысы әрбір тәжірибелік сабақтан кейін тапсырылады. Сол өтілген тақырып бойынша білім алушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі. Аралық бақылау жұмыстары тест түрінде, бірнеше нұсқада беріледі, немесе өтілген тақырыптар бойынша тапсырмалар беріліп, ауызша сұралады. Қорытынды бақылау жұмысы бойынша емтихан сұрақтары дайындалады. Емтихан сұрақтары жазбаша және әңгімелесуге арналған материалдардан тұрады.

Білім алушылардың оқудағы жетістігі (білім, білік, дағды мен құзірет) төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін әріптік жүйемен бағаланады (оңды бағалары, жоғарыдан кемуіне қарай, А-дан Д-ға дейін «қанағаттанарлық» - Ғ – қанағаттанарлықсыз»);

Барлық білім технологиясының тиімділігін, объективтілігін және сапасын арттыру мақсатында оқу процесі мен білімнің қорытынды бақылауы ажыратылады.
Ағымдық және аралық бақылаудың барлық түрі мен білім алушылардың біліміне тиісті бағалауды сабақ беретін оқытушы жүргізеді. Ол баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 60 пайызынан кем.
Білім алушыларға аралық аттестаттау қорытынды бақылауды оқытушы жүргізеді, ол баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 40 пайызынан аспайды.
Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаудағы бағалар кіреді.

 

Автор, құрастырушы:

Авторлық ұжымның мүшелерi, құрастырушылар: ____________Мұсабекова Алдан Алтайқызы

____________ Тұяқбаева Рабиға Рахманбердіқызы

____________ Салықжанова Шынар Байронқызы

(28.08.2013)

 

Факультеттің ОӘК ұсынылған 01.09.2013 ж., хаттама №_ 1_

Факультеттің ОӘК төрағасы ф.ғ.к., доцент ____________Құлманов Қ.С.

(01.09.2013)