Халықаралық ережелері

Бірқатар елдерде, атап айтқанда, Еуропалық Одақтың көптеген елдері мен АҚШ-та әлеуметтік және маркетингтік ақпарат жинауды реттейтін арнайы заңнама бар. Посткеңестік мемлекеттерде мұндай нормативтік база әзірге құрылмаған.

Сонымен бірге, қазақстандық заңнамада ақпарат жинау құқығы айқын анықталған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 бабының 2 тармақшасында Заңмен белгіленген мемлекеттік құпиялар тізіміне кіретін ақпаратты қоспағанда “әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар” делінген. Бұл шенеуніктердің сұрау жүргізуге немесе социологиялық және маркетингтік ақпарат жинаудың басқа әдістерін қолдануға рұқсат беру мен талап ету әрекеттерін конституцияға қарсы деп қарастыру қажет екенін білдіреді.

Алайда ақпарат жинау құқығы кейде азаматтардың басқа құқықтарына, сондай-ақ жалпы қоғамда және жекелеген қоғамдық топтарда қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен этикалық нормаларға қайшы келуі мүмкін. Социологтар мен маркетологтарға мұндай қайшылықтардан арылуға халықаралық зерттеу кодекстері, ең алдымен ESOMAR - Дүниежүзілік қоғамдық пікір мен нарықты кәсіби зерттеушілер ассоциациясы көмектеседі. Бұл құжаттың ең маңызды, принциптік ережелері келесіден тұрады:

- зерттеулер әрқашан елдегі заңдармен сәйкес жүргізілуі керек;

- респонденттердің зерттеуге қатысуы әрқашан еркін болуы қажет, оларға ынтымақтастық жасауға мәжбүрлеп, қысым жасауға болмайды;

- респондентке құпиялылық кепілдігі беріледі, егер респондент зерттеушінің сұрауы бойынша қандай да бір өзінің жеке мәліметін хабарлауға келісім берсе, ол ақпараттың қайда берілетіні және қандай мақсатпен пайдаланатыны жөнінде хабардар болуы тиіс;

- жазып алу құралдары респонденттің келісімімен ғана пайдаланылады;

- респондент зерттеуді қандай ұйым жүргізетінін білуге және бұл мәліметтерді оңай тексеруге мүмкіндігі болуы тиіс;

- зерттеушілер өздерінің тәжірибесі және дағдылары жөнінде қандай да бір жалған ақпарат бермеу тиіс;

Жарияланған қорытындылардың дұрыстығын растау үшін зерттеуші әрқашан бара-бар мәліметтер ұсынуға міндетті. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы зерттеу нәтижелерінің кез келген жарияланымында зерттеуді өткізген ұйым, уақыты, орыны, пайдаланған әдістері, іріктеу типі мен көлемі жөнінде мағлұматтар берілу тиіс. Егер де зерттеу арнайы тапсырыс бойынша жүргізілсе, онда оның нәтижелері тапсырыс берушінің жеке меншігі болып табылады.