Бағдарламамен танысу

SPSS 10.0.5. for Wіndows - статистикалық өңдеудің барлық спектрін жасауға мүмкіндік беретін кәсіби кешен. Қолда бар графикалық формада статистикалық зерттеудің нәтижелерін нүктелі және домалақ диаграммалар мен мәліметті көрсетудің басқа түрлері арқылы көрсетеді.

SPSS-те қарапайым интерфейспен қатар, Wіndows үшін мыналар бар:

Мәліметтер редакторы. Мәліметтерді анықтау, енгізу, шығару, редакциялау және көрсету үшін сырт көзбен қарағанда электрондық кестеге ұксас икемді жүйе.

Қорытынды навигаторыкөрсету үшін шығару элеметтерін іріктеп ашуға және жабуға мүмкіндік беріп, нәтижелерді көруді жеңілдетеді, нәтижелерді шығару ретін өзгертеді және SPSS-тегі көрсетіп жариялауға дайын кестелер мен графиктерді басқа қосымшаларға көшіруге мүмкіндік береді.

Графиктер. Секторлық, бағаналық диаграммалар, гистограммалар, үш өлшемді графиктер құруға жоғары қабілеттілік, сондай-ақ басқа да графикалық мүмкіндіктер.