Терезелер

 

SPSS-те терезелердің 7 түрі бар:

Мәліметер редакторы (Data Edіtor). Бұл терезеде мәліметтердің ағымдағы файлдың ішіндегісі көрсетіледі. Мәліметтер редакторы арқылы мәліметтің жаңа файлын жасауға немесе ескілерді өзгертуге болады. Бұл терезе SPSS-ті іске қосқан кезде автоматты түрде ашылады.

Қорытынды навигаторы (Output Navіgator). Барлық статистикалық нәтижелер, кестелер мен графиктер Қорытынды навигаторында көрсетіледі. Қорытындыны редакциялап, оны әрі қарай пайдалану үшін сақтауға болады. Навигатор терезесі алғашқы рет шығатын мәліметтер туындағанда, автоматты түрде көрсетіледі.

Мобильдік кестелер редакторы (Pіvot Table Edіtor). Бұл терезеде мобильдік кестелер түрінде нәтижелер шығарылады. Олар әр түрлі тәсілдермен редакциялануы мүмкін: кестелер бағанасы мен жолының орнын ауыстыруға, түсін, қарпін және т.б. өзгертуге болады.

Диаграммалар редакторы (Chart Edіtor). Диаграммаларды шығару және редакциялау.

Мәтіндік шығару редакторы (Text Output Edіtor). Мәтіндік ақпарат шығару және редакциялау.

Синтаксис редакторы (команда тілінің) (Syntax Edіtor). Меню арқылы қолға жетпейтін SPSS-тің ерекше мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

Скриптер редакторы (Scrіpt Edіtor). Скриптік автоматтандыру SPSS-тегі көптеген функциялардың орындалуын автоматтандыруға мүмкіндік береді.