Диалогтық терезелер

 

SPSS-тегі көптеген меню терезелері диалогтық терезелерді ашады. Олар талдау үшін өзгермелілер мен өлшемдерді таңдау үшін пайдаланылады.

Статистикалық рәсімдер мен диаграммаларға арналған әрбір диалогтық терезенің бірнеше негізгі компонеттері бар:

Бастапқы өзгермелілер тізімі (Pour Varіable Lіst). Бұл ағымдағы мәліметтер файлының өзгермелілер (сызықтар) тізімі. Алғашқы өзгермелілер тізімінде осы рәсімде пайдаланатын өзгермелілердің аттары орналасқан.

Таңдалған өзгермелілер тізімі (тізімдері) (varіable(s). Бұл талдау үшін таңдап алынған бір немесе бірнеше өзгермелілер тізімі, мысалы, тәуелді және тәуелсіз өзгермелілер тізімі.

Командалар батырмасы. Команданың берілуі, анықтамалар алу немесе қосымша диалогтық терезелерге өту сияқты әрекеттер осы батырманы басқан уақытта орындалады.