Нәтижелерін шығару

 

SPSS рәсімдерінің орындалу нәтижелері Output Navіgator (Қорытынды навигаторы) деп аталатын терезеге шығарылады.

Қорытынды навигаторын мыналар үшін пайдалануға болады:

қорытындыларды қарауға;

таңдалған кестелер мен диаграммаларды көрсетуге;

SPSS және басқа қосымшалар арасында объектілердің орнын ауыстыруға;

Навигатор терезесі 2 бөлікке - жармаға бөлінеді. Сол жақ жармада шығару схемасы - шығарылатын нәтижелердің аттары орналасқан. Оң жақ жармада нәтижелердің өзі - статистикалық кестелер, диаграммалар мен мәтіндік қорытындылар болады.

Нәтижелерді қарау үшін айналдыру жолағын пайдалануға немесе маус арқылы шығару схемасындағы қызықтырған бөлімді таңдауға болады.

SPSS-тегі нәтижелердің көбісі кестелер түрінде шығарылады. Олардың түрі интерактивтік режимде өзгертілуі мүмкін. Осындай типтегі кестелер pіvot table (мобилдік кестелер) деп аталады. Мұндай кестені жасау үшін меню тарауы таңдалады (Талдау). Одан әрі: