ОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтары бар.

4.2. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен бөлек мүлікке ие және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапкершілік көтереді.

4.3. Қоғам өз акционерлерінің міндеттемелері бойынша жауапкершілік көтермейді. Акционерлер де Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қоғам қызметіне байланысты зиян шегу тәуекелдерін Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде көтереді.

4.4. Қоғам өз атынан мәмілелер (шарттар, келісім-шарттар) жасайды, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып алады және жасайды, сотта талапкер немесе жауапкер болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді атқарады.

4.5. Қоғам Қазақстан Республикасында және шет елде өз филиалдары мен өкілдіктерін құра алады, өз мүлкі есебінен оларға негізгі және айналым қаражатын бөледі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес олардың қызмет тәртібін анықтайды. Филиалдың немесе өкілдіктің мүлкі олардың жеке балансында және жалпы Қоғамның балансында есепке алынады.

4.6. Филиалдардың немесе өкілдіктердің қызметіне Қоғам тағайындайтын тұлға басшылық жасайды. Филиалдың басшысы және өкілдіктің басшысы Қоғамнан алынған сенімхат негізінде әрекет етеді.

4.7. Қоғам дербес сыртқы экономикалық операциялар жасай алады, бұған өз қызметіне қажетті экспорттық және импорттық мәмілелер де кіреді.

4.8. Қоғам өз қызметін жүзеге асыруға қажетті үй-жайларды, жерді, сондай-ақ әртүрлі жылжымалы және жылжымайтын мүлікті салуға, сатып алуға, алуға және жалға беруге құқылы.

4.9. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында және осы Жарғыда көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыра алады.