ОҒАМ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1. Қоғамның акционерлері Қазақстан Республикасының заңды және (немесе) жеке тұлғалары бола алады.

Шетелдік заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қоғам қызметіне қатысуға құқылы.

5.2. Қоғамның акционері мыналарға құқылы:

1) осы жарғыда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысу;

2) дивидендтер алу;

3) Қоғам қызметі туралы ақпарат алу, оның ішінде осы Жарғыда белгіленген тәртіппен Қоғамның қаржылық есебімен танысу;

4) тіркеушіден немесе номиналды ұстаушыдан бағалы қағаздарға өз құқығын растайтын үзінді жазба алу;

5) Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысына Қоғамның Директорлар кеңесіне сайлау үшін үміткерлер ұсыну;

6) Қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулау;

7) Қоғам органдары Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Жарғының нормаларын бұзатын әрекеттер жасаған жағдайда, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға хабарласу;

8) Қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сұратулармен хабарласу және Қоғамға сұрату түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауап алу;

9) Қоғам тараған жағдайда мүліктің бөлігіне;

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіппен акцияларды немесе қоғамның өз акциясына айналдырылатын басқа да бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу.

5.3. Ірі акционердің төмендегілерге де құқығы бар:

1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда сотқа шағымдану;

2) Директорлар кеңесіне қолданыстағы заңдарға сәйкес акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуді ұсыну;

3) Директорлар кеңесінің мәжілісін шақыруды талап ету;

4) ірі акционердің есебінен Қоғамға аудиторлық ұйымның аудит жүргізуін талап ету.

Қоғамның Жарғысында белгіленген акционерлердің құқығын шектеуге жол берілмейді.

5.4. Акционерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген басқа да құқықтарға да ие болуы мүмкін.

5.5. Қоғамның акционері:

1) осы Жарғыда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген тәртіппен акцияларды төлеуге;

2) он күн ішінде қоғамның тіркеушісін және осы акционерге тиесілі акцияның номиналды ұстаушысын қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгергені туралы хабардар етуге;

3) Қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын басқа да құпия ақпаратты жарияламауға;

4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

5.6. Қоғам Қоғамның акцияларын сатқысы келетін адамдарға оны Қоғамның өзінің немесе басқа тұлғалардың ұсынылған бағадан асып түсетін бағаға сатып алу туралы ұсыныстар жасауға құқылы. Сатып алу туралы ұсыныста акциялардың саны, бағасы және үшінші тұлғалар сатып алатын жағдайда сатып алушылардың деректемелері болуы тиіс. Қоғамның бұл құқығы Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері ескеріле отырып іске асырылады.