ОҒАМНЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ

6.1. Қоғамның жарияланған акцияларының жалпы саны 100 000000 (бір жүз миллион) дана, олардың ішінде:

- жай акциялар - 100 000000 (бір жүз миллион) дана;

- артықшылықты акциялар – жоқ.

6.2. Қоғамның жарғылық капиталы акционерлердің номиналдық құны бойынша акцияларды төлеуі және инвесторларға (инвесторға) орналастыру бағасы бойынша акцияларды сату арқылы қалыптастырылады.

6.3. Жарғылық капиталды қалыптастыру Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен, мүлікпен, мүліктік құқықпен, оның ішінде жер пайдалану құқығымен, интеллектуалдық меншік нысандарына құқықтармен жүзеге асырылады.

6.4. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайтуға акционерлердің жалпы жиналысының немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес сот шешімімен акциялар шығару және орналастыру арқылы жол беріледі.

6.5. Қоғамның мүлкі мыналардың есебінен:

1) акционерлердің Қоғамның акциясын төлеуге берген мүлкі;

2) оның қызметі нәтижесінде алынған кірістерден;

3) Қазақстан Республикасының заңдары тыйым салмаған негіздер бойынша сатып алынған басқа да мүліктен құралады.