ОҒАМНЫҢ АКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ

7.1. Қоғам жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.

7.2. Акциялар бөлінбейді. Егер акция бірнеше адамның ортақ меншігі құқығында болса, олардың барлығы бір акционер деп саналады және өздерінің ортақ өкілі арқылы расталған акцияларының құқықтарын пайдаланады.

7.3. Қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару, орналастыру, айналымға шығару және өтеу талабы мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарымен белгіленеді.

7.4. Жай акция акционерге дауыс беруге қойылған барлық мәселелерді шешу кезінде дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға, Қоғамның таза кірісі болған кезде дивидендтер алуға, сондай-ақ ол таратылған кезде Қоғам мүлкінің бір бөлігіне құқықтар береді.

7.5. Жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және Қоғамның акциясын орналастыру нәтижелері туралы есепті ұсыну Қазақстан Республикасының заңдарында және уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады.

7.6. Қоғамның акциялар ұстаушыларының тізілімін қалыптастыруды, жүргізуді және сақтауды бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарға сәйкес тіркеуші жүзеге асырады.

7.7. Қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

7.8. Акцияларды кепілге қою туралы мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі.