АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОР

12.1. Қоғамның атқарушы органының функциясын Атқарушы директор атқарады. Атқарушы директор Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық жасайды. Қоғамның Атқарушы директоры акционерлердің Жалпы жиналысының және Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдерін орындайды.

12.2. Қоғамның Атқарушы директоры Қазақстан Республикасының заң актілерінде және Қоғамның Жарғысында Қоғамның басқа органдарының және лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Қоғамның қызметіне қатысты кез келген мәселе бойынша шешім қабылдауға құқылы.

12.3. Атқарушы директор басқа ұйымдармен Директорлар кеңесінің келісімімен ғана жұмыс істеуге құқылы. Атқарушы директордың функциялары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заң актілерінде, Қоғамның Жарғысында, сондай-ақ Қоғаммен жасалатын жеке еңбек шарттарында белгіленген. Қоғам атынан Атқарушы директормен жасалатын жеке еңбек шартына Директорлар кеңесінің Төрағасы немесе Жалпы жиналыс немесе Директорлар кеңесі арқылы осыған уәкілетті тұлға қол қояды.

12.4. Атқарушы директор:

1) акционерлердің Жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауды ұйымдастырады;

2) үшінші тұлғаларға қатысты Қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

3) Қоғамды үшінші тұлғаларға қатысты білдіру құқығына сенімхат береді;

4) Қоғам қызметкерлерін қабылдауды, ауыстыруды және босатуды жүзеге асырады (осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда), оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады, Қоғам қызметкерлеріне Қоғамның штаттық кестесіне сәйкес лауазымдық жалақы және дербес үстеме ақы мөлшерін белгілейді, Қоғамның атқарушы органының және ішкі аудит қызметінің құрамына кірген қызметкерлерді қоспағанда, Қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік пакеттер мөлшерін және түрлерін белгілейді;

5) өзі болмаған кезде өз міндеттерін орындауды өз қызметкерлерінің (орынбасарларының) біріне жүктейді;

6) міндеттерді, сондай-ақ қызметкерлер (орынбасарлар) арасында өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөледі;

7) Қоғамның ішкі тәртібін реттейтін құжаттарды бекітеді;

8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органның келісімімен өкілдіктер мен филиалдардың басшыларын, басшылардың орынбасарларын, бас бухгалтерлерін тағайындайды;

9) Қоғамның қызметкерлерін кәсіптік дайындау және қайта дайындау туралы мәселені шешеді;

10) қолданыстағы заңдарда, жеке еңбек шарттарында, акционерлердің Жалпы жиналысында және Директорлар кеңесінде анықталған өзге де функцияларды атқарады.

12.5. Атқарушы директорды сайлау, оның өкілеттігі, лауазымдық жалақысының мөлшері, сондай-ақ өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.

12.6. Қоғамның лауазымды тұлғалары:

1) өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындайды және Қоғам мен акционерлердің мүдделерін барынша көздейтін тәсілдерді қолданады;

2) Қоғамның мүлкін Қоғамның Жарғысына және акционерлердің Жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне қайшы мақсатта пайдаланбауы немесе оны пайдалануға жол бермеуі тиіс;

3) тәуелсіз аудит жүргізуді қосқанда, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті;

4) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашуды және беруді бақылайды;

5) қоғам қызметі туралы ақпараттық құпиялылығын сақтауға міндетті, оның ішінде егер қоғамның ішкі құжаттарында басқадай көзделмесе, қоғамда жұмысты тоқтатқан сәттен бастап үш жыл ішінде сақтауға міндетті.