Көтермелеу шаралары мен тәртiптiк шаралар

 

8.1. Кәсiпорын қызметкерлерiн көтермелеу шаралары:

- алғыс айту;

- бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлық­ақылармен марапаттау;

- лауазымдық жалақыны көтеру және дербес үстемеақы белгiлеу;

- лауазымын көтеру болып табылады.

8.2. Кәсiпорын қызметкерлерiне қолданы­латын тәртiптiк шаралар:

- ескерту;

- сөгiс;

- тәртiп бұзуына немесе кәсiпорын жұмы­сын дұрыс орындамағаны үшiн еңбек шартын­да көрсетiлген мерзiмнен бұрын қызметтен боса­ту болып табылады.