Лауазымдық нұсқаулықтың үлгісі

 

____________________ (ұйымның атауы)   Лауазымдық нұсқаулық 2007 жылғы «____»__________ № _____ Ұйымның оқыту бөлімінің бастығына «БЕКІТЕМІН» Директор ____________ ______________ (қолы) (аты-жөні) 2007 жылғы «____»__________

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Кәсіпорынның оқыту бөлімінің бастығы (бұдан әрі – Бөлім бастығы) осы Нұсқаулықпен белгіленген лауазымдық міндеттерін атқара отырып, орталықтың мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі қызметін ұйымдастыруға басшылық етеді.

1.2. Бөлім бастығы қызметке Кәсіпорын директорының бұйрығымен тағайындалады және өз қызметінен Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіптері бойынша Кәсіпорын директорының бұйрығымен босатылады.

1.3. Бөлімнің бастығына оқыту бөлімінің қызметкерлері бағынысты.

1.4. Еңбек демалысы кезінде, не болмаса белгілі бір себептермен жұмыста болмаған жағдайда оның міндеттерін Кәсіпорын директоры тағайындаған қызметкер атқарады.

1.5. Бөлім бастығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, ҚР Президентінің жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, нормативтік және құқықтық актілерді, Кәсіпорын директорының бұйрықтарын және осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.

1.6. Бөлім бастығы өзінің күнделікті қызметін Кәсіпорынның бекітілген жұмыс регламенті мен жұмыс кестесіне және белгілі бір кезеңге арналған жұмыс жоспарына, сонымен қатар күні бұрын болжанбаған тапсырмаларға сәйкес құрады.