ЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

2.1. Қызметкердің:

1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актілеріне, Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне және осы Шарттың талаптарына сәйкес еңбек ақысының уақтылы төленуіне;

2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде басқа нәрсе ескерілмеген болса, кәсіподақтарға немесе басқа қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға;

3) дем алуға;

4) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген кепілдіктер мен өтемақыларды алуға;

5) еңбек дауларын Тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен шешуге;

6) Жалдаушының еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерімен танысуға;

7) Республиканың азаматтарына Конституция және Қазақстан Республикасының заң актілері кепілдік берген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

8) белгіленген тәртіппен өзінің қызметтік міндетін атқаруға қажетті ақпаратты және материалдарды алуға;

9) біліктілігі мен қабілетін, еңбек ету (қызмет ету) міндеттерін адал атқаратынын ескере отырып, қызметте жоғарылауға;

10) Қызметкердің пікірі бойынша ешбір негізсіз айып тағылған жағдайда, Жалдаушыдан қызметіне тергеу жүргізуді талап етуге;

11) еңбегін, денсаулығын қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмысқа қажетті еңбек етерлік жағдай жасауды талап етуге;

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақымен және әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілуге;

13) Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазымды тұлғаларына жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге;

14) (лауазымы) жұмыс орны және орташа жалақысы сақталатын, денсаулық түзеу үшін дифференциясы ескерілген екі лауазымдық жалақымөлшерінде жәрдем ақшасы төленетін, мереке күндерін есептемегенде ұзақтығы 30күнтізбелік күндік жыл сайынғы еңбек демалысын алуға. Қызметкерге жыл сайынғы ақылы демалысты қалауы бойынша бөліп-бөліп беруге болады;

15) Жалдаушының қарамағындағы әлеуметтік-мәдени мекемелерді пайдалануға;

16) еңбек ету (қызмет ету) міндетін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға;

17) Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазым иесінен Қызметкердің атқаратын қызметіне сәйкес міндеттерін және өзінің өкілеттіктерінің көлемін дәл белгілеп беруді талап етуге;

18) жеке басын сыйлауын, Жалдаушының лауазым иелерінің өзіне әділ және құрметпен қарауын талап етуге;

19) денсаулығына немесе мүлкіне келген зиянның, сондай-ақ еңбек ету (қызмет ету) міндеттерін атқаруға байланысты науқастығының немесе еңбек ету қабілетін жоғалтудың орнын толтыруға;

20) осы Шарттың және еңбек туралы заңдардың талаптарына сәйкес Шарттың талаптарын өзгертуге және оны мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар.

2.2. Қызметкердің міндеті:

1) өзінің еңбек ету міндетін Конституцияға, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң және нормативтік құқықтық актілеріне, Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне (оның ішінде Басқарманың және Директорлар кеңесінің қаулыларына, Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазымды тұлғалары өздерінің өкілеттігі шегінде шығарған бұйрықтарына, өкімдеріне, нұсқауларына және тапсырмаларына), қызметтік нұсқаулыққа және осы Шартқа сәйкес адал, уақтылы және сапалы орындау;

2) өзінің өкілеттігін өзіне Жалдаушы берген құқық шегінде және қызметтік міндеттерге сәйкес жүзеге асыру;

3) Жалдаушы белгілеген ішкі еңбек тәртібінің ережелерін және еңбек тәртібін орындау;

4) Жалдаушының тапсырмасы бойынша қызметтік іссапарға шығу;

5) Жалдаушының мүлкінің амандығын қамтамасыз ету және өзінің еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындау барысында Жалдаушыға мүліктік зиян келтірмеу;

6) Тараптар арасында материалдық толық жауапкершілік туралы шарт жасалған жағдайда, еңбек туралы заңдарға және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жауап беру;

7) осы Шарт қолданылатын уақыт ішінде және ол аяқталғаннан кейін де заңмен қорғалатын, өзіне сеніп тапсырылған қызметтік, коммерциялық, мемлекеттік және басқа да құпия болып табылатын мәліметтерді және өзіне Жалдаушының қол астында жұмыс істеп жүрген кезде мәлім болған, қызмет бабында пайдалануға арналған:

– техникалық және арнайы құжаттаманы, оның ішінде статистикалық ақпаратты;

– Жалдаушының өзінің әрі оның істес серіктерінің қаржылық операцияларына байланысты мәліметтерді;

– заң бойынша басқа нәрсе талап етілмейтін жағдайда, өзіне тағайындалған ақшалай сыйақының мөлшерін;

– Жалдаушының және оның серіктерінің қызметіне байланысты мәліметтерді, сондай-ақ Жалдаушының қызметкерлері туралы мәліметтерді құпия ұстау және жария етпеу;

8) еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерінің талаптарын орындау;

9) жоғары дәрежелі лауазымды тұлғаға адамдардың өміріне, денсаулығына, сондай-ақ Жалдаушының мүлкі мен қызметкерлерінің амандығына қауіп төндіретін жағдайдың пайда болғаны туралы кешіктірмей хабар беру;

10) тығыз және алдын ала болатыны белгісіз жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда, өзінің еңбек ету міндетін демалыс, мереке күндері және түнгі мезгілде де орындау, сондай-ақ еңбек туралы заңдарға және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімнен тыс жұмыс істеу;

11) өндіріске қажет болған және Қызметкер келіскен жағдайда, жыл сайынғы еңбек демалысын үзе тұру және өзінің еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындауға кірісу;

12) этиканың қолданылып жүрген заңдарда және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормаларын сақтау;

13) Қызметкердің жеке басының мүддесі өзінің өкілеттігімен түйісетін немесе оларға қайшы келетін жағдайда, Жалдаушының өзін тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғасына кешіктірмей хабар беру;

14) Қызметкер Жалдаушының қаражаты есебінен оқыған, біліктілігін арттырған немесе қайта дайындықтан өткен жағдайда, мамандарды оқыту туралы Тараптар арасында жасалған шартта белгіленген мерзімде жұмыс істеп беру немесе Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Жалдаушының шығындарын өтеу.