АҚЫ ТӨЛЕУ ТАЛАПТАРЫ

 

4.1. Қызметкердің еңбегіне Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ақы төленеді.

Жалдаушы Қызметкерге жалақыны айына кем дегенде 1 (бір) рет төлейді.

4.2. Қызметкерге оның Жалдаушы екеуінің арасындағы құқықтық еңбек қатынастарына байланысты кепілдік және өтемдік төлемдер Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіп бойынша және мөлшерде төленеді.

4.3. Қызметкердің ресми медициналық құжаттармен расталған уақытша еңбекке жарамсыз болған кездеріне Жалдаушы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес төлейді.

4.4. Қызметкерді жыл сайынғы еңбек демалысынан шақырып алған жағдайда, еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі Қызметкерге өтіп бара жатқан жұмыс жылы ішінде беріледі немесе ол өзінің қалауы бойынша келесі жылдың еңбек демалысына қосылады немесе еңбек туралы заңдарға сәйкес Қызметкерге өтемақы төленеді.

4.5. Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қызметкерге тағы өтеусіз және қаржылық көмек беруге болады.

4.6. Жалдаушы өндіріспен тікелей айналысатын Қызметкерге жұмыс тоқтатылған кездегі уақытқа ақыны айына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тиісті қаржы жылына белгіленген ең аз 1 (бір) айлық жалақы есебінен төлейді.

Жұмыс тоқтап қалған жағдайда, Жалдаушы Қызметкердің келісімінсіз оның мамандығын, біліктілігін ескере отырып, орындалатын жұмыс бойынша, бірақ бұрынғы жұмысының орташа айлық жалақысынан төмен емес еңбекақымен 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге және денсаулығына зиян келмейтін басқа жұмысқа ауыстыруға құқылы. Қызметкердің кінәсынан тоқтап қалған уақытқа ақы төленбейді.