ОНЫҢ БҰЗЫЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАРЫ

 

6.1. Осы Шарттың қолданылу мерзімі шектеусіз.

6.2. Жалдаушы Қызметкерге 2 (екі) ай сынақ мерзімін белгілейді.

6.3. Осы Шартты:

1) Тараптардың келісімі бойынша;

2) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормалар мен талаптарды орындай отырып, Жалдаушының және/немесе Қызметкердің бастамасы бойынша;

3) Тараптардың еркіне бағынбайтын және Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауына кедергі жасайтын жағдай орын алған кезде;

4) осы Шарттың мерзімі аяқталмай тұрып;

5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде ескерілген басқа да негіздер бойынша бұзуға болады.

6.4. Осы Шарттың мерзімі аяқталардан бір ай бұрын Тараптардың бір де біреуі оны бұзу туралы жазбаша мәлімдеме жасамаған жағдайда, оның қолданылуы Шарттың 6.1. тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзімге ұзартылды деп саналады.

6.5. Жалдаушының (немесе оның бөлімшелерінің) таратылуы, Жалдаушының (немесе оның бөлімшелерінің) қызметкерлерінің саны немесе штаты қысқартылуы салдарынан осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Қызметкердің Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерінде ескерілген барлық кепілдіктері сақталады.

6.6. Осы Шарт бұзылған жағдайда Қызметкерге тиесілі барлық сома соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.