Сабақ 2 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: бұйым түрі мен шикізаттың қасиеттері ескерілетін керамикалық массаны қалыптау әдісін дұрыс таңдауды оқып-үйрену.

Шикізатты өңдеу және массаны дайындаудағы технологияға сәйкес керамикалық бұйымдарды қалыптау үш әдіс бойынша жүргізіледі: иілгішті, жартылай құрғақ, құю не шликерлі.

Бірінші әдіс кеңінен тараған. Бұл әдіс қабырғалық керамикалық бұйымдарды черепица, канализациялық және дренажды құбыр, сондай-ақ сәулеттік көркемдік керамикаларды қалыптауға арналған.

Екінші әдіс керамикалық плиткаларды қалыптау үшін қолданады. Күрделі конфигурациядағы бұйымдарды қалыптайды. (сантех бұйымдар және әсемдік керамика), сонымен қатар плиткалардың кейбір түрлері үшінші әдіс бойынша жүргізеді.

Қалыптаудың иілгішті әдісі. Ылғалдылығы (18-26%) иілгішті қамырдан керамикалық бұйымдарды дайындауды әдетте таспалы шнекті престе (вакууммен немесе вакуумсыз) жүргізеді, ал пішіндері күрделі бұйымдарды, мысалы, пазалы (ойықты) черепицаны- револьверлі немесе басқа престе жаншу (штамповка) арқылы, сәулеттік- көркемдік бөлшектерді гипсті формада қолмен қалыптау арқылы жүргізеді.

Таспалы шнекті прессте бұйымды қалыптау сыртқы күш әсерінен бүтіндей жарылмай деформацияланатын және сол күш тоқтағаннан кейін берілген пішінді сақтайтын сазды массаның қасиетімен негізделген.

Иілгішті массадан күрделі конфигурациядағы бұйымды (черепица және т.б) ленталы престе алдын ала қалыпталған дайын массаны револьверлі, рычагты және басқа престерде штамптау әдісімен дайындайды.

Қалыптаудың жартылай құрғақ әдісі (керамикалық ұнтақтан престеу) ылғалдылығы 8-10% болатын, жоғары қысыммен (15-40МПа) сусымалы ұнтақ тәрізді массадан бұйымды компрессорлық престеуден тұрады. Мұның бір түріне ылғалдылығы 2-8% болатын керамикалық ұнтақтан престейтін құрғақ әдісі жатады.

Жалпақ жұқа қабатты бұйым дайындау үшін керамикалық ұнтақтан бұйымды престеу кеңінен тараған (мысалы, керамикалық плита). Кейінгі жылдары қабырғалық керамика бұйымдар өндірісінде пресстеу кеңінен дамуда (кірпіш және керамикалық тас).

Бұл әдіс кешенді механизация тұрғысынан келешегі бар. Пластикалық әдістен артықшылығы: азиілгішті сазды пайдалану мүмкіндігі, бұйымды кептіру ұзақтығы мен барлық технологиялық циклды қысқартуды, қалыпталған бұйымның беріктігінің жоғары болуы.

Құю әдісін санитарлы- техникалық бұйымдар, сәндік керамика, сонымен қатар жұқа қабырғалық шағын габаритті керамикалық плиталар өндірісі үшін қолданады. Бұл әдіс саздың сулы ортада тұрақты суспензиясын түзу қабілеті мен сонымен қатар қолданылатын форманың үлкен суаккуляторлайтын қабілетімен негізделген (гипсті- санитарлы-техникалық бұйымдар өндірісінде және кеуекті керамикалық –плиталар өндірісінде).

Форманың жақтарында қалыптанатын бұйымның қабырғасы болып табылатын біршама тығыз, жарым-жартылай сорғыған қабаттың түзілу процессін «бұйымның жинақталуы» деп аталады. Бұйымның жинақталуындағы құйманың қаттылығы капиллярлық күштің әсерінен ылғалды сорумен негізделеді. Форманың жақтарында құйманы алу процесінде ылғал өткізгіштігі төмен тығыздалған қабат түзіліп, соның арқасында шликердегі ылғалдың орын ауыстыру қарқыны, қабат тығыз болған сайын айтарлықтай төмендейді. Осылайша бұйым жинақталғанда жүйеде ылғал алмасатын процесс жүреді: шликер-отливка(черепок)- форма.

 

Тапсырма:

1. 4-кестеде көрсетілген тізім бойынша керамикалық бұйымды қалыптаудың мүмкін болатын әдісін таңдаңыз.

2. Әрбір керамикалық бұйымның қалыптау процессін суреттеңдер.