рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

рылыстық керамика технологиясы

рылыстық керамика технологиясы - раздел Высокие технологии, Ф.7.11-19 ...

Ф.7.11-19

Алшабекова Э.Н., Ақылбекова А.У.

 

«Құрылыстық керамика технологиясы»

 

пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған

әдістемелік нұсқаулық

Шымкент, 2010

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МинистрЛІГІ

М.әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

 

 

Материалтану» кафедрасы

 

 

Алшабекова Э.Н., Ақылбекова А.У.

 

 

«Құрылыстық керамика технологиясы»

 

пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған

әдістемелік нұсқаулық

 

 

050730-«Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялар өндірісі» мамандығындағы студенттер үшін

 

 

Оқу түрі: күндізгі

 

Шымкент, 2010

  Құрастырғандар: Қалшабекова Э.Н., Ақылбекова… әдістемелік нұсқаулық. - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2010.- 63б.

Кіріспе

Керамика өндірісі халық шаруашылығының ең маңызды саласы. Керамика қазіргі күнге шейін өзектілігін… Керамикалық материалдардың әртүрлі өндіріс салаларында кеңінен қолданылуы,…

Практикалық сабақ №1. Құрылыс керамикасындағы шикізаттық материалдардың минералогиялық құрамын талдау

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

 

Сабақтың мақсаты:керамикалық материалдар шикізатының минералогиялық құрамын білу, құрамның шикізат пен бұйым қасиетіне және өндіру технологиясына әсерін оқып үйрену.

Саздың минералогиялық құрамы кейбір өзіне тән сазды минералдардың болуымен сипатталады. Оларға каолинит, галлуазит, монотермит, гидрослюда, монтмориллонит, бейделит жатады. Сазда бұлардан бөлек басқа да аралас түріндегі жоғарыдисперсті минералдар болады.

Сазды құрайтын минералдарды, өзіне тән қасиеттері бойынша келесі топтарға бөледі:

1-топ - каолинит, накрит, диккит, галлуазит;

2-топ - монотермит;

3-топ- гидромусковит, гидробиотит, вермикулит;

4-топ – монтмориллонит, бейделлит;

5-топ- пеннин, клинохлор;

6-топ - аллофон.

 

Каолинит – кең тараған сазды минерал, құрамы бойынша сулы алюмосиликат (моноклинді), құрылысы қабатты, табиғатта гексагональды немесе өлшемі 1мк жуық дұрыс емес пішіндегі қабыршақ түрінде кездеседі. Қабыршақ пен пластинкалардың жалтырақтығы перламутр, сипап қарағанда майлы, орташа тығыздығы 1,8-2,2 г/см3, жұғу жылуы 1-2 ккал/г, гидрофильді қасиетке ие, сумен аараласқанда иілімді қамыр түзеді, бірақ ісінуі әлсіз, су мен онда еритін заттарды аз сорып жұтады; қышқыл ортада тұрақты; әр түрлі саздың құрамына кіреді.

Монотермит – қәзіргі кезде жеке сазды минерал болып бөлінбейді. Ю.А. Русько және В.П. Ананьевтің пайымдауынша ол гидрослюда мен каолиниттің жұқа механикалық араласы. Каолинитке қарағанда монотермиттің ісінуі мен жұту сыйымдылығы күштірек болып келеді.

Монотермит иілімді отқа төзімді саздың құрам бөлігі болып табылады. (Часов-Яр, Украина, Бускуль, Уралда және т.б.);

Гидрослюда – сазда көбірек тараған гидрослюдалардың бір түрі. Әр түрлі қалыңдықтағы изометриялық слюдаға ұқсас қабыршақ немесе пластинка пішіндегі, кейде жарықшақтану және уатылу іздері болуымен сипатталады; гидрофильді қасиетке ие. Жеңіл балқитын саздарда гидрослюда тобының минералдары негізінен өлшемі 1мк кіші фракциялардан тұрады.

Монтмориллонит – құрамы, құрылысы және қасиеттері бойынша бірнеше түрде болатын кең тараған жұқақабыршақты, ұзарғанқабыршақты, ірі қабыршақты сазды минерал. Бір – бірінен ісіну дәрежесі бойынша ерекшеленеді – бірінші қатты ісінетін (көлемі 20есе ұлғаюы мүмкін), екінші –ісінбейді немесе нашар ісінеді, ал үшіншісі- ісіну дәрежесі бойынша бірінші мен екіншінің арасындағы аралықты алады. Монтмориллонит иілгіштігі жоғары ағартқыш саздың құрам бөлігі болып табылады. Таза монтмориллонитті саздар Кавказда, Қырымда, және басқа да жерлерде өндіріледі. Монтмориллонит каолинитке қарағанда кремнийлі қышқылға бай. Монтмориллонитті топтағы минералдар жеңіл балқитын гидрослюдалы минералдар сияқты, негізінен өлшемі 1 мк кіші бөлік фракциялардан тұрады.

Саздар сазды минералдардың, кварц, слюда түйірлері, ыдырамаған дала шпатының түйірлері, қанық боялған минералдардың және т.б. механикалық араласы. Сумен тасымалдау процессінде саз бір жағынан, іріктеледі, одан алғашқы түзілімдегі ірі бөгде түйірлер бөлініп шығады, бірақ екінші жағынан жолай оған сол кварц пен дала шпаты, слюда, кальций және магний карбонаты, кейде мөлшері 2-3 % -ға жететін рутил, темір тотығы, цирконий түйірлерінің азғана мөлшері, турмалин, авгит, гранат, роговая обманка, хлориттер, дистен, тальк қосылады. Негізінен бұл араластар саздың сапасын айтарлықтай төмендетпейді. Сонымен қатар, сазға өзгеруді, бұйымның бетінде қара дақтар мен басқа да ақауларды болдыратын зиянды қоспалар: күкіртті колчедан (пирит), гипс, еритін тұздар (сульфаттар, хлориттер, ванадаттар) қосылып кетуі мүмкін. Егер сазда кальций карбонаты конкреция түрінде кездесетін болса (түйір өлшемі 1мм үлкен), онда оны да зиянды қоспалар қатарына жатқызуға болады.

Жоғарыда айтылғандардан бөлек, саз құрамында органикалық материалдардың араласпалары болады.

Саздың қасиетінің өзгеруіне негізінен келесі араласпалар әсер етеді:а) құм (кварцты, далашпатты); б) құрамында темірі бар минералдар (пирит, марказит, гематит, лимонит); в) карбонаттар (әктас, магнезит); г) гипс; д) еритін тұздар; е) органикалық заттар қоспасы; ж) слюда (биотит, мусковит).

Сазды массада құм қаңқа ролін атқарады. Саздың шөгу немесе ісінуге қабілеті құмның болуына байланысты.

 

Тапсырма:

1. Негізгі сазды минералдарды тізіп, олардың формуласын жазып, сазды шикізатқа беретін қасиеттерін айтыңыз.

2. Сазды шикізатта кездесетін араласпаларды айтыңыз, олардың химиялық формуласын жазыңыз.

3. Сазды шикізаттағы карбонатты қоспалардың химиялық формуласын жазыңыз. Оларды табатын әдістерін және дайын керамикалық бұйымның қасиеті мен технологиясына әсерін жазыңыз.

4. Сазды шикізатта кездесетін құм түрін тізіп, формуласын жазыңыз, олардың керамикалық материалдардың қасиеттері мен технологиясына әсерін жазыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Минерал дегеніміз не?

2. Саздың түзілуі.

3. Саздың минералогиялық құрамы.

4. Негізгі сазды минералдар, қасиеттері.

5. Саздағы қоспа минералдар, оның саз қасиеттеріне әсері.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу құралы, Шымкент, 2004.-75б.

2. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. - М.:Стройиздат, 1989

3. Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

Справочник. - М: Высш.шк., 2004

4. Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989

5. Августиник А.И. Керамика. Л.: Стройиздат, 1975. 591 с.

6. Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
керамики. -М.: Высшая школа, 1985

 

Практикалық сабақ №2. Құрылыс керамикасындағы шикізаттық материалдардың химиялық құрамын талдау

Жұмыс 2 сағатқа есептелген.

Саздың химиялық құрамы пайыздық мөлшердегі тотықтар құрамымен сипатталады. Түрлі… Каолинит минералы 39,5% Al2O3 (глинозем), 46,5% SiO2 – (кремнезем) және… Саздағы кремнеземның құрамы басқа химиялық қосылыстармен салыстырғанда…

Кесте - Саздың химиялық құрамы.

  1-сурет - Саздың тағайындалу аясы

Практикалық сабақ №3. Құрылыс керамикасының шикізаттық материалдарының минералогиялық құрамын анықтау үшін рентгенфазалық талдау әдісін пайдалану

Жұмыс 2 сағатқа есептелген.

  Рентгенограммалық талдау арқылы зерттеулер әр түрлі… Рентген сәулесін кристалды заттарды зерттеу үшін қолдану оның толқын…

Кесте- РФА нәтижелері

2. Сазды материалдардың сапалық минералогиялық құрамын негізге ала отырып, олардың қасиеттері мен… Бақылау сұрақтары: 1. Рентгенографиялық талдау әдісінің маңызы.

Практикалық сабақ №4. Саздың негізгі қасиеттерін анықтау

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

  Керамика өндірісінде саздың қасиеттері өте… Ылғал саздың сыртқы күш әсерінен берілген пішінді қабылдап және түскен…

Практикалық сабақ №5. Құрылыс керамика бұйымдары өндірісі үшін шикізат материалдарының шығынын және масса құрамын есептеу

Жұмыс 2 сағатқа есептелген.

 

Жұмыстың мақсаты: араластың әр компонентінің бұйымның қасиеттері мен өндіріс технологиясына әсер етуін, құрылыс керамикасы бұйымдары үшін масса құрамын анықтау білу.

 

Керамикалық масса құрамына кіретін компоненттер – сазды материалдар және түрлі қоспалар. Шикізат араласпасындағы осы компоненттердің салыстырмалы құрамын, араласпа компоненттері және жартылай фабрикаттарды түрлі құрал-жабдықтармен өңдеу тәсілдерін өзгерте отырып, тағайындалуы, қасиеттері, құрылысы және сыртқы түрі бойынша әр түрлі бұйымдар дайындауға болады.

Керамикалық бұйымдар дайындау үшін шикізат араласпасының негізгі компоненті сазды материалдар -дала шпатты тау жыныстарының табиғи желге мүжілген өнімдері болып табылады.

Сазды материалдың белгілі бір түрдегі бұйымдар өндірісіне жарамдылығы, оның химия-минералогиялық және түйіршіктік құрамына тәуелді болатын қасиеттерімен анықталады.

Керамикалық – гончарные саздар негізінен каолиниттен, кварц қоспасы бар гидрослюдалардан, дала шпаттары, темір тотығы, карбонаттар және т.б тұрады. Оларды беттік кірпіш, қасбеттік және едендік плиткалар, жол кірпіштері және плиткалар өндірісінде кеңінен қолданады.

Кірпіштік – екінші ретті шөгінді түзілімдер, минералдық және түйіршіктік құрамы тұрақсыз. Олар каолинит, гидрослюда, аз мөлшерде кварц қоспасы болатын монтмориллонит, карбонаттардан тұрады. Олар черепица, әрлеу плиткалары, керамзит және аглопорит өндірісінде қолданылады. Оларға төмен температурада балқып пісетін отқатөзімділігі 1350ºС және пластикалығы 7-15 саздар мен суглиноктар(саз бен құмнан тұратын тау жынысы) жатады.

Талап етілетін қасиеттерге ие бұйымдар өндірісі үшін жарамсыз бастапқы шикізаттың қасиеттерін реттеу үшін керамикалық массаға түрлі минералды және органикалық қоспалар қосылады.

Жүдедететін қоспалар пластикалығы жоғары саздардан қалыптанған керамикалық бұйымдарды кептіру кезінде ауалық шөгуін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бұйымдардың сызатқа төзімділігін арттыруға, кептіру ұзақтығын және шикі бұйымдардың шытынауын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жүдедететін қоспалар күйдіру кезіндегі оттық шөгуді де төмендетеді.

Жүдедететін қоспаларға пластикалық дәрежесі 7-ден төмен жүдеу саздар, дегидратацияланған саз, құрамында 60-70%-ға дейін сазды фракция болатын көмір өндірісінің қалдықтары, шамот, кірпіш сынықтары, өлшемдері 0,25-тен 1 мм-ге дейін кварцты құмдар, майдаланған шлак, күл, ұнтақталған құмтастар, кварциттер, маршаллит, диатомит, трепел және т.б. материалдар жатады.

Санитарлық-құрылыс керамикасы өндірісінде жүдеудететін қоспалар ретінде тальк және пирофиллит қолданылады. Қалыптау массасына қосылатын қоспалардың мөлшері: кварцты құм түріндегі массаларға – 10-25%, шамотты – 10-50%, көпшамотты массаларды қолданған жағдайларда – 90% дейін.

Жүдедеткіш әрі жанып кететін қоспалар ретінде көмір, ағаш үгінділері, майдаланған шлактар және отынды қалдықтары бар күлдер, және көмірді байыту қалдықтары қолданылады. Олар күйдіруге қажетті қатты отынның 85%-ға дейінгі массасын ауыстыра алады. Шикі бұйымның денесінде біркелкі таралған бұл қоспалар кеуекті бұйымдардың ішкі бөлігінің біркелкі пісуін қамтамасыз етеді.

Пластификациялаушы қоспалар пластикалығы төмен сазды шикізаттың қасиеттерін арттыру үшін қолданылады. Мысалы, лесстар мен лессті суглиноктарды қолдану кезінде. Оларға жоғары пластикалы («майлы») жеңіл балқитын және бентонитті саздар, түрлі ББЗ-лар (техникалық лигносульфаттар, СДБ, КМЦ және т.б.), электролиттер (кальцийлендірілген сода, сұйық шыны, тұз қышқылы, хларлы темір, т.б.) Жоғары пластикалы және жеңіл балқитын саздарды массаға негізгі саз массасының 50% мөлшері, ал ББЗ-лар шихта массасының 0,2-0,5% мөлшері көлемінде қосылады. Электролиттер құрғақ масса мөлшерінің 0,05-2,5% көлемінде қосылады.

Балқу температурасын төмендететін қоспаларды тығыздық пен беріктікті арттыру, сонымен бірге, төмен температурада күйдіру кезінде балқып пісуін жақсарту үшін қосады. Мұндай қоспаларға сазға қарағанда балқу температурасы төмен болатын материалдар (пегматиттер, сиениттер, дала шпаттары) немесе күйдіру кезінде саз компоненттерімен әрекеттесіп жеңіл балқитын қосылыстар түзетін материалдар (әктастар, доломиттер, перлит, магнезит) жатады.

Керамикалық бұйымдардың аязға төзімділігін арттыру үшін қалыптау массасына 2,5%-ға дейін хлорлы кальций, натрий немесе алюминий қосады.

Түсінің ұзақ сақталуы үшін массадан 0,5% көлемінде көмірқышқылды немесе хлорлы барий, ал зиянды ірі өлшемді әктасты қоспаларды жою үшін массадан 1,5% мөлшерде хлорлы натрий немесе тұз қышқылын қосады.

Құрылыс керамикалық бұйымдардың өндірісінде массаның шихталық құрамына негізгі саздан басқа пластификациялаушы, жанып кететін, жүдеудететін және балқу температурасын төмендететін қоспалар қосады. Шихта құрамын есептеу кезінде негізгі шикізаттың химиялық және минералогиялық құрамы, оның иілгіштігі, кептіруге сезімталдығы және басқа қасиеттері ескеріледі.

Шихтаның құрамын зертханалық зерттеулер, әдебиеттердегі және өндірістік мәліметтерді, патенттік ізденістерді негізге ала отырып таңдайды.

 

Тапсырма:

1. 3-кестеде берілген түрлі керамикалық бұйымдарға арналған массалар құрамын талдап, әр компоненттің шикізат массасы құрамындағы атқаратын ролін түсіндіріңіз.

 

Кесте –Керамикалық материалдар массаларының құрамы

  2. Кірпіш, кілемді керамика, еденге арналған плиткалар өндірісі… керамикалық масса құрамындағы ерекшеліктердің немен негізделгенін

Практикалық сабақ №6. Бұйым түрі мен сазды шикізаттың қасиеттеріне байланысты массаны дайындау әдісін таңдау

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

 

Сабақтың мақсаты:Бұйымның түрі мен негізгі шикізаттың қасиеттерін ескере отырып керамикалық массаның дайындау әдісін дұрыс таңдауды меңгеру.

 

Сазды шикізатты өңдеуде саздың табиғи структурасын (құрылымын) бұзу мақсатында табиғи және механикалық өңдейді. Алдын ала сумен ылғалданған сазды табиғи өңдегенде ұзақ уақыт бойы атмосфералық әсерге ұшыратады, ол саздың босауына, иілгіштігін, байланыстырушылығын, қалыптанушылығын жоғарылатады.

Алайда сазды табиғи өңдеу әдісі көп уақытты, үлкен алаңды қажет етеді және тасты араластардың толығымен бөліп алуды қаматамасыз етеді.

Механикалық өңдеуде сазды шикізаттағы тасты араластарды майдалап немесе бөліп алауға, гомогенді массаны жайғасымды қалыптау үшін қолданады.

Механикалық өңдеу үшін жабдықтарды бастапқы шикізаттың қасиеттеріне (оның тығыздығы, қаттылығы, тұтқырлығы, ылғалдылық) және өндірілетін бұйымның түріне байланысты таңдалады.

Неғұрлым саздың структурасы бұзылып және қалыпталатын масса біртекті болған сайын, бұйымның сапасы жоғары болады.

Жартылай құрғақ әдісте массаны дайындау алғашқы шикізатты бөлшектеп, оны кептіріп, майда ұнтақтап, ірі араластарды елеп, қоспамен араластырып және ылғалдаудан тұрады.

Мұны сазды шикізаттың тас түріндегі қоспалармен ластанған кезде структурасы тығыз және каръерлік ылғалдылығы төмен болғанда қолданады.

Бұл әдіс тас түріндегі қоспаларды мұқият майдалап немесе толығымен ажыратып алады, соның ішінде әкті, қоспаларды біркелкі таратып және бұйымды кептірудің технологиялық циклын қысқартып, тіпті алып тастауға мүмкіндік береді.

Массаны дайындаудағы иілгішті әдісті бос не борпылдақ саз болғанда, сулағанда жақсы ылғалданатын, тасты араластар құрамы шектеулі болғанда қолданады.

Массаны дайындаудағы шикерлі әдісті саздың каръерлік ылғалдылығы жоғары болғанда, көпкомпонентті біртекті емес шикізаттан дайындағанда, гидромонитор көмегімен гидроэкскавация әдісімен қазылған не өндірілген кезде пайдаланады.

 

Тапсырма:

1.Керамикалық кірпіш өндірісі үшін келесі химиялық және минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін таңдаңдар. Таңдалған өндіріс технологиясын негіздеңдер. Массаны дайындаудағы негізгі технологиялық процесстерді бейнелеңдер.

2.Кілемдімозайкалы плиткалар өндірісі үшін келесі химиялық және минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін таңдаңдар. Таңдалған өндіріс технологиясын негіздеңдер. Массаны дайындаудағы негізгі технологиялық процесстерді суреттеңдер.

3.Черепица өндірісі үшін келесі химиялық және минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін таңдаңдар. Таңдалған өндіру технологиясын негіздеңдер. Массаны дайындаудағы негізгі технологиялық процесстерді суреттеңдер.

4.Қуысденелі кірпіш өндірісі үшін келесі химиялық және минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін таңдаңдар. Таңдалған өндіру технологиясын негіздеңдер. Массаны дайындаудағы негізгі технологиялық процесстерді суреттеңдер.

5.Ванна бөлмесіне арналған плиткалар өндірісі үшін келесі химиялық және

минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін

таңдаңдар. Таңдалған технологияны негіздеңдер. Массаны дайындаудағы

негізгі технологиялық процесстерді бейнелеңдер.

 

Кесте- Саздың негізгі кен орындары

  Бақылау сұрақтары. 1. Құрылыстық керамика өндірісінде массаны дайындаудың маңыздылығы.

Практикалық сабақ №7. Бұйым түрі мен сазды шикізаттың қасиеттеріне байланысты керамикалық материалдарды

Алыптау әдісін таңдау

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

Шикізатты өңдеу және массаны дайындаудағы технологияға сәйкес керамикалық бұйымдарды қалыптау… Бірінші әдіс кеңінен тараған. Бұл әдіс… Екінші әдіс керамикалық плиткаларды қалыптау үшін қолданады. Күрделі…

Кесте- Керамикалық бұйымдарды қалыптау әдістері

Бақылау сұрақтары: 1.Керамикалық бұйымдарды қалыптаудың қандай… 2.Керамикалық бұйымдарды қалыптау әдісін таңдауға әсер ететін

Практикалық сабақ №8. Керамикалық құрылыс материалдар өндірісіндегі әр түрлі тәсілдегі өңдейтін жабдықтар жұмысын

Талдау және технологиялық таңдау

  Сабақтың мақсаты:Құрылыс керамикалық…  

Саз дайындаудағы шликерлі әдіс.

Сазды ыстық сумен босатып не жібітіп шликер алу үшін және қабырғалық керамика бұйымдар өндірісінде… Керамикалық плиткалар өндірісінде сазды үздіксіз босату… Массаны шликерлі әдіспен дайындау барысында тасты қоспаларды толығымен ажыратып алады, сазды…

Практикалық сабақ №9. Керамикалық құрылыс материалдарын әр түрлі әдіспен өндіру кезіндегі қалыптау қондырғыларының жұмыс істеуін талдау және оларды технологиялық таңдау

Жұмыс 2 сағатқа есептелген.

Құрылыстық керамикалық бұйымдарды қалыптау үш әдіспен дайындалады: ылғалдылығы 15-22%… Қалыптау әдістерінің қайсысын болса да қолдану… Қалыптауды жүзеге асыру үшін, жоғарыда айтылған әр әдістің,…

Практикалық сабақ №10. Құрылыстық керамика бұйымдарын өндірудегі жабдықтар санын есептеу

Сабақ 1 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: құрылыстық керамика бұйымдар өндірісінде жабдықтар санын есептеу… Жабдықтар санын есептеу 2 тәсіл бойынша орындалуы мүмкін.… 2-ші тәсіл - сол технологиялық процесстің (айналу жылдамдығы, саңылау шамасы,…

Химиялық құрамын талдау

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

Өндіріс қалдықтары мен әр түрлі жанама өнімдерді пайдалану, әсіресе кондициялық шикізаттың… Қәзіргі уақытта құрылыс материалдар… Кірпіш зауыттарының тех-экономикалық көрсеткіштерін жақсартып және керамикалық…

Кесте -Кейбір қалдықтардың орташаланған химиялық құрамы

    2. ЖЭС күлі пайдаланғандағы кірпіш өндірісінің технологиялық схемасын…

Практикалық сабақ №12. Керамикалық кірпіштің қасиеттерін талдау және олардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бағалау

Сабақ 3 сағатқа есептелген.

Керамикалық кірпіш пен тасты саздан, сонымен қатардиатомит, лесс және өндіріс қалдықтарынан минералды,… Кірпіштің өлшемдері 250х120х65 мм, қалыңдатылған… Кірпіш толық және қуыс денелі, ал тас-тек қуысденелі болады, қуыс пішіні мен орналасуы,…

Кесте - Бұйымның сипаттамасы

  3. Қабырғалық толықденелі кірпіштің… 4. Беттік кірпіш өндірісі үшін схемадағы өзгерісті атаңыз.

Практикалық сабақ №13.Қасбеттік керамикалық плиткалардың қасиеттерін талдау және оның мемлекеттік стандартқа сәйкестігін бағалау

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

Ғимараттың қасбетін қаптауға арналған керамикалық плиткаларды кірпішті ғимараттың сыртқы… Негізінен плиткаларды ұнтақ тәрізді массадан пресстеу… Түсті әйнекеленген плиткалар сәулетшілерге ғимараттарды әрлеуде жоғары…

Кесте- Бұйымның сипаттамасы

  3. Іріөлшемдегі керамикалық мен фасадтық плиткалар…  

Практикалық сабақ №14. Еденге арналған фасадтық керамикалық плиткалардың қасиеттерін талдау және оның мемлекеттік

Стандартқа сәйкестігін бағалау

  Сабақтың мақсаты: еденге арналған керамикалық…  

Кесте -Бұйымның сипаттамасы

  2. Іріөлшемдегі керамикалық мен кілемді плиткалар…  

Практикалық сабақ №15. Керамикалық жабын материалдардың қасиеттерін талдау және оның мемлекеттік стандартқа

Сәйкестігін бағалау

Сабақ 1 сағатқа есептелген.

  Жабындық керамикалық материалдарға черепица жатады. Черепицалардың келесі түрлерін өндіреді: пазалық, бір немесе қос блоктағы…

Кесте- Бұйымның сипаттамасы

    3. Іріөлшемдегі керамикалық черепица өндірісінің схемасын құрыңдар.

Мазмұны

Кіріспе ..................................................................................................................3

1. Тақырып №1.Құрылыс керамикасындағы шикізаттық

материалдардың минералогиялық құрамын талдау ....................................4

2. Тақырып №2.Құрылыс керамикасындағы шикізаттық

материалдардың химиялық құрамын талдау................................................6

3. Тақырып №3.Құрылыс керамикасының шикізаттық

материалдарының минералогиялық құрамын анықтау үшін

рентгенфазалық талдау әдісін пайдалану.......................................................9

4. Тақырып №4.Саздың негізгі қасиеттерін

анықтау..............................................................................................................13

5. Тақырып №5.Құрылыс керамика бұйымдары өндірісі үшін

шикізат материалдарының шығынын және масса құрамын есептеу.......17

6. Тақырып №6.Бұйым түрі мен сазды шикізаттың қасиеттеріне

байланысты массаны дайындау әдісін таңдау...............................................21

7.Тақырып №7.Бұйым түрі мен сазды шикізаттың қасиеттеріне

байланысты керамикалық материалдарды қалыптау әдісін таңдау...........24

8. Тақырып №8.Керамикалық құрылыс материалдар өндірісіндегі

әр түрлі тәсілдегі өңдейтін жабдықтар жұмысын талдау және

технологиялық таңдау .....................................................................................27

9. Тақырып №9.Керамикалық құрылыс материалдарын әр түрлі

әдіспен өндіру кезіндегі қалыптау қондырғыларының жұмыс істеуін

талдау және оларды технологиялық таңдау..................................................29

10. Тақырып №10..Құрылыстық керамика бұйымдарын өндірудегі

жабдықтар санын есептеу..............................................................................43

11. Тақырып №11. Құрылыстық керамика бұйымдар өндірісінде

пайдалану мақсатында өнеркәсіп қалдықтарының химиялық құрамын

талдау...............................................................................................................46

12. Тақырып №12.Керамикалық кірпіштің қасиеттерін талдау

және олардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бағалау....49

12. Тақырып №13.Қасбеттік керамикалық плиткалардың қасиеттерін

13. талдау және оның мемлекеттік стандартқа сәйкестігін бағалау.............53

14. Тақырып №14.Еденге арналған фасадтық керамикалық

плиткалардың қасиеттерін талдау және оның мемлекеттік стандартқа

сәйкестігін бағалау .........................................................................................55

15.Тақырып №15.Керамикалық жабын материалдардың қасиеттерін талдау

және оның мемлекеттік стандартқа сәйкестігін бағалау............................57

16. Қолданылған әдебиеттер.............................................................................59

 

Алшабекова Э.Н., Ақылбекова А.Ү.

 

«Құрылыстық керамика технологиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық

 

050730 - «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған

 

 

Баспаға қол қойылды. Қағаз пішімі 60˟84 1/16

Көлемі 3,5 б.т. Таралымы 100 дана. Тапсырыс № .

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 160018. Шымкент қаласы

Тәуке хан даңғылы, 5 үй,

 

 

 

– Конец работы –

Используемые теги: рылысты, Керамика, технологиясы0.142

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: рылыстық керамика технологиясы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

производство строительной керамики
Виробництво будівельної кераміки почало розвиватися в Україні ще наприкінці XIX ст коли було споруджено Харківський керамічний завод, два заводи… Будівельний фарфор і фаянс виробляють у Славуті ( Хмельницька область ) на…

Лекция 7 Теория формования керамики
Рис Схема подготовки порошка для получения керамического изделия Сухое... Рис Влияние давления на объемный вес и усадку при обжиге... Объемный вес...

Скопинская керамика
Особенно любимы в скопинской керамике драконы, львы, медведи, полканы, птица скопа, сказочные сирены и алконост. Орнамент, в основном… Предприятие выпускает декоративные квасники, кумганы, сосуды, кувшины,… Своим возникновением промысел обязан глине, залегающей в больших количествах в окрестностях города Скопина.Глиняная…

Керамика
Она образуется при разложении горных пород, богатых полевым шпатом. Состав глин разнообразен и зависит от видов горных пород, в результате… Однако в соответствии с более поздними данными глина и каолин это вещества… Чистый каолин белого цвета и отличается сравнительно малой пластичностью. Ввиду того, что он служит сырьм для…

Керамика культуры Яншао
Китайская цивилизация зарождается около пяти тысяч лет назад, однако, письменные источники охватывают только 3500 лет. Поднебесная рано достигла… Археологические исследования, которые проводились в Китае в течение последних… Отсутствие полного и всестороннего анализа керамического производство периода Яншао значительно затрудняет решение…

Керамика
Да и в сложный состав современной бумаги обязательно входит белая глина. Использовали гакну исстари и как лечебное средство. Растяжение хил лечили… Делали даже кирпичные ингаляции , раскаляя в лечи кирпич, насыпая на него… Когда молод бил. то людей кормил, а стар стад, пеленаться стал . До недавнего времени любой деревенский житель быстро…

Керамика – один из видов народных художественных промыслов
Библиография. Введение. Народные художественные промыслы занимают видное место в отечественном декоративно-прикладном искусстве. Искусство народных… Происхождение народных промыслов различно. Одни берут свое начало в… Другие промыслы происходят от деревенских ремесел. Например, многие виды гончарства, плотницкая резьба, набойка на…

0.038
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам