Талдау және технологиялық таңдау

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

 

Сабақтың мақсаты:Құрылыс керамикалық бұйымдыр өндірісіндегі шикізаттық материалдардыөңдеуге арналған меаханикалық жабдықты дұрфс таңдай білу және жұмыс істеу приципін біліп меңгеру.

 

Жартылай құрғақ әдісте сазды алғашқы босату немесе қопсыту пышақты жоңғышта (стругач), тісті, бұрандалы тас бөлгіш немесе дезинтеграторлы біліктерде іске асады. Майда ұнтақтау үшін дезинтегратор, тегіс дифференциалды біліктер, тесікті білік, құрғақтай майдалағыш жүгіргіштер, балғалы, центробежді және роторлы машинаны пайдаланады.

Ірі бөліктері мен майдаланған шикізатты фракцияға бөлу үшін елек -бурат, шайқалатын (теңселетін) жалпақ елек, дірілді елек, грохот (елек) және ауалық сепараторлар пайдаланады.

Жүдеткіш және басқа да қоспалардағы сазды және оны ыстық сумен немесе бумен ылғалдағанда еківалды араластырғышта иілімді массаны алу үшін, аз иілгішті масса алу үшін қалақты вакуумды немесе тез жүретін жүгіргіште араластырады және жүдеген масса алу үшін араластырғыш жүгіргіште дайындайды.

Массаны дайындаудағы иілгішті әдіс. Иілгішті және тұтқыр сазды тісті білікте, әлсіз және тоңған сазды саз кескіште, иілгіштігі орташа сазды тесікті білікте майдалайды. Қиын ылғалданатын және құрамында әктастың ірі бөліктері бар сазды дайындау үшін жүгіргіштерді пайдаланады.

Біртекті масса алуға қол жеткізу үшін саз ұнтақтағышты (тонтрансплер) қолданады, мұнда сазды масса майдаланып қанатты қалақпен тесікті корпус арқылы жаншылады.

Массаны майда етіп ұнтақтауды тегіс немесе тісті біліктерде, жүгіргіштерде үйкелеу арқылы іске асырады. Жүдеткіш қоспаларды алдымен ұсақтағышта, содан соң диірменде майдалайды.

Массаны екі валды саз араластырғышта дайындайды, әдетте бумен ылғалдайды. Алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда ұтымды өңдеу үшін фильтрлі решеткалы саз араластырғышты пайдаланады.