Сабақ 1 сағатқа есептелген.

 

Сабақтың мақсаты: құрылыстық керамика бұйымдар өндірісінде жабдықтар санын есептеу әдістерін меңгеру.

Жабдықтар санын есептеу 2 тәсіл бойынша орындалуы мүмкін. Бірінші тәсіл - анықтамалық әдебиеттен алынған таңдалған жабдықтың өнімділігі мен материалдық балансына сәйкес шикізаттық материалды өңдеудегі сағаттық қажеттілік бойынша таңдалған технологиялық схемаға лайықты жабдықты іріктеп алу.

2-ші тәсіл - сол технологиялық процесстің (айналу жылдамдығы, саңылау шамасы, өңделетін шикізаттың тығыздығы және т.б.) ерекшеліктерін есепке ала отырып, жабдықтың әрбір түрінің өнімділігін формула бойынша есептеуден тұрады. Қолданылатын тәсілдің қай түрі болмасын жабдықты есептеудің соңғы кезеңі болып, жабдықтың бірлік саны мен оны пайдалану коэффициентін анықтау болып табылады.

Пайдаланылатын жабдықтың бірлік санын есептеу келесі формула бойынша есептеледі:

n=Пм.б./ Qанық., дана (2)

 

мұндағы: Пм.б. – материалдық баланс бойынша анықталған сағаттық өнімділігі;

Qанық. - анықтамалық әдебиеттен немесе есептеу нәтижесінде

алынған құрал-жабдықтың өнімділігі, т/сағ немесе м3/ с.

Бөлшек сан алынған жағдайда, соңғы саны бүтінге дейін дөңгелектенеді. Құралды пайдалану коэффициентін төмендегі формула бойынша анықтайды:

 

Кп = Пм.б. / Qанық. (3)

 

Жабдықты пайдалану коэффициенті әрқашан 1-ден кіші болуы керек. Оптималды мәні Кп -0,85-н 0,36-ға дейін. Үлкен мәнге ие болғанда тозуға, ал кіші мәнде құрал-жабдық жеткіліксіз жүктемеде жұмыс жасайды.

Шикізаттық материалдарды өңдеудегі сағаттық өнімділікті анықтағанда, жабдық жұмысының ұтымды тәртібін белгілеу өте маңызды. Үздіксіз схема бойынша жұмыс жасағанда - жабдық жұмысының жылдық фонды сағат бойынша келесі формуламен анықталады:

 

Еж = (Ек -ППР)* 24, с/жыл (4)

 

мұндағы: Ек - жылдағы тәуліктің календарлық саны;

ППР - жоспарлы-ескеретін жөндеуге кететін уақыт.

Жабдық кезеңдік схема бойынша жұмыс жасағанда жылдық фонд төмендегі формула бойынша анықталады:

 

Еж = (Ек – (В+П)-ППР)*С*D, с/жыл (5)

 

мұндағы: В - демалыс күндер, тәулік;

П - мерекелік күндер, тәулік;

С - ауысым саны, дана;

D - ауысым ұзақтығы, сағ.

 

Әр түрлі жабдық жұмысының уақыт жылдық фондын анықтағаннан соң, оның сағаттық өнімділігін есептейміз:

 

Пм.б. = Пж / Еж, т/с немесе м3/ж (5)

 

мұндағы: Пж - жобаланған зауытта өңделетін шикізат түрінің мөлшері;

Еж - сол жабдық түрі үшін уақыттың жылдық фонды, с/жыл.

 

Сағаттық өнімділік жабдықтың әрбір түріне есептеледі.

Таспалы пресстің сағаттық өнімділігін есептеу үлгісі:

 

Q= 60* К*π*n * (D2 – d2) * (S- δ)/4* g , мың. дана/ с (6)

 

мұндағы: К- коэффициент, К= λ* φ* µ;

λ – қайтару коэффициенті;

φ – айналып келу коэффициенті;

µ - пресс мундштугіндегі масса көлемінің кішіреюі;

n – айналым саны, айналым/мин;

D - қалақты бұранданың сыртқы диаметрі, м;

d - бұранда күпшегінің диаметрі, м;

S - қалақты бұранданың қадамы, м;

δ- қалақтың қалыңдығы, м;

g – 1000 дана кірпішке кететін шикізат шығыны, м3.

 

Есептеу нәтижесінде алынған мәліметтер, жабдықтың оңды жағдайда жұмыс жасау кезінде алынған анықтамалық әдебиетте көрсетілген номиналдан әрқашан аз болады.

Жабдықтың бірлік саны мен оны пайдалану коэффициентін анықтағанда өнімділіктің есептік мәні (Q) 1 және 2- формуладағы бөліміндегі Qанық. орнына қойылады. Мұндай есептеулерді өндіріс технологиялық схемасына сәйкес барлық жабдықтар түрі бойынша жасайды.

Тапсырма:

1. Егер керамикалық кірпіш өндірісінде қажетті шикізат шығыны жылына 100 000кг болатын болса, валкалы ұсақтағыштың қажетті санын есептеңдер.

2. Жылына 20000000 дана өндірісіндегі таспалы пресстің қажетті санын есептеңдер.

3. Жылына өнімділігі 25млн. дана шартты кірпіш өндіретін зауыттың шикі-бұйымды кептіруге қажетті туннель санын есептеңдер. Күйдіру мен кептіру кезіндегі брактар материалдық баланс бойынша алынады. Күйдіру кезіндегі брак – 1%, кептірудегі брак – 2%, кептіргіш вагонеткаларының сыйымдылығы -240дана шартты кірпіш және кептіру процессінің циклы-30сағат.

Бақылау сұрақтары:

1. Жабдықтың техникалық сипаттамасында қандай мәліметтер болады?

2 Жабдықтың қажетті санын анықтаудың қандай тәсілдерін білесіз? Оның

маңызы..

3.Жабдықтың өнімділігі қалай есептеледі?

4.Жабдықты пайдалану коэффициенті қалай есептеледі?

5.Кәсіпорынның материалдық балансы деген не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы.

Оқу құралы, Шымкент, 2004, 75б.

2. Ю.М. Баженов, Л.А. Алимов и др. Проектирование предприятий по

производству строительных материалов и изделий М: 2005, 412с.

3. А.А. Балакиров, И.А. Грошев, В.С. Зубаков и др. Дипломное проектирование. Методическое указание по дипломному проектированию керамических заводов. – Шымкент. КазХТИ, 1993-58с.

4. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г,424с.

5. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. - М.:Стройиздат, 1989

6. Августиник А.И. Керамика. Л.: Стройиздат, 1975. 591 с.

7. Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. - М.: Высшая школа, 1985

 

Практикалық сабақ №11. Құрылыстық керамика бұйымдар өндірісінде пайдалану мақсатында өнеркәсіп қалдықтарының