Кесте –Керамикалық материалдар массаларының құрамы

 

Материал түрі Мөлшері, %
Ішкі әрлеу плиткасы Санитарлық фаянс Қасбеттік плитка Кілемді плитка Кілемді плитка Кірпіш
Саз 26-28 50-55
Каолин 30-31          
Кварцты құм 18-26 28-30      
  15-25          
Дала шпаты   2-9        
Шамот   10-14      
Шыны сынықтары          
Перлит      
Бентонитті саз          
Хром тотығы          
Темір тотығы          
Марганец рудасы          
Ағаш үгіндісі          

 

2. Кірпіш, кілемді керамика, еденге арналған плиткалар өндірісі үшін

керамикалық масса құрамындағы ерекшеліктердің немен негізделгенін

түсіндіріңіз.

3. Орташа тығыздығы 1800кг/м3 болатын 10 000 дана кірпіш және орташа тығыздығы 1350кг/м3 болатын 100 дана қуыс денелі керамикалық қабырғалы тас өндіру үшін салмақ пен көлемі бойынша қанша саз қажеттігін анықтаңдар. Кірпіш пен тас МемСт барлық талабына жауап беруі қажет. Саздың орташа тығыздығы - 1700кг/м3, оның ылғалдылығы - 15%, ал саздың қыздыру кезіндегі шығыны құрғақ саз салмағының 10 %-н құрайды.

Дайындау, түсіру және кірпішті тиеу кезіндегі болатын ақаулар барлық кірпіш пен тас партиясының 2 %-н құрайды.

4. 5т саздан қанша мөлшерде кәдімгі қызыл кірпіш алуға болады. Саздың ылғалдылығы -10%, қыздырғандағы шығын -8% құрғақ саздың салмағы бойынша. Кірпіштің орташа тығыздығы-1750кг/м3 болу керек.

5. Орташа тығыздығы 1000кг/м3 болатын кеуекті кірпіштің 1000 данасын өндіру қажет. Кәдімгі кірпіштің орташа тығыздығы 1800кг/м3. Егер ағаш ұнтағының орташа тығыздығы 300кг/м3 болса, 1000 дана кеуекті кірпіш өндіру үшін қажет болатын ағаш ұнтағының мөлшерін (салмақ бойынша) есептеңдер.

6. Өлшемі 150х150х13мм болатын еденге арналған плитканың 1000 данасын дайындау үшін қанша саз қажет, егер плитканың кеуектілігі -4,0, күйген массаның нағыз тығыздығы – 2,52г/см3 болса, ал кептіру мен күйдіру кезіндегі шығын саз салмағының 15% құрайды.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Керамикалық массалардың негізгі компоненті.

2. Сазды шикізаттың қасиеттерін реттеу әдістері.

3. Жүдедететін қоспалардың маңызы және олардың түрлері.

4. Жанып кететін қоспалардың маңызы және олардың түрлері.

5. Балқу температурасын төмендететін қоспалардың маңызы және олардың түрлері

6. Пластификациялаушы қоспалардың маңызы және олардың түрлері.

7. Керамикалық массалардың құрамын анықтау принципі.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

құралы, Шымкент, 2004

2. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г, 424с.

3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. –М.:Стройиздат, 1989

4. Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М.:Высшая школа, 1989

5. Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат,

6. Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

7. Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.

8. Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной

керамики. М.:Высшая школа, 1985