Түйін

Бұл тақырыпта жұмыс күші мәселелері қарастырылып, оның әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы берілді. Еңбек ресурстарының жұмыспен қамтылу дәрежесі, әсіресе қазіргі кезеңдегі, экономика құрылымы мен салалары бойынша жұмыс күштерін қайта бөлу тетігінің әсері өте маңызды проблема болып саналады.

Еңбек нарығы теориясы мен еңбек нарығының тетігін талдауда тұжырымдамалық көзқарастар белгілі қызы-ғушылық тудырады (еңбек нарығының классикалық моделі, неоклассикалық моделі, кейнсиандық моделі, монетаристік моделі)

Жұмыссыздық нысандары, оның түрлері, Оукен заңы және жұмыссыздықты реттеу мәселелері толық көрсетілген.

Негізгі терминдер:

Еңбек ресурстары. Жұмыс күші. Жұмыспен қамтылу. Жұмыссыздық

Циклдік жұмыссыздық Жұмыссыздың деңгейі Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі Жұмыссыздықтың инфляциялық деңгейі Жұмыссыздықтан сақтандыру Жұмыссыздықты күту Оукен заңы

• Фрикциондық жұмыссыздык Құрылымдык жұмыссыздық..

• Жұмыссыз жастарға;

• 30-дан асқан және 45-тен жоғары жастағы жұмыссыздарға;

• Ғылымды көп қажетсінетін салаларға мамандар дайындау т.с.с

Бұдан басқа да, жұмыссыздарға арналған арнайы клубтар жұмыс істейді, онда кеңестер, ұсыныстар беріледі, жұмысқа қабылдау тестілерінен өтеді, бос орындар іздесуге көмектеседі, тегін кеңсе жабдықтарын және жұмыс іздеуге телефондар береді.

Дамыған елдер жұмыссыздарға материалдық жәрдемақы түрінде әлеуметтік көмектер береді. Оны алу үшін негізгі жұмыста істеген мерзімі талап етіледі немесе қоғамдық жұмыс (науқастарды, кәрілерді, мүгедектерді күтіп бағу, қаланы кеңейту т.с.с) істеуі тиіс. Жәрдемақы алу үшін табысқа қарай сақтандыру жарнамасын төлеу қажет. Жәрдемақы төлеу мерзімдері қатаң шектелген. Мәселен, АҚШ-та жәрдемақы алудың ең шекті мерзімі 26-30 апта, Жапонияда - 40 апта, Германияда - 104 апта.

Кейбір дамыған елдерде жұмыссыздық жәрдем-ақысымен қатар қосымша жәрдемақылар төленеді, олар "мүқтаждықты" тексергеннен кейін ғана беріледі, яғни отбасы құрамы, еңбек қызметі, жұмыс істеген мерзімі және аясы, мемлекеттік марапаттаулары т.б.

Сонымен, жұмыссыздықтың болуы халықтың әлеуметтік қорғалу мәселелерін тудырады, оған XX ғ. екінші жартысынан бастап бүкіл дүние жүзі айрықша көңіл бөледі. Нарықтық жүйе жұмыс күшінің тұрақты жұмыспен қамтылуына кепілдік бермейді. Сондықтан мемлекет халықтың табыс деңгейінің, олардың жалпы көлемінің 50%-дан асуын қамтамасыз ететін, әлеуметтік корғау жүйесін құрады.

Әлеуметтік қорғау алғаш рет 1883 жылы Германияда, 1911 жылы Англияда, 1935 жылы АҚШ-та пайда болды. Ол Скандинавия елдерін ерекше табысқа жеткізді.