Т=ЖҚӨ - МШ

мұндағы: ҰТ – ұлттық табыс,

ЖҚӨ - жиынтық қоғамдық өнім,

МШ – материалдық шығындар.

Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және қолдану (тұтыну мен қорлану). Өндіріс сатысында ұлттық табыс барлық салада құрылатын таза өнім түрінде болады; бөлу сатысында

(және қайта бөлу немесе үлестіру) - әртүрлі бірінші және екінші табыс түрінде болады; айырбас сатысында – тауардың өндіріс құрал - жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды; қолдану сатысында – қорлану мен резерв түрінде болып келеді.

Қолданудың түпкілікті фазасында ұлттық табыс екі қордан тұрады: а) тұтыну қоры; ә) қорлану қоры.Ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейі мен өсуі, сондай - ақ өндіріс аумағы мен оның өсу қарқынына байланысты. Ұлттық табыс жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50%-ын құрайды. Ұлттық табыс қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына кем, шамамен 8-10% болады.

Егер ұлттық табыс көлемін елдегі тұрғындар санына бөлсек, онда өте маңызды экономикалық көрсеткішті табамыз: тұрғындар өмір деңгейінің айнасы – жан басына шаққандағы ұлттық табыс.

 

Кейбір дамыған елдердегі басына шаққандағы ЖІӨ көлемі

Ең кедейлік деңгей Кедейлік деңгейі Орташа деңгей Орташадан жоғары деңгей Бай деңгей     Бай деңгей
725 дейін $ 726-1395 $ 1396-2895 $ 2896-5055 $ Жан басына шаққанда 5055 $ жоғары Жан басына шаққанды 5055 $жоғары
Индия – 0,4 Қытай – 0,6 Мозамбик – 80 Танзания – 0,1 Қырғыз-стан - 30 Гренада – 1,3 Өзбекстан – 960 Индонезия – 1,0 Қазақстан - 30   Суринам (Оңтүстік Америка) – 2,3 Венесуэла -2,2 Турция – 2,7 Ресей – 2,5 Чили – 4,4 Польша – 3,0 Малайзия – 4,2 Бразилия – 4,3 Иран -3,5   Біріккен Араб Әмірлігі–16,7 Сингапур–28,4 Кувейт–15,8 Израиль-15,4 Оңтүстік Корея-10,2  

Әлемдік қауымдастыққа енетін елдер бойынша өмір деңгейін анықтау үшін жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін қолдануға болады. Біз көрсетіп отырған мәлімет шартты әрі өзгермелі болғанымен, тартымды екендігіне дау жоқ. Осы көрсеткіш қарастырып отырған елдердегі тұрғындардың өмір деңгейімен ғана шектелмей, қоғамдық өндірістің тиімділігін де байқатады.

Дамыған елдерде ЖІӨ өндірісі жан басына шаққанда 21 мың доллардан асып кетеді