Нарық үлгілерінің сипаты

Жетілген бәсеке Жетілмеген бәсеке
Таза бәсеке Монополистік бәсеке Олигополия Таза монополия
Анықтамасы Нарықта сатушы формалардың саны көп бір-тектес тауар, бірде бір фирма бағаға ықпалын жүргізе алмайды Нарықта сату-шылардың саны көп, тауарлары әртектес Нарықта бірнеше ірі фирмалар билік жүргі-зеді. (егерде екеу болса дуополия) Нарықта бір ғана сатушы билік жүргізеді, бағаға ықпалы өте күшті
Фирмалардың саны Өте көп Көп Бірнеше Бірғана
Тауардың түрі Біртектес Әртектес Жеке дара Алмастыратыны жоқ біртектес
Бағаға бақылау Болмайды Орташа Орташа Мемлекет тара-пынан бақылау болады.
Салаға кіруге кедергілер Ешқандай қиыншылық жоқ Ешқандай қиыншығы жоқ Салаға кіруге кейбір қиын-шылықтар болады Кіру өте қиын
Бағалық бәсеке Болмайды Өте жоғары деңгейде болады Орташа деңгейде болады. Болмайды

 

Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:

1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).

2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.

3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.

Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.