Кәсіпорындардың негізгі формалары

Формалар Артықшылықтары Кемшіліктері
Жеке шаруашылық -бизнес, иесі бір адам. - Іс әрекеттің еркінділігі, - тәуелсіздік, - барлық пайдаға ие болу - Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі, - несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі.
Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма: - жауапкершілігі шектеулі, - толық жауапкершіліктегі, - жауапкершілігі аралас серіктестік. - Ұйымдастырудің қарапайымдылығы, - қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл, - мамандандырылу-дың деңгейі жоғары, - өндіріс көлемін кеңейту мүмкін-шілігі мол. - әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі, - серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі, - құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы, - бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.
Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық. - Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі, - фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қоймайды.) - Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі, - акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі, - кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

 

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындар түрде болуы мүмкін. Нарықтық экономика жағдайында фирмалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес- жоспарды жасау – жалпы қолданатын құрал. Бизнес-жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады.