Табыс және пайда.

 

Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар- нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.