Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.

 

Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады.Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді.Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 2009-2010 жылдары бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген бақылау аясында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы талаптарының 7,6 млрд. теңгеге, соның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 27,4 млн. теңгеге бұзылғаны анықталды.Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-шараларын орындауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты Министрліктің қызметі тиімсіз жүргізілген деп танылды.Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы) және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі Жарлығы) қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күшін жойды.Қазіргі кезеңде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында көзделген.Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында:төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамыту;2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын төмендету;

cу үнемдеу;

шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;

халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының жерлерің шаруашылық мақсатқа пайдалану;

байырғы ластануларды жою;

өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру;

әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды іске асыру жоспарланғанын айта кету керек.Алайда, тек екі бағдарлама ғана, атап айтқанда, «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» және ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1224 қаулысымен күші жойылған «Халықтың көшi-қоны мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу туралы» дайындалған.Байырғы ластануларды жою жөнiндегi, сондай-ақ өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi арнайы бағдарламалар әзірленбеген.Ал әзірленеді деп жоспарланған қалған бағдарламалар жекелеген мәселелер түрінде «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама) көрініс тапты.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін іске асыру саларалық өзара іс-қимылдарда көптеген мәселелерді шешу үшін көзделген, соның ішінде: қызған газдардың шығарындылары, атомосфералық ауаның ластануы, экологиялық апат аймақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өнеркәсіп және тұтыну қалдықтары, су ресурстары, жасылдандыру және басқалар.

Даму үрдістері мен перспективалары.Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің даму барысыөткен ғасырдың 80-ші жылдары ең жоғары шарықтау шегіне жетті. Бірақ кейін жағдай күрт өзгерді. 1983-99 жылдары Қазгидромет метеорологиялық станциялардың 35%, гидрологиялық бекеттердің 65%, агрометеорологиялық бақылау пункттердің 55%, аэрологиялық станциялардың 47% жабуға мәжбүр болды.2000 жылдан бастап бұрынғы жабылған бақылау бекеттері қалпына келтіріліп, жаңа бақылау желілері мен талдау зертханалары ашылды. Болашақта жаңа бақылау пункттерін ашу, бар пункттерді жаңғырту, автоматты метеорологиялық станцияларды орнату, ақпараттарды жинақтау, өндеу және таратудың базалық технологиясын, қоршаған ортаның жай-күйін болжау әдістерін дамыту, сонымен қатар ақпараттарды өңдеу мен тарату жүйесін жетілдіру ұйғарылып отыр. Трансшекаралық өзендердің мониторингіне ерекше назар аударылатын болады.

Гидрометеорологиялық және қоршаған ортаның жай-күйі мониторингін дамыту нәтижесінде қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды алдын ала ескерту ұлғайып, гидрометеорологиялық болжамдардың өзін-өзі ақтауына, қоршаған ортаның жай-күйіжөнінде ақпараттардың дәлдігін көбейтуге мүмкіндік береді.

Ескі болжау әдістерін жетілдіру және жаңаларын енгізу әкімшілік аудандар бойынша метеорологиялық болжауларды жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Қазақстанның таулы өзендерінде айлық гидрологиялық болжамдар жылдың жылы мезгілінде жасалады, сонымен қатар өсімдік және мал шаруашылығына қатысты агрометеорологиялық жаңа болжамдардың түрлері енгізілетін болады.

2008-2010 жылдары «Экологиялық паспорттарды құру мақсатымен ауылдық аймақтарды экологиялық-демографиялық зерттеу» жобасы бойынша 1603 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) зерттеліп, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары округтерінің 473 экологиялық паспорттары құрылды. 313 ауылдық округтегі экологиялық жағдай қанағаттанарлық, ал 160 елді мекенде алаңдаушылық туғызарлық деген бағаға ие болды. Бұл ретте, ауылдық тұрғындарды сумен қамсыздандыруды қанағаттарлық деп санауға болмайды. Әзірленген АЕМ экологиялық паспорттарында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынылған.

2008-2009 жылдарда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының 572 ауылдарында радиациялық мониторинг жүргізілді. Ауылдардағы радиациялық жағдай жалпы қанағаттанарлықтай, сонда да, 203 ауылда ауыз судағы альфа-активтіліктің шектен асуы анықталды, 123 ауылда тұрғын және қызметтік үй-жайлардың ауасында радонның шоғырлануы шектен асады және 24 ауылда судағы радонның шоғырлануы шектен асады. 2010 жылы 325 ауылда радиациялық мониторинг жүргізілді.

Қазақстан тұрғындарының табиғи радиоактивті көздерден сәулелену тәуекелін төмендету 2012-2017 жылдардағы зерттеу бойынша қамтамасыз етіледі, оның мақсаты Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында 8000 үйдің ауасында (жылына 2000 үйден) радон шоғырлануын анықтау болып табылады.

Азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуларын қауіпсіз, тұрақты және тиімді жүзеге асыру мақсатында нақты метеорологиялық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету және ауа райының қауіпті құбылыстарының туындауын алдын ала ескерту қажет.

2007, 2010 жылдары «Қазаэросервис» АҚ жарғылық капиталын толықтыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге көлемінен астам қаражат бөлінді, бұл 13 әуежайлардағы метеорологиялық жабдықты жаңғыртуды және техникалық қайта жабдықтауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта осыған ұқсас метеорологиялық жабдықпен Орал, Талдықорған, Балқаш, Петропавл және Семей қалаларындағы әуежайларды жабдықтау жоспарлануда.

Ауа райының қауіпті құбылыстарының туындауын ертерек ескерту және болжамдардың ақталу деңгейін арттыру бойынша ұшулардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін еліміздің барлық аумағы бойынша қос поляризациялы доплерлік локаторлар жүйесін құру қажет.

Халықаралық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүйесін жетілдіру аясында елдің авиаметеорологиялық мәліметтер банкін құру және Қазақстан Республикасының әрбір әуеайлағының климаттық сипаттауын әзірлеу қажет.

Аталған іс-шара Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы стандарттарына сәйкестендіруге, сонымен қатар халықаралық және отандық авианавигациялық пайдаланушыларды метеорологиялық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету аясында авианавигациясына қызмет көрсетудің сапалы жаңа әдістеріне көшуге мүмкіндік береді.