Алдықсыз, және аз қалдық технологиялар.

3.Қазақстандағы әрекететуші және жабылған полигондар.

 

Сабақтың мақсаты:Трансшекаралық сипаттағы мәселелерді қарастыру

Трансшекаралық экологиялық проблемаларға су бөлу, трансшекаралық су объектiлерiн, атмосфералық ауа мен топырақты ластау, қауiптi технологияларды, заттар мен қалдықтарды өткiзу, пайдалы қазбалардың шектес жатқан кен орындарын игеру, бiрегей табиғи кешендердi сақтау мәселелерi жатады. Трансшекаралық экологиялық проблемалар елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақтылы сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу халықаралық шарттар шеңберiнде көршiлес мемлекеттердiң бiрлескен iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi. 2003 жылдың басында Қазақстан Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды, бұл қауiптi қалдықтарды декларациялау жөнiндегi жаңа кеден ережелерiн белгiлеуге және кейiннен олардың қайталама шикiзат пен өнiм түрiнде республика аумағына олардың қайтадан түсуiн болдырмауға мүмкiндiк бередi. Қазақстан трансшекаралық өзендердi ұтымды пайдалану және қорғау проблемасын шешуге бiрыңғай құқықтық тәсiлдердi қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық өзендердi қорғау мен пайдалану жөнiндегi Хельсинки конвенциясына қосылды. Алайда, Орталық Азия өңiрiнiң қалған елдерi бұл конвенцияға қосылмағандықтан, трансшекаралық ағын сулар ағыны дұрыс та әдiл пайдалануды қамтамасыз ету, қауiптi заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердiң алдын алу, "ластаушы төлейдi" қағидатын орындау жөнiнде шаралар қолданған жоқ. Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердiң алдын алу және жою үшiн: 2005 - 2007 жылдары Қазақстан мен iргелес мемлекеттердiң шекаралас аудандарын экологиялық бағалау жөнiндегi бiрлескен зерттеулер жүргiзу; Орталық Азия мемлекеттерiнiң Хельсинки конвенциясына қосылуы жөнiндегi Қазақстанның бастамасын өткiзу арқылы трансшекаралық су проблемаларын шешу; бiрегей табиғи кешендердi сақтау мақсатында 2005 - 2006 жылдар барысында iшiнде Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян өңiрiнде трансшекаралық биосфералық аумақтар құру қажет. Қабылданған шаралардың нәтижелерi ықтимал трансшекаралық экологиялық қатерлердi анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетiн болады. Әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондарының әсерi . Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының аумағында төрт әскери сынақ полигоны және "Байқоңыр" кешенi жұмыс iстейдi. Зымырандардың жерге түскен және құлайтын бөлiктерi, аса улы отынның төгiлуi және қоршаған орта мен тiкелей жақын жерде тұратын халыққа қолайсыз әсер ететiн басқа да факторлар нақты экологиялық қауiп төндiредi. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыру бөлiнетiн бөлшектер құлайтын жалпы ауданы 12,24 млн. гектар аудандармен қамтамасыз етiлген. Осы жағдайларда қоршаған ортаның жай-күйiн бағалау ғарыш құралдарын, әскери техниканы және әскери объектiлердi шығару, сынау, сақтау және пайдалану орындарында, сондай-ақ өнеркәсiп ұйымдары орналасқан, зымыран-ғарыш қызметiн жүзеге асыратын әскери бөлiмшелер мен құрылымдар тұрған орындарда техногендiк ықпалдың алдын алу мен оны жою проблемасын шешуде маңызды орын алады. Қазiргi уақытта "Қазақстан Республикасы аумағының зымыран-ғарыш қызметiмен байланысты учаскелерiнiң экологиялық жай-күйiнiң мониторингi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449 қаулысымен бекiтiлген Елдiң минеральдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде әскери-сынақ полигондарының аумақтарын кешендi гидрогеологиялық және геоэкологиялық зерттеулер басталды. Бiрқатар мiндеттердi шешуде ғарыш құралдарына балама жоқ болғандықтан, зымыран-ғарыш қызметiнiң қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн азайту, зымыран-ғарыш кешендерiнiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету барған сайын өзектi болуда.

 

1. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Конференциясында қабылданған құжаттарды көрсетіңіз:

A) Барлық орман түрлерінің басқару; сақтау және тұрақты даму бойынша ғаламдық консенсустың қағидалары туралы өтініш.

B) «Біздің болашағымыз» өтініші.

C) Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы.

D) Озон қабатын қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасы.

E) «Өсу шектері» бағдарламасы.

 

2.Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Конференциясында қабылданған құжаттарды көрсетіңіз:

A) Қоршаған орта мен даму бойынша Рио декларациясы.

B) «Біздің болашағымыз» өтініші.

C) Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы.

D) Озон қабатын қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасы.

E) «Өсу шектері» бағдарламасы.

 

3.Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Конференциясында қабылданған құжаттарды көрсетіңіз:

A) «Өсу шектері» бағдарламасы.

B) «Біздің болашағымыз» өтініші.

C) Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы.

D) Озон қабатын қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасы.

E) XXI ғасырға күн тәртібі

 

4. Алыс кеңістікте ауаныңтрансшекаралық ластануы туралы Конвенция қабылданды:

A) 1992 ж.

B) 1979 ж.

C) 2000 ж.

D) 1972 ж.

E) 1986 ж.

 

5. Қоршаған ортаны қорғаудың әлемдік күні:

A) 5 мамыр.

B) 5 мауысым.

C) 10 қыркүйек.

D) 1 қаңтар.

E) 6 тамыз.

 

6. Монреаль конференциясыөтті:

A) 1986 ж.

B) 2000 ж.

C) 2002 ж.

D) 1987 ж.

E) 1972 ж.

 

7. Гринпис ұйымның қалыптасу жылын көрсетіңіз:

A) 2002 ж.

B) 1992 ж.

C) 1986 ж.

D) 1972 ж.

E) 1971 ж.

 

8.Италия, Англия, АҚШ мен КСРО арасындағы Антарктида туралы келісімге келді:

A) 1980 ж.

B) 1959 ж.

C) 2000 ж.

D) 1983 ж.

E) 1966 ж.

 

9.Ауыл шаруашылық бойынша БҰҰ мүшесін көрсетіңіз:

A) ЮНЕП.

B) ЮНЕСКО.

C) ФАО.

D) БДСҰ.

E) МАГАТЭ.

 

10. Озон қабаты бойынша Веналық келісімге қол қойылды:

A) 1995 ж.

B) 2000 ж.

C) 1985 ж.

D) 1970 ж.

E) 1990 ж.

 

15 сабақ. Атмосфераның ауа райы, ғарыштың, климаттың, озон қабатының шекарааралық қорғауы,