Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсыныстар

Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларының жалпы көлемі стационарлы және жылжымалы ластау көздерінен төгінділердің сомасы ретінде анықталады.

Шығарындылардың стационарлы көздері үшін күкірт диоксиді (SO2), азот оксиді NOx (диоксид азотына қайта есптегенде), аммиак (NH3), қатты бөлшектер (ҚБ10, ҚБ2,5 және қатты бөлшектердің (ҚБ) сомасы), көміртегі оксиді (СО), буға айналатын метанды емес органикалық қосылыстар (БМОҚ), тұрақты органикалық қосылыстар (ТОҚ, полихлорбифенилдерді қоса (ПХБ), диоксиндер/фурандар және полициклді хош иісті көмірсутектер (ПХК)) және ауыр металдар (ең алдымен кадмий (Сd), қорғасын (Pb), және сынап (Hg)), сондай-ақ спецификалық ластайтын заттар (хлор, фенол, бензол және оның қосылыстары) шығарындылары бойынша деректерді қадағалауды ұсынылады.

Жылжымалы көздер үшін көміртегі оксиді (СО), азот оксидтері NОx (диоксид азотына қайта есптегенде), көмірсутектер (СН), күйе, күкірт диоксиді (SO2), қорғасын қосылыстары, тұтастай транспорт құралдарының түрлері (автомобильік, теміржолдық, әуе, су, жол-құрылысы транспорты) бойынша формальдегид және бензапирен шығарындыларын қадағалау қажет.

Осы көрсеткішті тоннамен өлшеуге ұсынылады (үтірден кейін үш ондық санмен).

Көрсеткішті тұтастай және «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» (ЭҚЖЖ) сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша қадағалау қажет.

Мемлекет аралық салыстырулар үшін көрсеткішті мемлекет территориясының км2, жан басына және жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) бірлігінешығарындылардың саны ретінде қалыптастырған жөн. ЖІӨ тұрақты бағаларда ұлттық валютада және АҚШ долларында, сондай-ақ АҚШ долларындағы сатып алу қабілеттілігінің паритетінде көрсетіледі. Осы көрсеткіш өндірілетін өнімнің бірлігіне (тонна, кВт-сағ және т.б.) шығарындылардың килограммында (кг) көрсетілуі мүмкін.

Осы көрсеткішке одан әрі толық талдау жүзеге асыру мүмкіндігі үшін ауланған және залалсыздандырылған, соның ішінде кәдеге жартылған ластайтын заттардың көлемі туралы деректерді қадағалау қажет. Бұдан басқа, шығарындылардың ағымдық көлемін белгіленген жол берілетін шекті мәндермен салыстыруды жүргізген жөн.

Қазіргі кезде стационарлы көздерден атмосфераға ластайтын заттардың шығарындылары көрсеткішін қалыптастыру үшін ҚР Статистика агенттігі жүргізетін атмосфераға ластайтын заттардың жалпы шығарындыларының мөлшеріне және ластау көздерінің тазарту қондырғыларымен жабдықталғаны мен жабдықталмағанына тәуелсіз ауаны ластаудың стационарлы көздері бар барлық заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері жартыжылдық кезеңділікпен қамтылатын 2-тп (ауа) нысаны бойынша статистикалық байқаудың деректері пайдаланылады.

Көрсеткішті қалыптастыруға кәсіпорында ұйымдастырылған алғашқы есепке алу, ластаудың стационарлы көздері мен олардың сипаттамаларын есепке алу журналдары, газдан тазарту және шаң ұстайтын қондырғылардың жұмысын есепке алу журналдары, сондай-ақ кәсіпорынның экологиялық паспортының деректері негіз болады.

Өнімді өндіру үдерісінде шикізат немесе жартылай фабрикат түрінде пайдаланылатын газдармен бөлінетін заттардың саны туралы деректер, егер бұл осы технологияның жобасымен басынан бастап қарастырылған болса атмосфераға ластайтын заттар шығарындыларының жалпы көлеміне жатқызылмауға тиіс. Атап айтқанда, техникалық көміртегі зуыттарындағы күйені өндіруде реакторлардан бөлінетін газдарды тазарту, фосфорлық зауыттарда сары фосфорды өндіруде кендік-термиялық пештерден бөлінетін газдарды тазарту, химиялық зауыттарда күкірт қышқылын өндіруде «қайнайтын қабат» пештерінен бөлінетін газдарды тазарту барысында қалыптасатын және кәдеге жаратылатын заттар есепке алынбайды. Технологиялық отын ретінде пайдаланылатын домналық газдардың құрамында болатын көміртегі тотығы қара металлургия кәсіпорындарында есепке алынбайды. «Қос адсорбция» және қос байланысу қондырғылары мен жүйелерімен ауланған, түсті және қара металлургия, химия, мұнайхимия және басқа салалар зауыттарынан бөлінетін газдардан өнімді алу үшін қызмет ететін заттар есепке алынбайды. Заттардың қалыптасуы мен шығарылуы келтірілген жағдайлардың атмосфераға жартылай аулау және технологиялық жабдықтардың герметикалық еместігі салдарынан газдардың жайылып кетуі нәтижесінде шығарылатын ластайтын заттар ғана есепке алынуға тиіс.

Атмосфералық ауаға жылжымалы көздерден ластайтын заттардың шығарындыларын есептеу транспорт түрлері, олардың жасы, жүріп өткен қашықтығы, пайдаланылатын отынның саны мен сапасы бойынша көлік құралдарының санына байланысты іске асыруға ұсынылады. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі есептеулер үшін методологиялық негіз ретінде Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі №100-п. Бұйрығымен бекітілген «Автокөлік кәсіпорындарынан ластайтын заттардың шығарындыларын есептеу әдістемесі» және «Темір жол көлігі кәсіпорындарында атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларын есептеу әдістемесі» әзірленді.

Тікелей өлшеулер мен технологиялық есептеулер деректері жоқ салалар бойынша «Атмосфералық шығарындыларды түгендеу бойынша басшылығына» ЕМЕП/CORINAIR сәйкес қызмет түрлері бойынша статистикалық деректерді пайдаланудағы үлгілеуді (моделдеуді) қолданған жөн.