Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.

1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».

2. Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мүнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.

3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.

4. Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.

Экономикалық жүйе элементтерінің экоомикалық ықпал етуі институттар көмегімен жүзеге асырылады.

Институттар –экономикалық жүйелер аясындағы адамдар арасындағы өзара әрекетесуді реттеп отыратын формаланған ережелер мен формаланбаған нормалар. Институттарды таңдаудағы басты мақсат - трансакциялық шығындарды минимумға жеткізу болып табылады.

Институттар жасалуында мемлекеттің ролі зор. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің басты мінеті – бизнес жүргізу және бәсекелестік үшін жағымды шаруашылық жағдайлар тудыру.

Қазақстан Азаматтық кодексінде бірнеше категориялары бар:

Иемдену - мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Пайдалану - мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың, сондай ақ одан пайда табудың іс жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету – мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.

Меншік заң категориясы ретінде құқықтық нормаларында белгіленгендей меншік объектілерін иемдену, пайдалану қатынасын көрсетеді.

Меншік субъектілеріне тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топтар, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары жатады. Объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, жұмыс күші және интеллект.

Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері:

1991-1992 - Реформалаудың басталуы, мемлекеттік орталықтан жоспарлы жүйеден нарықтық экономикаға өту. Кәсіпорынарды жеңілдікпен беру, ұжымдық және акционерлік меншіктердің қалыптаса бастауы, тұрғын үй купондарының пайда болуы.

1993-1995 - ҚР Президентінің 1993 жылы 5 наурызда шыққан жарлығымен бекітілген ҚР 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына сәйкес жұмыстар жүргізіле бастады. 200-ден 5000 жұмысшылары бар орта кәсіпорындар ашыла бастады. Инвестициялық жекешелендіру купондарына жаппай жекешелендіру басталды. Аса жұмысшылары бар ірі кәсіпорындар пайда болды және жеке жобалар бойынша жекешелендіру басталды. Ауыл шаруашылығының жекеше процестері қалыптасты.

1996-1998 - ҚР Үкіметінің 1996 жылы 2 ақпанда қаулысымен бекітілген ҚР-ның 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру және қайта құрылымдаудың бағдарламасына сәйкес жұмыс істеді. Бұл тұста жекеменшік секторының басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту қарастырылды және меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендіруін қарастырды.

1999-2000 аралығында жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Осы тұста мемлекеттік мүлікті конкурстық негізде жекешелендіре бастады. Мемлекеттік акцияларды иемдену министрліктер мен ведомстволарға жүктелді.

Қорытынды

 

Дәрісте экономикалық дамудың мәні анықталды, меншік ұғымымен таныстырылды. Меншіктің түрлері. Қазақстан Республикасында меншік қатынастарды қайта құру және т.б. меншіктік қатынастардың мәніне көңіл бөлініп.кәсіпкерлік, оның ұйымдастыру формаларына талдау жасалды. Сонымен бірге Экономикалық жүйелер және оның типтері, заңдылықтарын дәрісте толық қамтылды.