Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Тауар дегеніміз не? Тауардың мәнін ашу үшін, оның қасиеттерімен танысып, тарихына үңілу керек. Тауардың пайда болуымен ақша қатынастары дами бастайды, осыған байланысты ақшаның тарихына тоқтала кету керек. Ақшаның атқаратын маңызды қызметтері, олардың қазіргі таңда алатын орны. Бүгінгі таңда ақшаға қандай қасиеттер тән?

Нарық дегеніміз не? Нарықпен тығыз байланысты ұғымдарға тоқталыңыз. Нарықтың атқаратын қызметтері және оның негізгі элементтеріне не кіреді? Қазіргі индустриалды-инновациялық экономикада нарық қандай рөл ойнайды? Нарықта жасалатын сауда мен коммерцияның айырмашылығын ажырата білу.

 

 

  1. Мәселелік дәріс. Бәсеке және монополия.

Мақсаты: Нарықтың жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке жағдайындағы қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру арқылы, олардың негізгі тетіктерінің қалай қызмет атқаратының көрсету, айырмашылықтарына талдау жасау. Осы мақсатқа жету үшін мына сұрақтарға жауап іздеу керек:

 

1. Жеке нарықты микроэкономикалық талдауының ерекшеліктері. Жетілген бәсеке, оның шарттары. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның негізгі түрлері.

2. Сұраныс: анықтамасы, қисығы, заңы, икемдiлiгi. Ұсыныс: анықтамасы, қисығы, заңы, икемдiлiгi. Жеке нарықтық тепе-теңдiк пен теңестірілген нарықтық баға.

3. Монополия және монополистiк бәсеке. Олигополия. Таза монополия. Табиғи монополия.

4. Жетілген және жетiлмеген бәсеке жағдайында баға мен өндiрiс көлемiн анықтау.

 

Негізгі түсініктер:Жетілген бәсеке, жетілмеген бәсеке,сұраныс көлемі, ұсыныс көлемі, сұраныс заңы, ұсыныс заңы, сұраныстың өзгерісі, ұсыныстың өзгерісі, бағаға және табысқа сұраныстың, ұсыныстың икемділігі (созымдылығы), жеке нарықтағы тепе-теңдік, тепе-теңдік баға, монополия, табиғи монополия, таза монополия, монополистік бәсеке, олигополия, дуаполия, монопсония, олигопсония.

Қысқаша мазмұны. Бәсекелестік күрес - жылжымалы, өктемелі үрдіс. Оның өлшeмi болып жағдайдың тепе-теңдігі емес, экономикалық байланыстың барлық салаларындағы және белсенді кәсіпорынындағы негізгі ойларды үнемі бұзып отыру жатады. Кәіспкердің қаперіне: егер сұранымға, қоғамның қажеттігіне бағдарланбай жүргізген болса, онда сіздің шығындануыңыз ешгкімге де әсерін тигізбейді. Бәсеке үнемі мынадай талаптарды қояды:

1. Қажеттілік пен ынталандыруды, олар әсер етерліктей ғана қажеттіктерді зерттеңіздер, оларға өз тауарларыңызды ыңғайланыздар.

3. Тауарларыңызды мүмкіндікінше тұтынушыларға аса кажетті қылып шығарыңыздар. Өндіргентауарыңызға деген қажеттілік өскен сайын, оның пайдалылығы жоғарылайды, тауарыңыздың сатылып кетуіне мүмкіндікте молаяды.

4. Қашанда "сұраныс" болу үшін, тұтынушылардың ынталықтарындағы өзгерістерін де кезінде тап басып, тани білу керек.

 

Жетілген бәсекенің негізгі шарттары: 1) Кәсіпорын-сатушылардың өте көп болуы; 2) Стандарттанған өнімдер. Осы бағамен өнімді кімнен сатып алу тұтынушыға бәpiбip, өйткені олар бір-бірлеріне өте ұқсас. Стандарттау нәтижесінде бағалық емес бәсеке үшін негіз жоқ. Бағалық емес бәсеке - өнім сапасының айырымы, жарнама немесе өнім таратуды ынталандыру арқылы бәсеке. 3) Сатушы бағаны бақылауды жүзеге асыра алмайды, ceбeбi әpбip фирма өнімдердің аздаған бөлігін өндіреді. Бәсекелі фирма нарықтық бағаны қоя алмайды, бірақ оған икемделе алады. Сатушы мұнда - баға алушы болып шығады; 4) салаға еркін кipiп және одан еркін шығу; 5) ақпаратты еркін түрде алуға болады.

Сұраным - уақыттың қазіргі әpбip сәтіндегі белгілі баға бойынша тұтынушылардың тауардың белгілі бір бөлігін сатып алуға дайындығы (ниеті). Төлемге қабілетті сұраным - бұл адамдардың өз табыстарына (сатып алу қабілеттігімен) сүйенген, олардың әр түрлі тауарларға деген қажеттіліктерінің көpiнici. Сұраным ақша түрінде және белгілі бip баға бойынша тауарлар мен қызметтерді сатып алуға келіскен тұтынушылардың санымен белгіленеді. Ұсыным- уақыттың қазіргі әp6ip сәтіндегі белгілі баға бойынша өндірушілердің тауардың белгілі бір санын сатуға дайындығы (ниеті). Тауардың бағасы - ол ақша түріндегі тауардың құны. Сұраным пен ұсынымның бірдей болу деңгейінде баға құнға, яғни қоғамдық қажетті шығынға дәл келеді. Құн - сатып алушылар мен сатушылар мүдделерінің тепе-теңдігі, яғни сұраным бағасы мен ұсыныс бағасының тепе-теңдігі болып шығады. Оның негізінде шекті пайдалылық, өндіріс шығындарын көрсететін ұсыныс бағасы жатады.

Таза монополия - бip фирма өнім өндіру жөнінен салада жалғыз ғaнa, оны ауыстыра алатындай басқа фирмалар жоқ. Өзге тән белгілер: Монополияның өнiмін ауыстыратын басқа игілік жоқ. Сатып алушысы үшін балама жоқ. Жарнамамен шұғылданарлықтай қатты қажеттілік жоқ. Таза монополист бағаға билік етеді. Фирма бағаны бақылауды жүзеге асырады, себебі ол барлық ұсынысты бақылайды. Таза монополия жағдайында ол салаға енуге күшті тосқауыл қойылған.

Монополистік бәсеке - көптеген сатушылар бip- бipiнe ұқсас, жекелеген сипаттамалары бойынша бip-бipiнен ерекшелеу көптеген тауарларды рынокқа жеткізеді. Айырықша белгілері: Әрбір фирма салыстырмалы түрде ғана барлық рыноктың аздаған­ ғана бөлігіне ие бола алады, сондықтан да ол нарықтық бағаны өте шектеулі түрде ғана бақылайды. Өнімдерді сапа, орналастыру, қызмет көрсету және т. б. жағынан бөлектеу. Экономикалық бәсекелестік бағаға ғана негізделмеген, сонымен бipre ол бағалық емес бәсекеге де қатысты. Көптеген фирмалар сауда белгілері мен фабрика таңбаларына көңіл кояды. Caлaғa ену жеңіл, тосқауылдар аз.

Олигополия - бірнеше ipi фирмалар белгілі бip тауарлар мен игі қызметтердің рыноктарын бақылайды. Олигополизмге тән белгілер: 1) Салада салыстырмалы түрде аздаған фирмалар үстемдік етеді. 2) Өнім стандарттанған, тіпті бөлшектенген болуы мүмкін. Олигополияда қосылысуға құштарлық күшті болады, ceбeбi екі немесе одан да көп бәсекелес фирмалардың бipiryлep олардың нарықтық үлестерін айтарлықтай ұлғайтып, ipi сатып алушылар мен өнім жеткізушілерге басымдылық береді. Бұл сұрақты қарастырғанда жалпы түрде олигополистік бәсеке нарығының мына модельдеріне көңіл аудару керек: картель моделі, бағадағы жетекшілік моделі, Курноның дуаполия моделі.

 

Қорытынды

Дәрісті қорытындыласақ, бәсекенің маңыздылығы түсіндірілді. Нарықтың негізгі категориялары және заңдары, бәсеке түрлеріне сипаттамалар дәріс кезінде мысалдармен талдау жасалды. Монополия ұғымы қарастырылды және оның нарықтағы орыны ашып түсіндірілді.