Мәселелік дәріс. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

Дәрістің мақсаты:ұлттық экономиканың маңыздылығын оқытушымен байланыста бола отырып, оның шешу жолдарын зерттеп, макроэкономикалық көрсеткіштермен танысу.

1. Ұлттық экономикалық жүйе

2. Макроэкономикалық көрсеткіштер. ҰЕЖ, ЖҰӨ, ЖІӨ, ҰЕШ

3. ЖҰӨ-ді есептеп шығарудың әдістері

 

Негізгі ұғымдар:макроэкономика, ЖҰӨ, ЖІӨ, ұлттық есеп шот жүйесі, т.б.

Макроэкономикада талдау үрдісі экономиканы толығынан қамтиды, яғни жалпы экономикалық үрдістердің ауқымын қарастырады (жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, жалпы шығын және тағы басқа). Макроэкономика әртүрлі елдерге және әрқилы кезеңдерге байланысты жалпы табыс, баға, жүмыссыздық және тағы басқа экономикалық көрсеткіштерді қолданады, оларды түсіндірерліктей жалпы теориялық жол табуды қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар оның зерттеу мақсаттары экономикалық құбылыстарды түсіндіру ғана емес, сондай-ақ экономика саясатын қалыптастыру, жетілдіру болып табылады. Тұтас экономикада болып жататын макроэкономика зерттейтін құбылыстар мен үрдістер, сайып келгенде, көптеген ҮШ-ы мен фирмалардың, өзара қарым-қатынастарынан жинақталынады. Макро - микро - экономика өзара ажырамастай байланысты болады. Мәселен, тұтас тұтынушылық факторын білу үшін отбасының бүгін қанша ақша жұмсап, келер күнге қанша қалдыру керек деген шешімдерін талдау қажет. Инвестицияның жалпы көлемін анықтайтын факторларды табу үшін фирмалардың жаңа кәсіпорындар салу туралы шешімдері жөніндегі құжаттарын алу керек. Макроэкономикалық көрсеткіштер жекелеген тұлғалар немесе кәсіпорындардың шешімдері нәтижесінде жинақталатын өзгермелі мағлұмат болғандықтан макроэкономика негіздері микродеңгейде қаланады.

Макроэкономикалық үлгілердің сыртында микроэкономикалық деңгейде қабылданған шешімдер ұдайы тұрғандарымен, оның көптеген үлгілерінде фирмалар мен ҮШ-ның көзқарастары байқалады. Ол шешімдер олардың мінез-құлықтарына да байланысты болып, кейде айқындығы жоқ тұспалмен беріледі. Астық рыногындагы үлгі осыған мысал бола алады. Астыққа деген сүраныстың негізінде ҮШ-ның қанша астық сатып алу керек деген шешімі жатса, нақтылы қажеттілік наубайхана өндірісінің қуаттылығымен анықталынады. Бүған ҮШ–ы аса тиімділік түрғысынан шешім қабылдаса, наубайхана бұл іске таза пайда тұрғысынан келеді. Сүйте тұра микроэкономикалық шешімдер іс үлгісіне (моделге) қатыспай, олар оның дұрыс шешім табуға мүмкіндік туғызып тұрады. Дәл осылайша фирмалар мен ҮШ-ы ең жақсы шешімдер де бұлдыраңқы түрде көрініс береді және ол барша макроэкономикада да солай болады.

ҰЕЖ. Жиынтық өндірісті анықтау мақсатында жасалынған ұлттық есепшоттарды құру кезіндегі пайдаланылатын ұғымдар кешенін сипаттау және талдау бұл тақырыптың басты сұрақтарының бірі болып табылады. Бұл не үшін керек? Бұл жеке кәсіпорындарға арналған бухгалтерлік есеп, немесе басқа жағдайда, үй шаруашылығы үшін жүргізілетін есеп секілді қоғамдық есеп жүргізудің экономика үшін дәл сол функцияларды орындайтындығын көрсетуге қажет. Бухгалтерлік баланс жөніндегі барлық ақпарат кәсіпорын деңгейінде дұрыс басқару шешімін қабылдау үшін аса маңызды.

ҰЕЖ – есеп шоттардың жиынтығы және теңгерімдік кесте түрінде құрылады. Белгілі бір кесікті уақыт ішіндегі ұлттық табыстардың деңгейлерін салыстыра келе, біз ұзақ мерзімді келешектегі экономиканың жұмыс істеуін сипаттайтын қисық сызықты құрастыра аламыз: оның өрлеу немесе құлдырауы ұлттық табыстың көрсеткішіне әсер ете алады.

ҰЕЖ мақсаттары:

1. Еліміздің экономикалық қызметтерінің қорытындыларына шолу;

2. Болып жатқан құрылымдық өзгерістерге шолу;

3. Макроэкономика субъектілерінің арасындағы өзара байланыс жүйелеріне шолу;

4. Барлық осы параметрлерді білу ықтималды экономикалық саясатты жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық статистикалық салыстыруды жүзеге асыруға қажетті.

ҰЕЖ теориялық негіздері:

- материалдық өндіріс өрісінің және жалпы өнім жасаудағы қызмет өрісінің тең мәнділігі;

- нарықтық экономикадағы барлық халық шаруашылығы кешеніне мемлекеттік тікелей басқарудың жоқтығы;

- нарықтық экономиканың шаруашылық субъектілерінің төтелей нақтылы өзара байланысына негіздеу;

- нарықтық экономиканы өзін-өзі реттеу механизмінің болуы;

- ең алдымен, нарықтық инфрақұрылымды қамтамасыз ету саласында және жалпы «нарықтық жағдайларды» жасауда мемлекеттік реттеу қызметін сақтау.

Қазақстан ҰЕЖ-не өтуді 1996-1999 ж.ж. жүзеге асырды. ҰЕЖ- де басты назар елдің экономикалық қызметінің (табыс немесе шығын) нәтижелеріне аударылады. Демек ҰЕЖ қоғамның экономикалық денсаулығының кестесін және оның айығуына ықпал ететін дұрыс саясатты жасауға мүмкіндік тудырады.

ІЖӨ -ең маңызды экономикалық индикаторларының бірі болып табылады.ІЖӨбелгілі бір кезеңде мемлекет аумағында өндірілген ақырғы тауарлар мен қызметтердің барлық сомасын есептеп шығарады, оның ішінде шетелдік компаниялардікін де, бірақ оған елден тысқары жерлерде өндірілген тауар мен қызметтер, тіпті, пайдаланылған ресурстар сол елдің азаматтары немесе компанияларына жатса дағы есепке алынбайды.

Алайда ІЖӨ-ні есептеген кезде мыналарға көңіл салу керек. 1).ІЖӨ- нің ақшалай өлшеуіжылдық өндірістің нарықтық құнын өлшейді. ІЖӨақшалай көрсеткіш болып табылады. Кез келген елде тауарлар мен қызметтердің миллиондаған атаулары шығарылады, ал ел өз экономикасының жағдайын талдауы үшінІЖӨ көлемін жылдар бойынша салғастыру қажет; 2). Қос есепшотты болдырмау. ІЖӨ-ге тек ақырғы өнімдер ғана есептелуі мүмкін. ІЖӨ- ол экономикамен жыл ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны. Бір өнімді екі дүркін және одан да көп рет санау арқылы ІЖӨ-ні артық көбейтіп жібермес үшін, назарға тек ақырғы өнім ғана алынады. Оны төмендегі мысалдан көруге болады.

Кесте 2 - Бес сатылы өндіріс үрдісі барысында қосылған құн

Өндіріс сатылары Материалдардың немесе өнімдердің сатылу бағасы Қосылған құн
1. Қой фермасы 0/600 600=(600-0)
2. Жүн өндейтін кәсіпорын =1000 400=(1000-600)
3. Костюмдер шығарушы =1250 250 =(1250-1000)
4. Киімдерді көтере сатушылар =1750 500=(1750-1250)
5.Киімдерді бөлшектеп сатушылар =2500 750=(2500-1750)
Сатудың жалпы құны -
Қосылған құн -

Сонымен, қосылған құн дегеніміз- фирманың рыноктан сатып алып, өнім жасауға пайдаланған шикізаттары мен материалдарын шегеріп тастағандағы фирма өндірген өнімдер көлемінің нарықтық бағасы.

Фирманың өнім үшін төлеген ақысы мен оны сатудан тапқан табысының айырмасы әрбір сатыда жалақы, рента төлемі, өндіріс және костюмді тігу процесінде осы фирманың пайдаланатын ресурстары үшін пайыз бен пайда түрінде төленеді. ІЖӨ-ге костюмді тігу мен оның сатылуы қанша жаңа құн қосты? Қосылған құн 7100 теңге емес, 2500 теңге, өйткені назарға тек соңғы (ақырғы) өнімнің құны алынады. Қосылған құнға төленетін салықтың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру үшін мұны білу қажет.

1.Өндіруге жатпайтын мәмлелерді шығарып тастау:қаржылық мәмлелер; мемлекеттік трансферт төлемдері: әлеуметтік сақтандыру төлемдері; әлеуметтік төлемдер және ардагерлерге, кембағыларға және тағы басқаларға зейнетақылар. Осы төлемдерді алушылар оған жауап ретінде өндірістің ағымдық ауқымын жасауға ешқандай да үлес қоспайды. Жеке трансферт төлемдері деген болады, мысалы, ЕҰУ-нің студенттерінің үйлерінен ай сайын алатын жәрдем ақшалары, әлде бай туысқандарынан алған әртүрлі сыйлар. Бұл өндіріс нәтижесі емес, жекеменшік бір адамның екінші бір адамға қаржы беру актісі. Құнды қағаздар мен мәмілелер, яғни акциялар мен облигацияларды сатып алу-сату. ІЖӨ-ге тұтынылған заттарды сату да кірмейді. Олар ағымдық өндіріске қамтылмайды, онда екі рет есептелініп кетер еді. Мысалы, сіз өз үйіңізді сатасыз, бірақ оның құны ІЖӨ-ге кірмейді, себебі сіз ол үйді алған жылы оның құны ІЖӨ-ге кірген болатын.

Шын мәнінде бұл жай теңгеру емес, бұл - тепе-теңдік. Сатып алу, яғни ақша шығару және сату, яғни ақша алу, түптеп келгенде, бір мәміленің екі жағы тәрізді. Өнім өндіруге не шықты, ол – сол өнімді өндіруге және оны рынокта таратуға өзінің адами және материалдық ресурстарын жұмсаған адамдардың табыстары болып табылады.

Осы тепе-теңдік жалпы экономика үшін де дұрыс. Оның мазмұны қысқа түрде бізге мынаны білдіреді: экономикадағы өндірілген барша ақырғы өнім ел ішіндегі үш түрлі шаруашылық секторымен: үй шаруашылықтарымен, мемлекетпен және бизнес немесе шетелдік тұтынушылармен сатылып алынады. Сонымен бірге, сипаттамасына біз кейінірек тоқталатын, табыс төлеміне байланысты емес, қаражаттарды бөлудің бір-екі түрлерін қоспағанда, өндірістің барлық көлемін сатудан бизнес алатын жалпы ақша түсімінің әртүрлі ресурстарды жеткізушілер арасында жалақылар, ренталық төлемдер, пайдалар түрінде бөлінетіндігін көрсетеді. Осынау қысқаша ескертуді қаперге ала отырып, бұдан ары қарай әртүрлі шығындардың түрлері мен олардан алынған табыстардың мағынасы мен мәнін біртіндеп қарау керек.

Сөйтін, шығындар жағынан ЖҰӨ-ді өлшеуді теңдеу түрінде көрсетуге болады:

ЖҮӨ = С+Jg+G+Хп, Мүңда:

С ~ жеке тутыну шығындары;

Jg — жалпы жеке ішкі инвестициялар;

Хп — таза экспорт:

G — тауарларды және қызметтерді мемлекеттің

сатып алуы.

ЖҰӨ-ді табыстар арқылы есептеу, шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу (еңбек ақысы, ренталық толем-дер, процепг, пайда) және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды.

Табыстардың ең ірі бабы жалдамалы жумыскерлердің еңбек ақысы.

Табыстардың осы категориясына жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың жалдамалы жүмыскерлерге төлейтін жалақысы, сонымен қатар жалақыға жасалатын көп қосымдар (кәсіпкерлердің әлеуметтік сақтандыруға, жеке әлеуметтік қамту қорларына, медициналық қызмет көрсетушілерге жасайтын жарналары) жатады.

ЖҰӨ-нің табыс арқылы қорытынды есептерінің түрі мынадай болады:

ЖҰӨ = Z+R+К+Р+А+Nb.

ҰЕЖ-де ЖҰӨ ағымдығы нарықтық бағамен есептеледі. Сондықтан ол өндірістің жылдық сомалық көлемінің номиналдық шамасын бағалайды. ЖҰӨ-нің номиналдық көлеміне инфляцияның әсерін өлшеу үшін тауарлар мен қызметтердің орта баға дәрежесіндегі өзгерістерін сан жағынан бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштің болуы қажет. Осындай керсеткіш ЖҰӨ-нің дефляторы деп аталады.

Дефлятор тұтынуға немесе инвестициялануға тағайындалған өнімдер мен қызметтердің өте көбінің бағаларындағы өзгерістерді есепке алады. Сөйтіп, ол тұтынулық бағалардағы өзгерістердің иңдексімен (бұны әдетте, сатып алушылар есепке алып отырады) бірдей болмайды.

Номиналдық ЖҰӨ және оның дефляторының көлемі туралы мәліметтердің негізінде өндірістің физикалық көлемін сипаттайтын нақты ЖҰӨ есептеледі:

Нақты ЖҰӨ =Номиналдық ЖҰӨ / ЖҰӨ дефляторы(бағалар индексі)

Ағымдағы өндіріс көлемінің базистік жылмен салыстырғанда өсу қарқынын бағалауда нақты ЖҰӨнің көлемін анықтаудың маңызы өте жоғары болады.

Қорытынды

Ұлттық экономиканың маңыздылығы дәріс барысында ашып көрсетілді. Макроэкономикалық көрсеткіштерге тоқталып, оның мәні, сипаты дәрісте ашып көрсетілді. Ұлттық экономикалық жүйе ретінде қалыптасуымен макроэкономикалық келесідей көрсеткіштер: ҰЕЖ, ЖҰӨ, ЖІӨ, ҰЕШ талданып қарастырылды. ЖҰӨ-ді есептеп шығарудың әдістеріне сипаттамалар берілді.