Аналитикалық дәріс. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық және инфляция.

Дәрістің мақсаты: Экономикалық циклдың фазаларымен танысып, инфляция және жұмыссыздық категорияларына талдау жасау.

1. Экономикалық цикл, фазалары

2. Инфляция, түрлері, себептері

3. Жұмыссыздық: мәні, себептері. Оукен заңы

 

Негізгі ұғымдар:дағдарыс, оқырау, жандану, өрлеу, инфляция, жұмыссыздық, т.б.

Экономиканың циклдық теориясы оның өсу теориясы сияқты экономиканың динамикалық теориясының маңызды бөлігіне жатады. Бұл теориялар арқылы экономикалық жүйенің дамуы, қозғалысы түсіндіріледі. Макроэкономикалық тепе-теңдік келісімділікпен өзара байланыстылығы, экономикалық құбылысының тепе-теңдігіне осы келісімділіктің оқтын-оқтын бұзылынуының қайталануы арқылы қол жетеді. Макроэкономикалық үрдістер өлшенетін және бағаланатын экономикалық индикаторлар үшін ұдайы тұрақсыздық олардың өсулері мен құлдырауларының оқтын-оқтын ауысулары және керісінше болулары оларға тән сипат. Бұл өзгерістер экономикалық циклдарды - жұмысбастылықтың, өндірістің және инфляция деңгейлерінің оқтын-оқтын тұрақсыздығын сипаттайды. Көрсеткіштер динамикасы экономикалық конъюнктураны көрсететіндіктен, циклдар теориясын кейде конъюнктура теориясы деп те атайды.

Циклдар бір құлдыраудың (дағдарыс) басынын екінші құлдырау басына дейінгі кақыт интервалын анықтайды. Цикл графика түрінде 5-ші суретте берілген. Циклдың классикалық нұсқасында бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып отыратын 4 кезеңді бөлуге болады: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу. Қазіргі замандағы жағдайларда циклдар өздеріне экономиканың мемлекеттік реттеушілік ықпалын бастан кешіп отыр және классикалық нұқсадан сипаты мен ұзақтығы жағынан айрықшаланады. 5-ші суретте екі кезеңді: құлдырау мен өрлеуді бөліп алатын қазіргі заманғы түсініктеме берілген. Сөйте тұра кез келген ағым ерекшелігінде (5-ші суретті қараңыз экономикалық циклдың конъюнктураның сатыларына тән өзіндік белгілерін айыруға болады.

Экономика ғылымында экономикалық циклдардың интегралды теориясы болмайды. Әртүрлі мектептердің экономистері циклділіктің әртүрлі себебтеріне көңіл қояды. Мысалы, циклділікті сыртқы факторларымен (экстерналды) байланыстыратын теориялар себебтерінің ішінен соғыс, төңкеріс, бағалы ресурстардың ірі кен орнын табуды, технологияны өзгертетін жаңалық ашуды және өнер табысын атап өтеді. Циклділіктің себебтерін экономика үшін ішкі мән-жайлардан деп білетін тұжырымаларды: негізгі капиталдың ұсталу мерзімі секілді, ақша массасының тұрақсыз мөлшері, инвестициялар, жинақтау, тұтыну, мемлекеттің экономикалық саясаттағы өзгерісі секілді факторлар бөліп шығады. Көптеген экономистер циклділіктің басты себебі - тұтас шығындардың тұрақсыздығы деп санайды.

 

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.