Оқу тәртібінің мінездемесі

5.1. Оқу тәртібінің бағыты: әртүрлі экономикалық жүйеде қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды, экономикалық көрсеткіштердің мәнін жүйелі түрде білуге, шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін-өзі реттеу тетігін білуге және т.б. үйренуге бағытталған.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерге қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының заңдылықтары мен эволюциясының теориялық аспектілерін түсіндіре отырып, шектеулі ресурстар жағдайында адамдардың іс-әрекеті мен оның қағидаларын, сол сияқты мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының іске асуына белсенді азаматтық көзқарасын білдіруге бағытталған.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

- экономикалық теорияның қалыптасуын және даму кезеңдерін білу;

- экономикалық теорияның әдістерін, заңдарын меңгеру;

- экономикалық қажеттіліктерді, экономикалық ресурстарды және олардың шектеулілігіне мән беру;

- меншіктің мәні және түрлерін оқу;

- нарықтың мәнін, бәсекенің түрлерін үйрене отырып, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізін білу;

- негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің есептеу әдістемесін үйреніп, мемлекеттің қаржы жүйесі мен қазына саясатына мән беру;

- экономикалық теорияның халықаралық аспектілерін тану.

5.4.Оқу тәртібінің мазмұны:әрбір студент осы курсты меңгергеннен соң, зияткерлік қабілетін дамыта отырып, жүйелі түрде өзінің ой-пікірін ел экономикасының дамуына жұмсау.