Тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері.

Тестілік тапсырмалар: дұрыс жауабын таңдаңыз.

1.Экономика деген ұғымды тұңғыш рет қолданған ежелгі заман оқымыстылары кім?

a) П.Самуэльсон, Д.Хикс

b) А.Смит, Д.Рикардо

c) Ксенофонт, Аристотель

d) Менгер, Бем-Баверк

2. Меркантилизм саясаты кімдердің мүддесін білдіреді?

a) Діни адамдардың

b) Ұсақ қол өнершілердің

c) Сауда буржуазиясының

d) Ірі жер иеленушілердің

3.Физиократтар мектебінің ірі өкілдері кім?

a) К.Маркс

b) Т.Мэн

c) К.Тюрго

d) Ф.Энгельс.

4.Индукция әдісінің мағынасы неде.

a) Нақты фактілерден теорияға жылжу.

b) Теориядан фактілерге жылжу.

c) Бірнеше құрамдас бөлімдерге құрастыру.

d) әрбір құрамдас бөліктерді бөлу қажет.

5. Қандай экономикалық проблемаларды зерттеу үшін қолданылады?

a) Индукция және дедукция.

b) Анализ және синтез.

c) Ғылими-абстракциялық және диалектикалық

d) Барлық жауады дұрыс.

6. Экономикалық теория нені зерттейді?

a) Адамдардың шаруашылық жөніндегі қатынастары.

b) Адамдардың өндірістік қызметі.

c) Қоғамдағы адамдардың материалдық игіліктер мен қызметтер

жөніндегі қатынастары.

d) Адамдардың тауарлардың арасындағы қатынастары.