Тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

Есептер:

1-есеп.Төмендегі мәліметтерді (млрд .долларды) пайдаланып есептеңіз.

1) ЖҰӨ; 2) ТҰӨ; 3) ҰТ.

 

Жалдамалы жұмысшылар жалақысы 194,2
Тауарлар мен қызыметтер экспорты 13,4
Амортизация 11,8
Мемелекеттік тауарлары мен қызыметтерді сатып алуы 59,4
Бизнеске жанама салықтар 12,2
Таза жеке ішкі инвестициялар 52,1
Трансферттік төлемдер 13,9
Тауарлар мен қызыметтер импорты 16,5
Табысқа салықтар 40,5
Жеке тұтыну шығындары 49,1

Тестілік тапсырмалар.

1.Жеке табыс бұл:

a) бір жылда өндірілген барлық тауарлар мен қызметтер жиынтығы.

b) үй шаруашылығының бір жылда тапқан табысы.

c) салықтарды төлегеннен кейінгі жекеқажеттіліктерге жұмсалатын қаржы.

d) ЖҰӨ-нен амартизацияны шегергенде табылады.

2.Өндіріс құрал-жабдықтарын пайдаланғанға жұмсалатын қаржы,бұл:

a) таза инвестиция.

b) жалпы инвестиция.

c) амортизация.

d) тұтыну тауарларын алуға болмайтын қаржы

3.Төмендегшілердің қайсысы ЖҰӨ құрамына кіреді:

a) үй шаруашылығындағы әйелдің қызметі.

b) көршіден сатып алған ескі машина

c) брокерден жаңа акциялар сатып алу

d) дүкеннен жаңа кітап сатып алу.

4.ТҰӨ қалай есептеледі?

a) ЖҰӨ-нен жанама салықтарды шегереміз.

b) ҰТ-*ға амортизацияны қосамыз.

c) ЖҰӨ-нен негізгі қордың ескіру құнын шегереміз.

d) ЖҰӨ-нен инвестицияны шегереміз.

5.Жалпы инвестиция:

a) табыс бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде ескеріледі.

b) шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде ескеріледі.

c) ТҰӨ-ді шығындар бойынша есептегенде ескеріледі.

d) ҰТ-ты есептегенде ескеріледі.