Сурет.- Бюджет желісі және

немқұрайдылықтың қисығы

 

С сызығы бұл немқұрайдылықтың қисығы. Сызық АВ- бюджеттік сызық. Тұтынушы өзінің қажетін ең жоғары дәрежеде қанағаттандыруға ұмтылып, тұтынушының тепе- теңдік жағдайына түседі (бюджет желісі мен немқұрайдылық қисығының жанасу нүктесі). Экономикалық әдебиетте шектеулі пайдалылықтың және тұтынушы пайдалылығының жоғарылығын кардиналистік және ординалистік пайымдау кездеседі.

Бәсеке мәні. Еркін бәсеке

Бәсеке- өнім өндіру мен өткізудің экономикалық жағынан неғурлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы жарыс.

Бәсекенің түрлері: 1. Жүргізу әдісіне қарай (бағалық- бағаны төмендету арқылы, бағасыз бәсеке- сапасы, жарнама, сервис көрсету арқылы); 2. Ниет тәсілдері бойынша (адал және ниетсіз бәсеке).

Бәсекенің формалары: жетілген және жетілмеген (монополистік бәсеке, олигополия, монополия).

Нарыққа кіру мен шығудың біршама оңайлығы

Монополияға кіру кедергілері: лицензия нарықта белгілі бір ерекше іс- әрекетпен айналысу үшін фирмаға берілген құқық, тауар белгісі фирманың тауарын немесе қызметін тануға қойылған ерекше белгі, авторлық құқық- әдеби ғылыми туындылар авторын анықтайтын және оларды сатуға, лицензия пайдалануға берілетін ерекше құқық. Патент өнертапқышқа ерекше авторлық құқығын куәландыратын құжат немесе саудамен, кәсіпшілікпен шұғылдану құқығын беретін құжат.