Баға индексі

 

Номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасын жалпы ұлттық өнімнің дефляторы деп атайды.

Номиналды ЖҰӨ

ЖҰӨ дефляторы = ——————————

Нақты ЖҰӨ

Тауар мен қызмет көрсетудегі орташа баға пайызының өзгеруін баға индексідейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.

ЖҰӨ дефляторымен қатар тұтыну бағаларының индексі есептеледі, яғни тұтыну қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш анықталады:

∑ Ра •Qқ

Тұтыну бағаларының индексі = —————— ,

∑ Рб •Qқ

Мұнда Ра , Рб – ағымдағы және базистік жылдың бағалары.

Qқ – тұтыну қоржынына кіретін тауарлар саны.

ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну тауарлар бағасының индексі арасындағы айырмашылық:

1. ЖҰӨ дефляторына мемлекетте өндірілген барлық тауарлардың бағалары кіреді.

2. ЖҰӨ дефляторына осы елдің капиталы арқылы сыртта және ел шеңберінде өндірілген өнімнің көлемі кіреді.

3. Тұтыну баға идексінің есебіне тек қана тауарлар мен қызметтердің белгіленген (шектелген) көлемі кіреді.

Халықаралық статистикада ЖҰӨ-ді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады.

Екі тәсіл де бірдей болып бағаланады:

1. Шығындар бойынша: ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұнда: С- үй шауашылығының тауарлар, қызметтерге кеткен шығындары; G– мемлекеттің сатып алуы, І – жалпы инвестициялар, Х – таза экспорт, экспорт пен импорт айырмашылығы.

2.Табыстар бойынша: ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы, R – ренталық төлемдер,

I – жинақ капиталының пайызы (%), P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.

Егер де мемлекеттің ЖІӨ>ЖҰӨ-нен артық болса, онда осы ел шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.

 

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) = ЖҰӨ - А, мұнда А – амортизация.  
Ұлттық табыс (ҰТ) = ТҰӨ - жанама салықтар, немесе ҰТ= жалақы + пайда+ капитал %+ жер рентасы  
Жеке табыс (ЖТ) = табыстар + трансферттік төлемдер  
Қолдағы табыс (ҚТ) = ЖТ – салықтар мен төлемдер.

Бағаның жалпы деңгейі- бұл келесі көрсеткіштердің көмегімен өлшенетін, тауар мен қызметтің көптеген топтары бойынша олардың орташа деңгейі:

1. Ағымдағы жыл бағасының индексі пайызда көрсетілген базалық жылдың бағасына ағымдағы жылдың бағасының қатынастары болып табылады.

2. Инфляция деңгейі деп өткен жылмен ағымдағы жылдағы бағаның әртүрлілігінің, пайызда көрсетілген өткен кезеңдегі бағаға қатынастары айтылады.

3. ЖҰӨ–нің дефляторы.

Жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіштері: жұмыс күші; жұмыссыздықтың мөлшері.

Экономиканың дамуын ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. ҰШЖ мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді сипаттайтын үш негізгі топтарға бөлуге болады: өндірістің ұлттық көлемі, бағаның жалпы деңгейі, жұмыспен қамтылу.

ҰШЖ-сін жақсы түсіну үшін нарықтық шаруашылық (агенттердің номенклатурасы) субъектілерінің жіктелімін және нарықтық экономиканың субъектілерінің арасындағы нарықтық операциялардың (операциялар номенклатурасын) жіктелімін жақсы білу қажет.

Шаруашылық агенттерін жіктелімдеу:

1. Қаржылық емес кәсіпорындар немесе өндірістік фирмалар.

2. Үй шаруашылығы.

3. Мемлекеттік әкімшілік мекемелер.

4. Қаржылық мекемелер және ұйымдар.

5. Шегарадан тыс (осы елдің шегарадан тыс шаруашылық агенттері).

Нарық шаруашылығындағы операциялар ауыстыру, құру немесе ігілікті бұзу, қызмет және құқық деп аталады. Операциялар номенклатурасы үш үлкен топқа бөлінеді:

1. Тауар және қызметтермен операциялар;

2. Бөлу операциялары;

3. Қаржылық операциялар.

ҰШЖ екі деңгейді көрсетеді:

1. Жинақты шоттар (ЖІӨ, ҰТ);

2. Егжей тегжейленген шоттар (салааралық байланыстарды, табыс қозғалыстарын, оларды бөлу мен соңғы тұтынуын көрсетеді).

Қазақстанның Ұлттық шотының жүйесі қазіргі уақытта өзіне мына шоттарды қосады:


Ø тауар мен қызметтер шоты;

Ø өндіріс шоты;

Ø табыстың пайда болу шоты;

Ø алғашқы табыстарды бөлу шоты;

Ø табыстарды екінші бөлу шоты;

Ø табыстарды пайдалану шоты;

Ø капиталмен


Ø операциялар шоты.

Макроэкономикалық тепе-теңдік – бұл жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

Р АS Е Ре АD Qе Q 1. Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады: - өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады; - өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі. 2. Егер АД<АS, бұл жағдайда: - өндірісті қысқарту қажет болады; - өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды. Мұнда, Р – бағаның жалпы дәрежесі, Q – тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.

8.2сурет.- Макроэкономикалық тепе-теңдік.

 

Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі.

 

Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызық өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АD2 - өсуі) немесе солға (АD1 - азаюы) жылжуына әкеледі.

8.3. сурет.- Жиынтық сұраныстың қисығы.