Экономикалық өсудің факторлары

 

Тікелей факторлар: Жанама факторлар:
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі. - Негізгі капиталдың саны мен сапасының өсуі - Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі - Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы. - Қоғамдағы іскерлік қабілеттің өсуі. - Сұраныс факторлары - өсіп жатқан өндіріс көлемін өткізу мүмкіншілігі, тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі. - Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, пайда салығының, ресурстар бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі. - Бөлініс факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

 

Экономикалық өсу үлгілері жоғарыдағы аталған факторларға тәулігіне байланысты. Экономикалық әдебиетте әртүрлі үлгілерді ұсынды. Олар: Ч.Коббо-П. Дуглас үлгісі, Р.Солоу үлгісі, А.Тинберген үлгісі, Рой Ф.Хоррод –Е. Домар үлгісі. Жоғарыда келтірілген экономикалық өсу үлгілерін екі топқа бөлуге болады: көпфакторлы және қосфакторлыүлгі.

Көпфакторлы үлгіде экономикалық өсуге барлық жоғарыдағы аталған факторлар әсер етеді, сондықтан, өзара іс-әрекеттері өндіріс мүмкіншілігінің қисығын береді. Факторлардың тіркестігі өндірілдген өнім варианттарының санына әсер ететінін көрсетеді. Ұсыныс факторларының қай-қайсысының әсерінің күшеюі өндіріс мүмкіншілігінің оң жаққа ығыстырады.

Қосфакторлыүлгі тек еңбек пен капиталдың өсуге тигізетін әсерін қарастырады. Американ экономисті Денисонның болжамы бойынша өнім өсімінің 2/3 бөлігі еңбек (капитал) өнімділігінің артуының нәтижесінде, ал 1/3 бөлігі еңбек шығынының өсуінің есебінен алынады екен.

Қос факторлы үлгінің екі варианты бар: бірінші варианты бар: бірінші вариантына ғылыми-техникалық прогресстің (ҒТП) әсері есептелінеді.

Егер ҒТП қатыспағанда капиталдың тұрақты қорлануы түпкі өнімділікті төмендетуге, сонымен экономикалық өсуді бәсеңдетуге соқтырады. Ал егер ҒТП қолданған жағдайда капитал мен еңбек өнімді болады. Себебі ҒТП инвестицияны өсіреді. Инвестиция экономикалық өсуге әр түрлі әсерін тигізеді. Бірінші жағдайда еңбек шығыны үнемдеуге және капиталдың көбеюіне әкеледі, бұл жағдайды – еңбексақтағыш атайды. Екінші – инвестиция капитал ұсынымын еңбекке қарағанда көп қысқартады, оны капиталсақтағыш деп атайды. Үшіншіден – еңбек пен капиталды теңдей үнемдеу инвестициясын – бейтарап (қалыс) деп атайды.

Жалпы алғанда экономикалық өсуді ынталандыру саясатының тиімділігін арттыруда төмендегі принциптерге сай нақты баға беру қажет. Жоғары қарқынға (темп) өндірісінің жоғары деңгейі тән, бұл жағдай тек өтпенлі кезеңге қажет. Экономика қалыпты жұмыс тәртібінде істеп жатқан кезде өсудің жоғары қарқынын сақтап қалуды мақсат ету керек. Бұл кезеңдегі экономикалық саясаттың мақсаты бірқалыпты, орташа қарқынды ұстап отыруға, қарқынды тұрақтандыруға бағытталуы керек. Осы мақсатқа жету үшін оның тәсілдерін ауыстыру экономикалық өсуде сыртқы факторлардың белсенділігін артырудан ішкі факторларға (жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс) ауыстыру қажет. Осыған сәйкес жоғарыдағы мақсатқа жетудің негізгі құралдары ретінде ынталандырушы несие және бюджет – салық саясаттарын пайдалану, жұмысбастылық деңгейіне әсер ету, қор жинау мен инвестицияның арасындағы тепе-теңдікті қолдау қажет.

Мемлекет пен экономикалық өсу.

Тек теорияны мойындап өсу барынша қанағаттандыра алады деп айтуға болмайды, мемлекет өзінің үкімет арқылы барлық өсу факторларын толығымен іске асыруға себепші болуға бірқатар іс-шараларды қолданады.

Негізгілердің бірі ретінде инвестиция қалады. Себебі, капиталдың қорлануы ағымдағы тұтынудан, қор жинаусыз, бас тартпайынша мүмкін емес. Сондықтан үкіметтің алдындағы басты мақсат, ол, қажетті қор жинауды қамтамасыз ететін саясатты (салық салу) дайындау және оны іске асыру болып табылады.

Белгілі жәй капиталдың өсуі экономиканың жеке секторларында да, қоғамдық секторда да жүріп жатады. Сондықтан, бірінші жағынан қоғамдық сектордағы жобалардың (жол, аурухана) инвесторы ретінде үкімет өзі болады, сонымен қатар, шығындардың көп бөлігін білім беру және кадырларды қайта дайындауды үкімет өзіне алады.

Екінші жағынан бұл жағдай жеке инвесторларды ығыстырмауы керек. Бұл кезде әр бір варианттың тиімділігін ескере отырып, шешім қабылдау қажет. Жеке инвестицияларды көбейтуге болады, егер үкімет инвестицияға жағдай жасап, тұрақтылығын қамтамасыз етсе және оның өсуін жасанды әрекетермен тежемесе. Осындай жағдай жасамаса жеке инвестициялар барлық ғылыми-техникалық жаңалықтар өнер тапқыштық нақты игіліктерді өндіруде көрніс табады.

 

ҚР-ның жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономиканың ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету.

ТАҚЫРЫП 12. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЕР. ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ.

Нарықтық экономиканың циклды дамуы

Экономикалық цикл және оның фазалары

 

Нарықтық экономиканың циклды дамуы

Техникалық прогресс пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі.

Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

 

10.1. сурет.-. Экономикалық цикл.