МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

 

Қаржы жүйесінің құрылымы мен мәні

Қаржы қызметі

Мемлекеттік бюджет

Қаржы саясаты

 

Қаржы - белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына, яғни қаржы жүйесіне:

- мемлекеттік қаржы,

- шаруашылық жүйесінің қаржысы,

- кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.

Мемлекеттің қаржысы - ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны– компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация бірлестіктердің ақшалай қаржысы құрайды.

Кәсіпорынның қаржысын– меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденді, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Сонымен, қаржы– қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

3. Ылталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып мемлекеттік бюджет табылады.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджет табысы мен шығын құрылымы және нарықтық экономикада біздің елдің мемлекеттік бюджеті жеке баптар бойынша ара салмағы төмендегідей:

 

Табыстар Жеке баптар % Шығындар Жеке баптар %
Салық, акциз, баж салығы 75-80 Халық шаруашылығы 30-40
Салықтық түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар) 5-8 Әлеуметтік шығындар (денсаулық сақтау, білім, жергілікті органдарға субсидия) 25-30
Мақсатты бағыттағы қорларға түсімдер: әлеу-меттік – медициналық қам-сыздандыру, зейнеткерлік қамсыздандыру жұмыссыздық қорынан 10-12 Қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары 20-10
Құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары 10-15
Мемлекеттік қарыз төлемі
Барлығы Барлығы

 

Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет тапшылығын жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн.

Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

- қаржыландырудан несие беруге көшеді;

- мемлекеттік заемдар;

- салық салу жүйесін қатайтады;

- мемлекетті басқару шығындарын қысқартады;

Бюджеттің табыс пен шығын айырмашылығын жабу үшін мемлекет қиылыстырылған вариантына көшеді. Яғни мемлекет Ұлттық банк несие қорының, тұрғындардың Халықтық банктегі салымының, сақтандыру қоғамдары қорының белгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттің ішкі қарызын құрайды.

Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызы да болады. Мемлекет қайтару мақсатымен сыртқы заемдар мүмкіндіктерін пайдаланады.

Сонымен, мемлекеттік қарыз – бұл өткен жылдардағы жалпы жиналған бюджет тапшылығының сомасы.